ТШО ұжымының. жалпы жиналысы. Сындарлы әңгіме ынтымақтастық негізі. Бұл номерде: НОВОСТИ ТШО 03 (177) 2012 TCO NEWS

Σχετικά έγγραφα
«Полиметалл» Қызыл жобасы Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары (ESAP) Талап етілетін жұмсалымдар /Ресурстар/ Жауапкершілік

Тақырыбы: Кері функция. Функцияның нүктедегі шегі. Шектің негізгі қасиеттері

Жарық жылдамдығын өлшеудің лабороториялық әдістері.

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Əбдірахманова Күнсая Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ФМБ НЗМ, 11-сынып. ҰБТ-ға дайындық үшін геометрия пəнінен тест тапсырмалары

Инерция моменті Инерция тензоры

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

МГД- ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЦИКЛДАРЫ

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЕРКІН ТҮСУІ

АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Теллурдың жаңа туындыларының синтезі және қасиеттері

ҒАЛЫМДАР және олардың Исламдағы орны

ЕЛБАСЫНА ЖАҢА ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Архаикалы м қ д ә ениет

Бүгін. н а. Ерт. jasqazaq.kz. on the web 48,43 5,28 МҰНАЙ: ІРКІЛІС ПЕН СЕРПІЛІС АҚТӨБЕДЕН АМЕРИКАҒА... JASQAZAQ. ҚЫРАНДЫ ҚОРЛАМАС БОЛАР

КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. Кинематика деп денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын физиканың бөлімі.

vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Б.Қ. Бұқарбаев, Ж.Ғ. Займолдина, Б.Б. Ораз, О.Ж. Ұлқабай ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Саудаға түскен

2 СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ жылғы ҚАЗАН

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Гиппократқа берген антың қайда?

СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН АВТОБУСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

СӨЗЖАСАМ, ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ ОЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

нарықтың дамыған инфрақұрылымның болуы; тұрақты салықтық-бюджеттік және кредитті-ақшалай жүйенің болуы. Еркін нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін

МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ

Металдар мен бейметалдар қасиеттері

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны 4 (арнайы шығарылым), 2009 ж.

Жарнама саясаты.өткізу және тарату саясаты. Орындаған:Канагат Акерке

Проблемаға негізделген оқуды енгізу арқылы оқушылардың өзіндік тиімділігін арттыру

Аннотация. Annotation

Семей қаласындағы Физика- математика бағытындағы. Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тема: 23-Көпжақтар. Олардың аудандары мен көлемдері Подтема: 01-Призма. Тік жəне көлбеу призмалар. Куб. Олардың бет аудандары мен көлемдері.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ ҚАҢТАР АҚПАН УХАНИ (02) ЖАҢҒЫРУ. Түркі әлеміндегі Мағжан жылы

5 ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕРДІҢ САНДЫҚ ӘДІСТЕРІ. 5.1 Интегралдарды жуықтап есептеу

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Тема: 12 Функциялар Подтема: 01-Функцияның анықтамасы. Функцияның анықталу жəне өзгеру облысы. у =

Орындаған: Саматқызы Гүлманат Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы 6 ОМ, 10 класс оқушысы

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

2 тур Логикалық есеп. 1 тур Бәйге. есеп. Ұтқырлар сайысы. 3 тур Сан қилы. 4 тур Сиқырлы сурет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті МАНАТ. 6D Математика (Қолданбалы математика)

Химия пәнінен интерактивті online сабағы

Жарық Интерференциясын зерттеу

МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ

SB300. Қолданушының нұсқасы. Шағын динамик. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Portable speaker SB500

Экологиялық философия.

ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет БАС МҰҒАЛІМ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ТҮСІНБЕЙТІН СИЯҚТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Электроэнергетика және физика кафедрасы. Г.Асанова

ӘОЖ ҰН ӨНІМДЕРІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ. Г. М. Қадырова магистрант, Т. А. Байбатыров т.ғ.к.

Тарих таңбаланған тасқа тіл бітсе, не дер еді?!

Тақырып: Жоғары молекулалы қосылыстар

Криптография. ОРЫНДАҒАН: Сабитов Аманбек ОИН-302 тобы.

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2100. Қолданушының нұсқасы

ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

І ТАРАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКА ПӘНІ МЕН ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

BT7900. Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Толқындардың интерференция құбылысы

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Депакин Хроносфера

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Серіков Т.Ғ-ның АҢДАТПА Тақырыптың өзектілігі.

МАЗМҰНЫ. 13 ерекше (жеке) жағдайда орналасуы 2.6 Түзудегі нүкте. Түзудің ізі Жалпы жағдайда орналасқан түзу кесіндісінің сызбада

! І С І MEGA ЖАРЫЛҚАУ ПАЙ САЙ ЕМЕС АНА БЕСІК ЖЫРЫН АЙТПАЙДЫ. on the web УСІН. Пол да? м йіз JASQAZAQ. Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 5В «Механика» 1. Математикалы талдау I

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» кеңес мүшелері: Орлов П.Е. Мадиярова Ə.Қ. Сарсенова Н.В. Сəрсенбаева А.И.

Тексерген: Рысжанова Айжан Сайлаухановна Орындаған: Оралғазин Бекнар Болатқазыұлы

ТУРИЗМНІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ


Пайдаланушы нұсқаулығы

Зерттеулер және статистика департаменті Экономикалық зерттеу Төлеуов Олжас

*Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдары

16 Шетел валюталарының ресми бағамдары 17 Қазақстан экономикасы қаржы секторының ағымдағы жай-күйі 25 Нормативтік құқықтық актілер

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ СҚО, Ғ.Мүсірепов. ауданы: Көпір. бұзылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

М. Холиқова, Ш. Эргашева ӘДЕПНАМА. Жалпы орта білім беретін мектептердің 3-сыныбына арналған оқулық. Түзетілген және толықтырылған үшiншi басылымы

ИМАМ ƏБУ ХАНИФА ӨСИЕТІ

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ НҰРЫ ТАСЫСЫН

ҚОСТАНАЙДАҒЫ КЕСЕНЕЛЕРГЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ: «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА

Математика талапкерге

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

МАЙ ЖӘНЕ СПРЕД ӨНДІРУДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР

7 Шетел валюталарының ресми бағамдары. 8 Қазақстан экономикасы қаржы секторының ағымдағы жай-күйі. 19 Нормативтік құқықтық актілер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті. Т.Т.

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны 2, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ А. Н.

АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕМЕХАНИКА ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

Сабақты ң тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонны ң екінші заңы. 9 А сыныбы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» пәні бойынша

БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖƏНЕ ДЕРЕКҚОР НЕГІЗДЕРІ

СӨЖ. Тақырыбы: Металлдар өндірісі

Михайлова Светлана Леонидовнаның

Transcript:

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басылымы Информационная газета ТОО «Тенгизшевройл» Tengizchevroil Newsletter НОВОСТИ ТШО 03 (177) 2012 TCO NEWS ТШО ұжымының Бұл номерде: жалпы жиналысы ТШО-ның бас директоры Тим Миллер ТШО-ның Атырау қаласындағы бас кеңсесі мен Теңіз кенішіндегі ТШО кентінде өткен ұжымның жалпы жиналыстарында кәсіпорынның 2011 жылғы жұмыстарының нәтижелерін қорытындылап, Теңіздік мұнайшылардың алдында тұрған 2012 жылғы міндеттер ауқымына тоқталды. Компания басшысы ТШО-ның мұнай өндіру деңгейінің қатарынан екі жыл бойына 25 миллион тоннадан астам болғанын, өндірістің бұл жоғары нәтижесі ұжымның өндірістің қауіпсіздігі мен мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау, өндірілген өнімді өткізу саласындағы жетістіктерімен, сондайақ, кәсіпорынның Қазақстан экономикасына қосқан үлесінің және серіктестіктің жалпы табысының артуымен астасып Сындарлы әңгіме ынтымақтастық негізі 2012 жылғы 21 ақпанда елордада ТШО басшылығының Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен жыл сайынғы дәстүрге айналған кездесуі болды. Оны әдеттегісінше ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі ұйымдастырды. Кездесуді ашқан бөлімнің бас менеджері Рзабек Артығалиев қатысушыларды күн тәртібінен хабардар етті және депутаттарға ТШОның бас директоры Тим Миллерді, бас директордың орынбасары Әнуарбек Жәкиевті, адам ресурстары басқармасы мен стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас менеджерлері Шолпан Алтыбаева мен Мұрат Мыңбаевты, үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары Линси Крейнді таныстырды. Өзінің таныстырылымдық баяндамасында Тим Миллер компанияның қауіпсіздік жатқанын атап өтті. «Теңізшевройл» өзінің «Игілік» ерікті әлеуметтік бағдарламасын табысты жүзеге асырып келеді және өз қызыметкерлерінің еңбек жағдайлары мен әлеуметтік мүмкіндіктерін жақсартуды ойдағыдай жалғастыруда. ТШО-ның бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы жетістіктері үшін «Парыз» конкурсының Бас Жүлдесін Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей өзінің тапсыруы техникасы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктері жайында айтты, халық қалаулыларының назарын ТШОның қауіпсіздік техникасы саласындағы көрсеткіштері әлемдік мұнай-газ саласында ең үздіктер қатарында саналатынына аударды. Сондай-ақ, ТШО-ның 2000 жылдан бері жаңа технологияларды қолдану арқылы қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 2,34 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы бөлгенін, соның нәтижесінде газдың алаулардағы тәуліктік жағылу көлемінің 94%-ға кемігенін атап айтты. Бас директор депутаттарды ТШОның Қазақстан экономикасына қосып отырған қомақты үлесі жайында, атап айтқанда: төлемдердің жалпы көлемінің өсімі, шетелдік қызыметкерлерді жергілікті мамандармен алмастыру және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді біздің таңдаған басымдықтарымыздың дұрыстығын айғақтайды және жетістіктерімізді одан әрі баянды етуге ынталандыратын жігерлендіруші тетік болып саналады. Кәсіпорынның құндылықтарына адалдықтары мен үздік жұмыс нәтижелері үшін ұжымға алғыс айтқан Тим Миллер 2012 жылдың ТШО тарихындағы бетбұрысты кезең болатынын атап айтты. Ұжым алдында өндірістік әлеуетті одан әрі арттыру және қызыметтің барлық бағыттары бойынша жаңа шептерге шығу міндеттері тұр. Екінші буын зауытына алғашқы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу оны модерлендіру кезеңі басталғанын айқындайды. Теңіз мұнай-газ кешенін жетілдіруге бағытталған бірнеше күрделі жобаларды жүзеге асыру одан әрі жалғасын табуда. Кенішті бұрғылау жұмыстары қайтадан қолға алынды. ТШО-ның болашақ дамуын айқындайтын келешегі зор ірі әрі кешенді техникалық жобалар кезекте тұр. Сондықтан да, деді Т. Миллер, 2012 жылды біздің бәріміз үшін болашаққа жол салатын жауапкершілігі аса зор жыл деп атауға болады. ТШО басшысы іскерлік әрі еркін жағдайда өткен жиналыстар барысында компания қызыметкерлері қойған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Г. ТРУХИН. пайдалану үлесінің елеулі артқаны жайынан да хабардар етті. Мысалы, компания құрылғаннан бергі Қазақстан Республикасына жалпы төлемдер 60,1 миллиард АҚШ доллары көлеміне жетті, соның 14,4 миллиард доллары 2011 жылдың үлесіне тиесілі, ал, 2010 жылы бұл көрсеткіш 9,6 миллиард АҚШ долларын құраған болатын. Қазіргі кезде қазақстандық мамандар компаниядағы бүкіл қызметкерлердің 86%-дан астамын, ал, жоғарғы және орта буын басшылардың 76%-ын құрайды. Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануда да оң нәтижелер бар. 18 жыл ішінде қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтеріне 11,3 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалды. Депутаттар, сондай-ақ, сақтау орындарындағы күкірттің жай-күйі туралы өздерін толғандырған сұрақтар жөнінде де мағлұматтар алды. Бұл бағытта да компания айтарлықтай нәтижелерге ие. 2011 жылы 3,8 миллион тонна күкірт өткізілді, бұл жыл бойына өндірілген күкіртің 169%- ына жуығын құрайды. Қазір сақтау орнында қалған күкірт мөлшері 3,9 миллион тоннаға дейін азайды, бұдан біраз бұрын мұнда 9 миллион тоннадан астам күкірт болған еді. (Соңы 2 бетте). Сындарлы әңгіме ынтымақтастық негізі 2 бет Жобалар бөлімі нәтижелерін сараптады Ұлыстың ұлы күнi 3 бет 4-5 беттер «Ариаднаның» жолы 6 бет Достар қашан да қасыңда 8 бет

2 3 (177) 2012 Сындарлы әңгіме ынтымақтастық негізі (Соңы. Басы 1-бетте). Тим Миллер сонымен бірге мұнай өндіру жабдықтарының сенімділігі артқаны, жалақы және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бағдарламалары, мердігерлермен жұмыс, келешек кеңейту жобасының мүмкіндіктері мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жайында да жанжақты әңгімеледі. Бас директор сондайақ, депутаттарға өткен жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының Бас сыйлығын ТШОға табыс еткенін айтты. Бұдан соң депутаттар ТШО басшылығына сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Әсіресе, компанияның алдағы қызметіне, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, қоршаған ортаны қорғау жайына және еңбек жағдайына ынта білдірді. Депутаттар атынан Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов сөйледі. Ол ТШО-ның Атырау облысының тұрғындары үшін әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға айрықша көңіл бөліп, Атырау облысы мен тұтастай Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосып келе жатқанын атап айтты. Шара соңында бас директор Тим Миллер кездесуге қатысқандары үшін депутаттарға алғыс айтып, алға қарай да ынтымақты байланыстың жалғасатынына сенім білдірді. Абылайхан МҰЖІБАЕВ. Зауыт жөндеуге дайындалуда Нысанбай Молдиев Биыл Екінші буын зауытында(ебж) алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Еске сала кетейік, ЕБЖ 2008 жылы іске қосылған болатын(шикі газды жерасты қабаттарына қайта айдау жүйесімен кешенді негізде). Бір жылдан кейін осынау әлемдегі ең ірі кешенді технологиялық желі жобалық қуатына шығып, Теңіздегі мұнай өндіру көлемін екі есе дерлік ұлғайтуға ықпал еткен. Бұдан кейінгі жылдары өндірістің осыншалықты жоғары деңгейі қалыпты ұсталды, бұл қолданылған жаңа техникалық шешімдердің жетістігі ғана емес, сонымен бірге зауыт ұжымының кәсіби шеберліктерінің де жарқын көрінісі іспетті. Міне, ЕБЖ-да мамандар тілімен айтқанда, күрделі жөндеу деп аталатын ауқымды техникалық шараларды жүргізу жөнінде шешім қабылданды. Күрделі жөндеудің кезі келді, деп іс барысын түсіндірді ЕБЖ-ны пайдалану менеджері Нысанбай Молдиев. Мұны кереғар түсінбеу керек: яғни, бізде әлденелер тозыпты немесе жарамсыз болып қалыпты, тағысын тағылары дегендей. Күрделі жөндеудің кешенді шаралары бірнеше мақсатты көздейді: төрт жыл бойғы пайдаланудан кейін технологиялық желілер мен тораптарға техникалық тексеру жүргізіледі, белгілі бір мерзімін өтеген жабдықтар ауыстырылады және өндірістік қуаттарды арттыру мақсатымен модификацияланады. Осы шаралардың бәрін есептей келіп біздер ЕБЖ-ның алғашқы күрделі жөнделуін тұтас кешенді кезеңімен реконструкциялау деп атаймыз. Қазір зауыт қызыметкерлері 1 тамызда басталатын жөндеу жұмыстарына дайындық жүргізуде. Жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының ауқымы айтарлықтай. Жұмыс бір айдан астам жүргізіледі. Құбырлардың бүкіл жалғау жасалынған жерлері мұқият тексеріледі, клапандар мен задвижкалар ауыстырылады. Реакторлардың ыдыстарын тексеру оларды тазалау және катализаторларды ауыстыру қажеттігін көрсетті. Қазіргі кездегі ЕБЖ-ның тәуліктік орташа өнімділігі номиналды деңгейде, деп көрсеткішті нақтылады супервайзер Рафаэль Абдолов. Жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының есебінен біз тәуліктік өнімнің деңгейін одан да жоғары көрсеткішке жеткізуді көздеп отырмыз. Нысанбай мен Рафаэль Теңіздің ардагерлері. Молдиев 1991 жылы сәуірде Теңіз газ өңдеу зауытын іске қосуға қатысқан, сол кезде ол кәсіпшілікте оператор болып істейтін. Рафаэль ТШО-ға 1994 жылы келді, Теңізге дейін ол аса қуатты қозғағыштардың тәжірибелі инженер-механигі болып істеген. Екеуі де өз мамандықтары бойынша жоғары деңгейдегі қызыметкерлер. Екеуі де өндірістің құзіретті, белделді басшылары болып өсті. Дегенмен, Екінші буын зауытында тамаша инженерлер көп-ақ. Әлбетте, Теңіз мұнай-газ кешенінің өзі кәсіби шеберліктің нағыз мектебі. Мысалы, Сәулет Құмарғалиевтің өндірістік өтілі тым қарапайым, оның зауытқа келгеніне «небәрі» он жыл. Үш жыл КТЖ-да оператор болып істеді, 2005 жылдан бастап Екінші буын жобасына ауысты. Ал, қазір жас маман 300-400-500 қондырғыларының күрделі жөндеу жұмыстарына үйлестіруші Сәулет Құмарғалиев үйлестіруші болып тағайындалды. Бұл қондырғылар ЕБЖ кешенінің инновациялық сегменттері, заманауи жаңа тұрпатты технологиялардың нақ өзі. Жас жігітке жүктелген жауапкершілік салмағы осындай! Әлбетте, зауыт басшылығының да оған артып отырған сенімдері де соншалықты жоғары. Күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына да төрт айдай уақыт бар. Реконструкция кезеңдерінің әр сәті мен деталдары бүге-шігесіне дейін ойластырылып, жоспарланған. Қазірдің өзінде болашақ жұмысқа тартылған жандардың бәрі де не, қайда, қашан деген сауалдарға берілер жауаптарды жақсы біледі. Қазірдің өзінде осынау көлемді де күрделі технологиялық операцияның ресурстары жинақталуда жөндеушілер командасы оқытылуда, жөндеу жұмыстарының бүкіл кезеңдері қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан мұқият екшелінуде, қажетті механизмдер мен техникалардың, жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің паркі құрамдалуда. Біз алдымызға ЕБЖның алғашқы күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз, аса жоғары сапамен және тура мерзімінде жүргізуді көздеген бір бірінен ажырамайтын үш мақсат қойып отырмыз, дейді Нысанбай Молдиев. Уәде еттік екен орындаймыз! Георгий ТРУХИН.

3 (177) 2012 3 Жобалар бөлімі нәтижелерін сараптады 11 наурызда ТШО-ның Ірі күрделі жобалар бөлімі өзінің Атыраудағы кеңсесінде жыл сайынғы дәстүрге айналған жалпы жиналысын өткізді, оған компанияның 200-дей жобасының, сондай-ақ, Жобаларды алдынала жобалау және Өндірістік нысандар құрылысы және жобалау топтарының өкілдері қатысты. Жиналысты өткізгендегі мақсат жоба басшылығының бүкіл қызыметкерлердің ақпараттануларын қамтамасыз ету, оларды жобаларды жоспарлау және орындау үдерістеріне барынша тарту, сондай-ақ, алға қойылған міндеттерге жетуге деген ынталарын арттыру ісіне қолдау көрсету болатын. Жиналыстың демократиялы түрде өткізілуі еркін пікір алмасуға ықпал етті, қажетті сұрақтар қойып, нақты жауаптар алуға, сондай-ақ, күрделі құрылыстың күні бүгінгі жүзеге асырылып жатқан және алдағы іске асырылар жобалары турлы мағлұматтар білуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге жобалары жасақталу үстіндегі және болашақ жоспарлар да қамтылған ТШО-ның бүкіл жобалары жайындағы кең көлемді ақпараттар да топтардың жетекшілері үшін айтарлықтай пайдалы болды, бұл олардың алдына жаңа перспективалар ашты, болашақ жобаларға ерте кезеңдерінен-ақ қосылуға, сондай-ақ, олардың күнделікті мәселелер мен қызыметкерлердің еңбек жағдайларын шешуге тигізетін әсерін есепке алуға мүмкіндіктер береді. Жиналысты ТШО Жобаларының бас менеджері Роки Брэннен қалыптасқан дәстүр бойынша ТШО үшін басымдықтардың ең маңыздысы болып саналатын өндірістегі қауіпсіздік жөніндегі тақырыппен ашты. Роки Брэннен өз сөзінде ТШО-ның Жобалар топтарының ұжымы жұмыста әрдайым үздік нәтижелерге жетуді мақсат тұтатынын және өздеріне тапсырылған істің бәрін де жоғары деңгейде орындауға деген ұмтылыстарының тұрақты екенін атап айтты. Осы орайда әрдайым есте ұстау керек жай, барлық істі тиісінше, өзінің ретімен ұйымдастыруға уақыт жеткілікті және оны жоғары нәтижелермен әрі қауіпсіз орындауға әбден болады, немесе күмәніңіз болса мүлдем атқармаңыз. Бөлім басшысы қатысушыларды тағы да ТШО-да «қауіпсіздіктің шұғыл телефон желісі» ұйымдастырылғанынан хабардар етті, әрбір қызыметкер ішкі 7777 номерін теріп, сол бойда-ақ қауіпқатерлер жайындағы соңғы ақпараттар мен ескертпелерді естиді, сонымен бірге осы орайда өздерінің не істеу керектігін, ауа райының қолайсыз жағдайында, қауіпті және төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігі жайында нұсқамалар ала алады. Жобалар басшылығы атынан ол бөлім қызыметкерлерінің жұмысты қауіпсіз атқару мерзімінің ұзақтығы жөнінен 2011 жылы қол жеткізген рекордты көрсеткішті әлі сәтті жалғастырып келе жатқанына разылық сезімін білдірді. Жобалар бөлімінің құрамындағы жекелеген топтардың көрсеткіштері жайында айта келіп, Роки Брэннен Өндірістік базаны кеңейту жобасының өткен 2011 жылғы жарақатсыз 4 млн. адам-сағат жұмыс атқарған рекордты көрсеткішін және күні бүгін 5 млн. адамсағаттан асып түскендерін атап өтті. Күкірт өңдеу қуаттарын кеңейту жобасы өткен жылы 3 млн. адам-сағат жарақатсыз жұмыс атқарғандарын тіркеді, бұл рекорд биыл жаңара түсуде. Мұндай нәтижеге 2011 жылы Теңіздегі Жаңа канализациялық-тазалау жүйесінің жобасында да қол жетті. Бұл ТШО ұжымының компания жетістігі әрбір қызыметкердің жеке қауіпсіздігімен және өндіріс қауіпсіздігімен бірге қарастырылған «ТШО-ның сара жолы» корпоративтік стратегиясының қағидаларын берік ұстанатындығының жарқын көрінісі. Жобалар басшысы «ТШО-ның сара жолында» баяндалған қағидаттан тағы да үзінді оқыды: «Біз негізгі өндірістік қорларды сақтау және қоршаған ортаны қорғау секілді келелі мәселелермен бірге қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайына да айрықша көңіл бөлеміз». Өткен 2011 жыл материалдық ресурстарды игеру және ұйымдастыру мүмкіндіктерінің әлеуетін пайдалану тұрғысынан қарағанда айтарлықтай табысты болды. Р. Брэннен қатысушылардың барлығын ТШО-ның бүкіл буындарымен өзара ісәрекетті жолға қоюдағы жұмыстарының үздік нәтижелерімен құттықтады және әріптестерге нәтижесі жұмыстың жоғары ырғағын қалыптастыруға және жылдық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал еткен ұжым арасындағы бір-біріне көрсеткен өзара көмектері үшін алғыс айтты. Осындай ортақ күш-жігер және тамаша іс-әрекет арқасында ТШО 2011 жылы «Алтын стандартқа» сай келетін көрсеткіштерге қол жеткізді. Әсіресе, Өндірістік нысандар құрылысы және жобалау тобының ТШО-ның «Алтын стандартқа» қол жеткізуіне қосқан жұмыстары атап өтілді. ТШО-ның Күрделі Жобаларының башысы сондай-ақ, Өндірістік базаны кеңейту, Жаңа канализациялық-тазалау жүйесі, Күкірт өңдеу қуаттарын кеңейту, Зауыттың өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін модерлендіру, Пайдаланылған суды тазалау бағдарламасы, Мұнай жөнелтудің мүмкіндіктерін кеңейту, Екінші буынды оңтайландыру, Ернеулік қысымды реттеу, Болашақ кеңейту және «Игілік» жобалары мен топтарының да 2011 жылғы жетістіктеріне тоқталды. ТШОдағылардың біразы «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан аудан орталығы Құлсарының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау жобасына қатысуға ерекше ынта танытты. Қала тұрғындарының таза ауыз суына деген ұзақ жылдардан бергі зәруліктері ақыры шешімін тапты. Құлсары қаласының тұрғындары үшін күрделі болған бұл ауыз суы мәселесінің оң шешімін табуы ТШОның серіктес акционерлердің, Қазақстан Республикасының, Атырау облысының және компания қызыметкерлерінің игілігі үшін жүзеге асырған игі істерінің жарқын көрінісі деуге болады. Роки Брэннен Күрделі Жобалар тобының алдында тұрған 2012 жылғы басты бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, Жаңа канализациялықтазалау жүйесі, Өндірістік базаны пайдалану және техникалық қамту учаскесі, Күкірт өңдеу қуаттарын кеңейту жобаларын мерзімдерінде аяқтап, пайдалануға тапсыру, Ернеу қысымын реттеу және Болашақ кеңейту жобаларын алдын ала жобалау кезеңіне көшіру, Екінші буынды оңтайландыру жобасындағы күрделі жөндеуді ойдағыдай өткізу міндеттері тұр, балалар бақшасының құрылысына қатысты шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, мұның бәрі, сөз жоқ, ТШО қызыметкерлерінің мақтанышына айналар еді. Бұдан басқа ТШО-ның алдында аймақтың әлеуметтік саласын дамытуға елеулі үлес қосу және Қазақстандағы ең қауіпсіз ірі кәсіпорын және әлемдік мұнай саласының көшбасшысы деген жоғары атақтарына сай өндірістегі қауіпсіздік жөніндегі жоғары көрсеткіштерін берік ұстау жөніндегі міндеттер де тұр. Күрделі жобаларға арналған ТШОның 2012 жылғы бюджеті 1,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде бекітілді. Бұл күрделі қаржы айтарлықтай сүбелі, оны біздің серіктестеріміз ТШО-ның бизнесін дамытуға жұмсайтын болады. Мұндай көлемдегі қаржының арқасында, сөз жоқ, күрделі құрылыс бағдарламасын бұлжытпай, ойдағыдай жүзеге асыру біз үшін соншалықты маңызды. Жобалар бөлімінің бас менеджері Роки Брэннен өз сөзін қорытындылай келіп, былай деді: «Мен жеке өзім және біздің үлкен де ынтымағы жарасқан Күрделі жобалар командасының мүшелері осынау міндеттерді абыроймен орындайтынымызға кәміл сенімдіміз. Табысқа жетуімізге біздің берік сеніміміз арқау болған бірден бір негіз ТШО қызыметкерлерінің бәрін алғанда барлығымыз үшін әрдайым басшылыққа алынып, іске асырылатын басты міндеттер мен бірінші кезектегі бағыттарға ортақ мақсаттармен топтасқан, ойлау қабілеттері мықты басшыларымыз бен біліктіліктері аса жоғары кадрларымыз шоғырланған тамаша командамыздың сарқылмас әлеуеті болып саналатынын айрықша атап айтқым келеді». Р. Брэннен бұдан кейін сөз кезегін Базалық активтер бөлімінің менеджері Уалид Масриге берді, ол жиналғандарды басталуы 2012 жылға жоспарланған CPDEP жобаларын кезеңдері бойынша таныстырды. Атап айтқанда ол мына негізгі жаңа төрт жобаға тоқталды, олар: Мұнай жөнелтудің мүмкіндіктерін кеңейту, Тауарлы газ жөніндегі техникалық шарттардың сәйкестігін қамтамасыз ету, Кешенді технологиялық желіде өнім өндірудің маусымдық кемуін қысқарту жобалары мен Сұйық күкіртке қатысты операцияларды жүргізу жөніндегі жоба. Сондай-ақ, Өндірістің бүкіл тізбегінде маңызды буын саналатын Жобалар тобының басшылары мен қызыметкерлері әрдайым керекті уақытта, дұрыс жерде болып, бәрін де тиісінше, бүкіл қажетті үдерістерді сақтай және үздік әдістерді қолдана, сондай-ақ, өткен жобалардың тәжірибелерін ескере отырып атқаратындарына кепіл болулары керектігі ерекше атап айтылды. Жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі кезекті мәселе Болашақ кеңейту жобасының бір бөлігі саналатын Ернеу қысымын реттеу жобасы болатын, бұл жайында қатысушыларға Қазақстандағы жобалау тобының бизнес-менеджері Клифф Фишер әңгімеледі. Атап айтқанда ол жоба аясында алдын ала жобалау және сатып алу мен құрылысты жобалау жөніндегі мердігердің Фарнборо (Англияның Хэмпшир графтігі) мен Атыраудағы кеңселеріне кадрлар жинақтаудың аяқталғанын айтты. Күні бүгін осы кеңселердің әрқайсысында 100-дің шамасында мамандар жұмыс істеуде. Кеңес алқасының жоба жөніндегі оң тұжырымдамасы мен ТШО-ның сараптау кеңесінің Ернеу қысымын басқару жобасы мен Болашақ кеңейту жобасын алдын ала жобалау кезеңіне көшіруге рұқсат етуі аталмыш жобаны жүзеге асыру жолындағы алғашқы маңызды кезең болды деп нық сеніммен айта аламыз. К. Фишер жоба бойынша «алғашқы мұнай» 2017 жылы алынады деп хабарлады. Аталмыш таныстырылымның тағы бір мақсаты осы жобаның Қазақстан экономикасының үдемелі инновациялы дамуының сәтті жүзеге асуында атқаратын маңызын көрсету болатын. Сондай-ақ, көптеген жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу көзделінуде, қазақстандық кәсіпкерлер шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар құра алады, бұл олардың бәсекелестікке қабілеттіліктерін арттыруларына және өндірістік базаларын ұлғайтуларына мүмкіндік береді. Жиналыстың күн тәртібіндегі келесі ірі мәселе Екінші буынды оңтайландыру жобасы (ЕБОЖ) болатын. Бұл жайында Стив Пауелл хабарлама жасады. ЕБОЖ бір жерден қаржыландырылатын бірнеше жобаны біріктіреді, атап айтқанда, Екінші буын зауыты (ЕБЗ) мен Шикі газ айдау (ШГА) қондырғыларының Өнімділігі мен сенімділігін арттыру жобасы да бар, оған ШГА-ның сұйықтығын бұру, Е219 Ребойлерлері және ШГА компрессорларын модерлендіру жобасы кіреді. Жобаның жалпы құны шамамен 870 миллион долларды құрайды. С. Пауелл жоба бойынша өткен жылы қол жеткен алғашқы оңды нәтижелерді разы сезіммен хабарлады және жұмыстың 2012 жылғы негізгі бағыттарын атап көрсетті. Ол жоба ұжымына мақсатты да жемісті еңбектері үшін алғыс айтты, өйткені, бүкіл жұмысы күрделі жөндеу басталғанға дейін аяқтау көзделген жобаға қатысты тапсырмаларды қысқа мерзімде қызыметкерлердің жігерлі іс-қимылдары мен жоғары біліктіліктерінсіз жүзеге асыру әсте мүмкін болмас еді. Күн тәртібіндегі соңғы, бірақ маңызы өзгелерінен еш кем емес мәселе жаңа тұрпатты балалар бақшасы құрылысының жобасы болатын, осы орайда жиналысқа қатысушылар тарапынан бұған қатысты бірнеше сұрақтар қойылды. Жоба менеджері Жанар Едігенованың хабарламасы бойынша ТШО қызыметкерлерінің балаларына арнап салынатын балалар бақшасының құрылысы Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында мүлдем жаңа өзіндік ерекше жобамен салынбақшы. Бұл балалар бақшасы өзінің алғашқы тәрбиеленушілерін 2013 жылдың қыркүйегінде қабылдайтын болады. Жиналыстың қорытынды бөлігінде Роки Брэннен қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарды, сонан соң қорытынды сөз сөйлеп, қызыметкерлердің мамандық деңгейлерін көтеруге қолдау көрсетіп, атсалысқандары үшін бүкіл әріптестерге алғыс айтты. «Менің бұған әдейі тоқталғаным, Сіздердің қолдауларыңсыз мұндай келелі мақсаттарға жету әсте мүмкін емес еді. Иә, біз бұған қол жеткіздік, тіпті, асып түстік, сондықтан да бәріңізге көп рахмет. Бүкіл жыл бойына жасаған сіздердің әрбір қадамдарыңыз бірігіп қуатты қозғаушы күшке айналып біздің кемемізді діттеген жерге жеткізді». Жиналыс соңында 2011 жылы Жобалар жоспарын жүзеге асырудағы ерен еңбектерін ескеріп өз ұжымдыры ұсынған ТШО Жобаларының 29 үздік қызыметкерін марапаттау рәсімі болды. Олардың есімдерін ерекше ілтипатпен атаймыз. Олар Консалтинг және жобаларды кешенді қолдау тобынан Гүлнар Шәріпова, Гүлнұр Тулина, Елена Чернавцева және Дарина Жақашева, ЕБЖ-ның сарқынды су жүйелерін модерлендіру жобасынан Тревис Кук пен Салтанат Нұрбаева, Болашақ кеңейту жобасынан Зүлфат Аманбаева, Алтынбек Ғалиев және Алтынбек Сариев, Мұнай жөнелту мүмкіндіктерін кеңейту жобасынан Алан Льюис, Зүлфия Уәлитханова және Роан Баур, Зауыттың өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін модерлендіру жобасынан Әлия Дошкенова мен Дамир Оқашев, Балалар бақшасы жобасының тобынан Даниэл Шелл мен Эльмира Есниязова, Су толтыру жүйесін модерлендіру жобасынан, Кристалл Хилл и Гаухар Кэй, Күкірт өңдеу қуаттарын кеңейту жобасынан Андрей Пак, Арман Кұлманов және Ольга Кузеняткина, Өндірістік базаны пайдалану және техникалық қамту учаскесінен Алексей Кованов пен Андрей Букин, «Игілік» бағдарламасынан Серік Шәлиев пен Анжела Діңғалиева, Екінші буынды оңтайландыру жобасынан Эльмира Өтеғалиева мен Серік Төлегенов, Канализациялық-тазалау құрылғысы жобасынан Дина Әбдірахманова мен Инна Нехаева. Дарина ЖАҚАШЕВА, ТШО капиталын басқаруды ұйымдастырудың мүмкіндіктері жөніндегі маман.

4 22 наурыз күн мен түннің көктемгі теңесетін шағы. Қыс аяқталып, табиғаттың жаңаратын, буырқанатын кезі. Қазақтар бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Бейнелеп айтқанда, Наурыз ізгіліктің жамандықты жеңген алғашқы күніненақ бастау алады. Өзге халықтардың көпшілігі де өзгелерінен бөлектеп дәл осы күнді жыл басына санаған. Тіпті, славяндардың да егіншіліктің жаңа маусымын бастайтын дәстүрлі масленица мерекесі де осы кезеңмен тұстас келеді. Көптеген газет оқырмандарының сұраулары бойынша біз бүгін Сіздердің назарларыңызға Наурыз жайында кеңірек мағлұмат беретін материалды ұсынып отырмыз. 3 (177) 2012 ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНI Наурыз мейрамының шығу төркiнi, ғұрып-салттары, жөн-жосықтары туралы этнографиялық сипаттама Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Күнi бүгiнге дейiн Жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлi мейрамына айналып отырған бұл мерекенiң қашаннан берi тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Евразия даласын жайлаған байырғы көшпелiлердiң астрономиялық түсiнiгi бойынша әрбiр жыл алты ай жаз бен алты ай қысқа бөлiнген. Тiлiмiздегi «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» деген сөз тiркестерi осы бiр түсiнiктiң жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңiп, шаруадан мойын босап, жер бетiн қуаныш, шаттық жайлайтындықтан «жағымды», ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан «жағымсыз» саналған. Әуелi адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бiтiрiп, оларды адам бейнесiнде айтыстырып, күрестiргенi туралы қызықты мәлiметтер бiздiң жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиеттi «Авеста» кiтабында, XI ғасырда жазылған Махмут Қашғаридiң «Диуан лұғат ат-түркi» сөздiгiнде, сондайақ қазақтың қиял-ғажайып ертегiлерiнде кездеседi. Соғдылар жақсылыққа «Ақуромазда», жамандыққа «Ахирман» деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты «Кие», жамандықты «Кесiр», қысты «Зымыстан», жазды «Табысқан» деп атаған. НАУРЫЗ ТОЙЫ Күн мен Түн (қараңғы мен жарық), Ќыс пен Жаз (ыстық пен суық) тепетеңдiкке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес Наурыз тойы жаратылыста құраушы күштердiң, алдымен, Табиғат пен Қоғамның, екiншiден, Ел мен Елдiң, үшiншiден Қоғамдағы әлеуметтiк топтардың тепе-теңдiгiнiң сақталуын талап етедi. Жер бетiнде XIX ғасырға дейiн адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдiк бiршама сақталып келдi. Ал, XX ғасырдан бастап ғылыммен, техникамен қаруланған адам табиғатқа үстем қарады, оны құртуға асықты. Осының салдарынан табиғат пен адамзат арасындағы тепе-теңдiк заңы бұзылды. Жер үстiндегi елдердiң, ұлы халық пен кiшi халықтардың арасындағы тепетеңдiк сақталған жағдайда ғана олар бейбiт өмiр сүредi. Ежелгi түркiлерде Ұлыс тойында жамбыны бiрiншi атып түсiрген жiгiтке бiр күн патша боп ел билеуiне ерiк берiлген. Наурыз тойында ертедегi гректердiң патшасы да алтын тағынан түсiп, өзiне ұнаған құлына бiр күн елiн басқартқызған, Ұлыс күнi Иран патшасы қол астындағы адамдардың бiрiне патша шапанын еншiге тартады екен деген дерек бар. Тiлiмiздегi күнi бүгiнге дейiн айтылатын «құлға да бiр күн азаттық», «құлдан да бiр тiлек бар» деген мәтелдер, «Наурыз жырында» айтылатын: «...Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар сырықтан» деген жолдар сол рәсiмдердiң жаңғырығы болса керек. Көшпелiлер қауымында әйел затына ер-азаматтармен бiрдей талап қойылып, олардың дарын-қасиеттерiнiң жарқырай ашылуына мүмкiндiктер туғызылып отырды. Сол себептi көшпелi қазақ жұртынан парасатты ру басқарған көсем аналар, әйелдiк қасиетiмен халық пiр тұтқан аналар, тағы басқалары көптеп шыққан. Шынында, қоғамдағы адамзат пен табиғаттың, ел мен елдiң, сондай-ақ, адам мен адамның арасындағы тепе-теңдiк сақталғанда ғана өмiр сүру қызықты да мәндi болатыны сөзсiз. ИГIЛIК КϴЗIН АШУ Наурыз тойы қарсаңында «Бұлақ көрсең көзiн аш» деп қаумаласқан жiгiттер бастаулардың көзiн ашады, су арналарын тазалап, айнала төңiректi тазартады. Қариялар «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бiр тал кессең, он тал ек» деп бұлақ басына тал егедi. әйелдер жаңа атып келе жатқан күнге, «Армысың, қайырымды Күн Ана!» деп сәлем берiп, «Кеудесi түктi Жер-ана, құт дарып, жарылқа!» деп бұлаққа май құйып, өсiмдiктерге ақ бүркедi. Сөйтiп, табиғаттың өнiп-өсуiне жағдай жасалады. Сондай-ақ халық iшiндегi талант иелерi ақылшы көсем, қызыл тiлдi шешен, он саусағынан өнер тамған шебер, құралайды көзге атқан мерген, жауырыны жерге тимеген палуан, күмiс көмей, жезтаңдай әншi, құдiреттi күйшiлер арасынан озып шыққандар елеп-ескерiлiп, Ұлыстың Ұлы күнi халыққа танылады. ЖАҢАРУ (ар алдында есеп беру). Ұлыс күнi аспан денелерi өзiнiң бастапқы айналу нүктесiне келедi. Мал төлдеп, жер көктейдi, жан-жануар түлеп, дүние жаңарады. Осыған орай адамдар да шашын алып, сақал-мұртын түзейдi, жуынып-шайынады. Ақ көйлек пен су жаңа киiмдерiн киедi. Сонымен бiрге бұл күнi әр азамат өзiнiң ар-ұжданы алдында өткенiне есеп беруi қажет. Басқаны алдай алғанмен, өзiңдi алдай алмайсың. Адамгершiлiк қақындағы ең асқаралы түсiнiгiн «Малымжанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген мақалмен-ақ түйiндеген ата-бабамыз арының тазалығы үшiн бар жиған-тергенiн тәрiк ете алған. Сонымен қатар «Ұлыс күнi алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық жай адамның iсi, жамандыққа жақсылық ер адамның iсi», «Тас атқанға ас ат» секiлдi нақылдарды өзек етiп, ту көтерген ел басшылары ат құйрығын кесiсiп, араға жiк түскен бауырлас ел-руларын, дос-жарандарды бiр дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, ел бiрлiгiн күштейткен. Отбасын тентiретiп жiбергендердi қайта қосып, жалғыз-жарым жетiмдердi үйлендiрiп, жеке отау қылған. «Сүйекке дақ, етке таңба болмасын» деп кембағал, мүгедектердi жақын-туыстарының қарауына мiндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап, таяқ ұстап қалғандарға «Адамның күнi адаммен» деп жылу жинап жүрген. Iшiмдiкке салынып, жаман әдетке үйiр болғандарды халық талқысына салып, дұрыс жол көрсетiп, түзелуге уәделерiн алған т.c.c. Бiр сөзбен айтқанда, осылайша қоғам жаңарады. Жоғарыда аты аталып, түсi түстелген «Тепе-теңдiк», «Игiлiк» және «Жаңару» үшеуi қоғамда орнын тауып, үйлесiмiн тауып, тоқайласқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сол себептi Наурыз тойында «Ағыл-тегiл молшылық болсын» деп көже (наурыз көже) iшiледi. Қорыта айтсақ, көптеген халықтардың салт-дәстүрiне айналған Наурыз тойының қалыптасуына табиғат пен қоғамның, ел мен елдiң, адам мен адамның ара қатынасындағы тепе-теңдiк заңын сақтайтын, бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын, әрбiр жеке адамның ар-ұятының тазалығын сақтайтын ұлы өнегелер мұрындық болған. НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ДАЙЫНДЫҚ Бұл мейрам алдында әдетте үй маңы тазартылады, арықтар аршылады. «Жаңа жыл мұнтаздай» үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, нәм-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша үйдiң iшiсырты әктелiп, алдын ала жиhаз-мүлiктiң шаңы қағылып тазартылады. Қазiргi кезде мейрамда демалыс орындарына, баубақшаларға көшелердiң бойына гүл егiлiп, ағаштар отырғызылады. Көшелер сәнделiп, ұрандар жазылып, Наурыз белгiсi (эмблемасы) iлiнедi. Мерекеге киетiн ақ көйлек пен таза киiм дайындалады. МЕРЕКЕЛIК ДӘСТҮРЛI СЫЙЛЫҚТАР Бойжеткен қыздар жiгiттерге арнап, жаңа сауған уызға соғымнан қалған ет қосып, «Ұйқыашар» деп аталатын ерекше тағам пiсiредi. Бұл тамақтың мәнi құпия сырға толы... Ал, жiгiттер қыздарға айна, тарақ және иiссудан тұратын «Селтеткiзер» деп аталатын сыйлық ұсынады. Бұл сыйлықтағы айна пәктiк пен жастықтың, тарақ әдемiлiк пен сұлулықтың, иiссу (бүршiгiн жаңа жарған жауқазындай) құлпырудың, жайнай түсудiң символы. Бүгiнде Ұлыс күнi құрбылар бiр-бiрiне гүл сыйласа да жарасымды. ДӘСТҮРЛI ТОЙ КИIМI Наурызда бiздiң халқымыздың ерекше киiнуi көз қуантады. Тек осы мерекеде ғана жас келiншектер ақ орамал тартып, кейде кимешек пен кәжекей киедi. Ал, ұлттық үлгiдегi кестемен көмкерiлген барқыт жәкеттi, тiптi, әдеттегi шалбармен бiрге де кие бередi. Ол барлық әйелдерге жасына, ұлтына қарамастан үйлесе бередi. Бұл күнi әйелдердiң жартысы дерлiк осындай кәжекей киедi. Әжелер басына күндiк киедi, жаулық тартады. Мақпал шапанын киiп, белiн жiбек белбеумен буынады, қолына бiлезiк, сақиналарын iледi. Бойжеткендер етегi бүрмелi қызыл көйлек, қынамалы қызыл камзол, қызыл етiк, басына қарқара, үкiлi бөрiк киедi. Тағы бiр сүйкiмдi киiм бұл жұмсақ етiк-мәсi, оны шешелерiмiз кебiспен киедi. Бұл көктемге арналған ұлттық киiм, оны Наурыз күнi жастар да, әжелерiмiз де кие бередi. Егер осы аяқ киiмге назар салсаңыз, онда түрлi түстi былғарыдан, не күмiстен тігiлген өрнектi де байқайсыз. Орамал немесе кимешек, кәжекей мен мәсi жәй ғана ұлттық киiмдер емес, ол қазiргi заманғы адамдардың да әдеттегi киiмiне айналды. Ал, ұлттық әшекейлердi айтып жатудың өзi артық. Күмiс бiлезiктер, олар ұлттық үлгiде жасалған, моншақ, ұзын да салмақты сырғалар, қымбат металдан жасалған сақиналар әлдеқашан қолданылған. Оларды кез келген киiммен бiрге таға бередi. Ерлер арасында көп таралған сыртқы киiм шапан. Оны әртүрлi жеңiл де тығыз матадан, дегенмен көбiне бiр түстi матадан тiгедi. Шапандар да өрнектермен әшекейленедi. Ертеде шапандар жылдың барлық мезгiлiнде киiлiп, шын мәнiнде жан-жақты болған. Егер күн суық болса, бiрнеше шапанды қабаттап киген. Мерекеде шапанға мiндеттi түрде бас киiм тымақ немесе башлық қосылады. Бұл уақытының көбiн далада өткiзетiн адамдарға таптырмас бас киiмдер. Олар кең етектi, бас пен мойынды сенiмдi түрде қорғайды. Қой немесе ешкi терiсiнен дайындалған былғары етiк те дәстүрлi ұлттық киiмнiң ерлер киетiн түрi. Ер адамдар ақ көйлек пен жаңа ұлттық киiм киедi. Ақсақалдар ақ көйлек пен шекпенiн не шапанын киiп, белiн белбеумен буынады. Жiгiттер үстiне өңiрi кестеленген жағалы ақ көйлек, шолақ жең камзол, балағы өрнектелген кең балақ шалбар, белiне кемер белбеуiн тартады. Аңшылар мен құсбегiлер баптаған қыраны мен алғыр тазысын алып, ат мiнедi.

3 (177) 2012 5 Тағы бiр жыл мезгiлiне қарай киiлетiн ұлттық үлгiдегi бас киiм әйелдердiң бөрiктерi, олар да жан-жағынан зер төккен биiк болады. Олар сәукелеге ұқсас келедi. Әрине, Наурызда адамдар күн жылы болғандықтан терi бөрiктер кимейдi, дегенмен қазiргi заманғы киiмдерден де ұлттық белгi сезiлiп тұрады. Қазақ халқының ұлттық киiмi бай. Әрине, бәрi бiрдей осыдан бiрнеше ғасыр бұрынғы алғашқы ұлттық түрiн сақтап қалған жоқ. Дегенмен, бiз ол дәстүрлердi бiлемiз және сақтауға тырысамыз. Бұл Наурызды мерекелгенде анық байқалады. НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛУ ДӘСТҮРI «Ұлыстың Ұлы күнi ұлыс күнi» Григориан календары бойынша ескiше 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түнге сәйкес келедi. Жаңа жыл ауыл жастарының асау тайыншаға жерге қонған Жаңа жылдың бейнесi iспеттес жанды қуыршақ мiнгiзiп, малды үркiтiп, иттердi шулатып, елдi ұйқыдан оятып, басын бос жiберумен басталады. Жаңа жыл табалдырық аттап, төрге озғанда, «Жалғыз шала сәуле болмас, жалғыз шырақ тәубе болмас» деп қос шырақ жағып қойылады. «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп дастархан үстiндегi ыдыс атаулы аққа (сүт, айран, шұбат, шалап), тағы басқа ырысқа (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгерi, т.б.) және кәусар бұлақ суына толтырылады. МЕРЕКЕНIҢ БАСТАЛУЫ. КϴРIСУ «... Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып өрiскен, Ұлыс күнi кәрi-жас, Құшақтасып көрiскен...» деп Наурыз жырында жырланбақшы Ұлыс күнi көрiсуден басталады. Қазақтардың көшпелi ғұмыр кешкендiгi белгiлi. Мал бағу бiздiң бабаларымыздың бiрден-бiр көне заманнан бергi кәсiбi, олар бүкiл қысты өздерiнiң қыстақтарында өткiзген. Көктем шығысымен, өздерiнiң аттарын ерттеп немесе түйелерiмен туысқандарына аттанады, олармен жүздесiп, сәлемдесiп, амандық-саулықтарын, қысты қалай өткiзгендерiн бiледi, мал-жан амандығын бiледi. Бұған ерекше мән берiледi, мұнда жақын-жуыққа деген құрмет бiлiнедi. Сондықтан көрiсу-ерекше бiр дәстүр iспеттес. Көрiсу тiкесiнен айтқанда «қос қолмен амандасу». Бұл күнi осылай көрiсiп, бiр-бiрiне деген құрметiн және достық сезiмiн жеткiзедi. Таңнан бастап отбасы мүшелерi бiрбiрiмен амандасулары керек. Балалар алдымен мiндеттi түрде ата-аналарына келiп, сонан кейiн ру, ауыл үлкендерiне барып, сәлемдескен жастар бейне бiр «Сiзге деген достығымды, iзгi ниетiмдi бiлдiрiп екi қолымды созамын. Бiздiң туысқандық байланысымыз нығая берсiн, Алла қолдасын!» дегендей болады. Үлкендер де екi қолын ұсынып «Мен де қос қолыммен сiзге деген достық ниетiмдi ыстық ықыласыммен ұсынамын, Алла қолдасын!» деп жауап берген тәрiздi. Бұл қимылдардың философиялық мәнi мынада: жамандық та, жақсылық та адам қолымен жасалады, ал екi қолымен амандасқан адам ешқандай жаманшылық жасамайды. Ал, керiсiнше, бұл күнi үлкендерге сәлемдесуге келмеген адам iшiнде ашу-ызасын сақтаған болып шығады. Бiз көрiсу бұл дәстүр дегенбiз, дегенмен оның үлкендерге құрмет бiлдiруде бiрнеше түрлерi бар. Мәселен, әже жас әйелдермен алақанын жая амандасып «ϴзiмнiң балаларымды осы алақаныммен аяладым және онда аналық жылылық бар. Осы сезiм саған ауысып, өз балаларыңды тәрбиелеуге, ошағыңда от сөнбеуiне көмектессiн» дейдi. Ауыл ақсақалдары бiр бiрiмен кеуде түйiстiре амандасады: «Менiң кеудем мықты, бiздiң ошағымыз да осындай берiк болып, балаларымыз да мықты болып өссiн» дегендей болады. Келiндер өз қолдарын атасы мен енесiне ұсынбайды. Бұл келiндер тарапынан отбасының үлкендерiне деген құрмет сезiмiн бiлдiредi. Ата-аналар тұрмысқа шыққан қыздарына ерекше құрмет көрсеткен. Олар өздерi қыздарына барып, сәлемдескен. Бұл арқылы олар тек қыздарына ғана емес, құдаларына деген құрметiн бiлдiрген. Ал, келгендердi күйеу бала алдынан шығып қарсылап, қос қолымен көрiсуi керек. Көрiсу бейне бiр Наурыз мерекесiне кiрiспе тәрiздi. Сәлемдесуге келгендерге арналып үлкен дастархан жайылады. Келгендердi әртүрлi тәттi тағамдармен, қыстан қалған дәммен сыйлайды. ϴйткенi, бұл адамдар iзгi ниетпен келдi, сондықтан да оларға тиiсiнше құрмет көрсетiлуi тиiс. Наурыз тойы кезiнде жастар да кездесiп, шүйiркелесiп, кейде үйлену мерзiмiн де белгiлейдi. Көктемгi күн теңесуiн тойлай отырып, адамдар алдағы күнге деген тiлектерiн, олардың iске асатынына деген сенiмiн бiлдiредi. Әрдайым осылай болды және алда да осылай бола бергей! Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! НАУРЫЗ КϴЖЕ ПIСIРУ ЖӘНЕ IШIЛУ «Ұлыс күнi қазан толса. Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кiсiден бата алса, Сонда олжалы жол болар» деп наурыз жырында айтылғандай Ұлыс күнi жетi түрлi заттан соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, тұз, сүт, сүзiлген құрт, бидай (тары, күрiш) пияз және сәбiзден қазан толы көпкөже (Наурыз көже) пiсiрiледi. Дастарханға жетi түрлi дәм қойылады: ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән мен жемiс-жидектер) және қызылдан туралған сүр ет. Көженi iшу салты бойынша басты қарияларға ұсынады. Наурыз көженiң қойдың басы, ет салып пiсiрiлуi қыс тағамы етпен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы жаздың тағамы сүт тағамдарымен қауышудың мәнiсiн бiлдiредi. Ал, Наурыз көженi тойып iшу «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымға саяды. НАУРЫЗДЫҢ ОЙЫН-САУЫҚ ОТАУЫ АЛТЫБАҚАН Алтыбақанды құру үшiн әрқайсысының ұзындығы 3 метрдей алты сырық ағаш пен мықты арқан керек. Мосыға ұқсатып үш-үштен ағашты бiр жақ ба- сынан байлап, жерге қадап, ортасына көлденең тағы бiр сырық қояды. Ойнаушылар арқанды аяғын тiрейтiндей етiп түйедi. Алтыбақан тебушiлер құлап кетпеуi үшiн арқасын сүйенiп тұратындай етiп байлайды. Алтыбақан тебушiлер бiр-бiрiне қарсы отырып тербеледi. Алтыбақан тепкен екi ойыншы бiр ән бастайды, жердегiлер оған қосылып ән салады. Шайқалта шарықтап тепкен алтыбақан мен шырқата салған ән жиналған жастарды серпiлтiп, көңiлдерiн көтередi. ТЕҢ КϴТЕРУ Кiлемнiң немесе жазық жердегi көгалдың үстiне бiр жiгiт етпетiнен жер бауырлап жатады. Ендi тең болатын жiгiттер әлгi жатқан адамның екi жақ бүйiрiне келiп қарама-қарсы отырады да, екеуi де аяқтарын жiгiттiң арқасына салады. Отырған жiгiттер бiрiнiң аяғын бiрi мықтап ұстап алып: «Тең-теңiмен, Тезек қабымен, Ең алдымен сен көтер. Екеумiздi тең көтер», дейдi. Жатқан жiгiт әлдi болса, үстiндегi екi жiгiттi көтерiп алып, төрт тағандап жүредi. «Тең көтеру» ойынын кейбiр күштi жiгiттер екi иығына екi-екiден төрт адамды отырғызып та орындайды. БАҒАНАҒА ϴРМЕЛЕУ Биiктiгi 9-10 метр бөрененiң сыртын жылтыратып тазалап, тiктеп орнатады. Оның басына бiр қымбат бұйым iлiп қояды. Кiмде-кiм жылтыр бөренеге өрмелеп басына шықса, сол iлулi тұрған сыйлықты алады. АРҚАН ТАРТЫС Ойнаушылар ойынға бес-бестен бөлiнiп қатысады. Ойын басқарушының берген белгiсi бойынша бөлiнген топтар арқан тартысады. Екi топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп әкетсе, сол жағы ұтады да жеңген бәйгесiн алады. ЖАЯУ ЖАРЫС 100 метр, 300 метр, 500 метр, 800 метр, 1000 метрлiк қашықтыққа жаяу жарыс ұйымдастырылады. Кiм бiрiншi келсе, соған сыйлық берiледi. Бiз атаған ойындар тек ұлттық ойындар ғана. Ал, бүгiнде Наурыз күнi спорттың барлық түрiнен жарыс ұйымдастыруға әбден болады. НАУРЫЗ ТОЙЫНЫҢ СОҢЫ Алтыбақан басында жастар түнiмен түрлi халықтық ойындар ойнайды, айтысады екен. Таң ата көпшiлiк биiктеу төбенiң басына шығып, атқан күннiң шапағын маңдайымен қарсы алады. Күлiмдеп көрiнген күнге иiлiп сәлем берiп, «Құт дарысын» десiп, айнала-төңiрекке ақ шашып, үйлерiне тарасады. Қазақтардың астрономиялық түсiнiгi бойынша, Жаңа жылда Күннiң көзi көрiнген уақыттан бастап, екi сағат уақыт «Күн сәтi» деп аталады. Халқымыздың осынау күндi қарсы алу салты егер кiмде-кiм «Күн сәтiнде» Ұлыс күнiн маңдайына Күн шұғыласын түсiрiп қарсы алса, онда оған «Наурыздың құты дариды» деген ұғымнан алынған дәстүр.

6 Қазақстандық қамту «Aриаднаның» жолы 3 (177) 2012 «Ариадна» компаниясы «Теңізшевройл» ЖШСнің қазақстандық ірі мердігер ұйымдарының бірі. Бұл он бес жылдай, әсіресе, Теңіз мұнай кенішінің аумағында өнеркәсіптік және азаматтық нысандарда үзбестен жұмыс жасап келе жатқан сан қырлы құрылыс компаниясы. Жалпы алғанда аймақтағы кез келген мұнай жобасында «Ариаднаның» қатыспағаны кемде-кем компания «Паркер Дриллинг», «Шлюмберже», «ПарсенсФлюорДаниел», «АрнаОйл» секілді белгілі фирмалардың тапсырыстарын орындаған. Дегенмен, оның қызыметінің басым бөлігінде «Теңізшевройлмен» ынтымақтастығы ерекше маңызға ие, бұл жобада «Ариадна» елеулі көлемдегі жұмыстарды атқаруда. ТШО-мен біздің өзара сан қырлы әрі өзара ынтымақты серіктестік қарым қатынас жолымыз оңайға соққан жоқ, деп әңгімеледі «Ариаднаның» бас директоры Алан Кайтуков. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бас кезінде Теңізде шоғырланған құрылыс саласындағы барлық қазақстандық компаниялар секілді «Ариадна» да бәрін әуелі нөлден бастаған. Негізі, «нөлден» деген «іс жүзіндегі» емес, әдетте айтатындай, шартты ұғым. 1993 жылы ТШО бірлескен кәсіпорыны құрылған кезде тосын жағдайлар туындаған: құрылыс қызыметіне деген сұраныс соншалықты зор еді, бірақ оны жүргізетіндер жоққа тән-тұғын. Одақ кезіндегі ірі құрылыс ұйымдары тозтозы шығып, тарап кеткен, жаңалары көп емес еді, әрі қаржылары да, техникалары да жоқ, тіпті, болашақтары да сенімсіз, әйтеуір, аттары бар, заттары жоқ құрылымдар болатын. Дегенмен, бәз бір өндірістік әлеуеттер жинақтауға шамасы келгендері былайша айтқанда, тиын тұратын жұмыс көлемін тапқанды да қанағат тұтты. Ірі жобаларға қатысуға бармадық, өйткені, қойылған талаптарға сай келмейтінбіз. «Ариадна» заңды тұлға ретінде 1993 жылдың ақпан айында тіркелген, ал, ТШО-дан алғашқы тапсырысты 1996 жылы ғана алды, онда да кездейсоқ жағдайда. Ол кезде вахталық әдіспен жұмыс істейтін теңіздік мұнайшылар Атыраудан поезбен келіп аялдайтын Құлсары кентіндегі темір жол вокзалының перроны көріксіз, жарықтан ада, қараңғы-тұғын. Мұның өзі бірнеше қызыметкердің сүрініп, жарақат алуына соқтырған. «Теңізшевройл» болса бұл жағдайларды назардан тыс қалдыра алмады, сөйтіп, өз бетімен станциялық нысанды жөндеуге ұйғарды. Жұмысты тез әрі сапалы тындыру керек болды. ТШО-ның құрылыс жөніндегі менеджері Робби Робинетти Алан Агубейұлын шақырып: «Мистер Алан бәрін де тез, ешқандай бюрократтыққа жол бермей істесеңіздер, «Ари- Алан Кайтуков «Ариадна» ЖШС-нің бас директоры «Ариадна» Вахталық кенттегі тұрғын орамды жөндеп, ретке келтіруде. аднаның» қолынан бәрі келетінін дәлелдесеңіздер!» дегені. Мистер Алан сөзінде тұрды. «Ариадна» өзін дәлелдеді. Сол алғашқы келісімнің құны 16 мың доллар ғана тұратын. Қазір «Ариаднада» 1200- ден астам адам жұмыс жасайды. Компанияның вахталық кентте құрамында 230-дан астам машиналары мен механизмдері, соның ішінде қуатты көтергіш техникалары бар ірі өндірістік базасы орналасқан, ал, «Теңізшевройлдан» берілетін тапсырыстар миллиондаған АҚШ долларымен есептеледі. «Ариаднаның» халықаралық ISO стандарты бойынша сертификаты бар екенін айтып жатудың өзі артық, өйткені, сапаның мұндай стандарттары мен нормаларына сәйкес келмейтін компаниялардың «Теңізшевройлдың» ірі жобаларына қатыстырылмайтыны белгілі ғой. ТШО мен «Ариаднаның» серіктестік қатынастарын ерекшелендіретін не? Ең бастысы, қойылатын міндеттің жаңашылдығы мен оның шешімін табудағы батылдық. Мұндағы ең тәуір көрініс «күкірт мәселесін» шешу үдерісі болып саналады. 2005 жылы «Теңізшевтехнологияны жасақтау қажеттұғын. Бір нұсқада, мысалы, осы мақсат үшін кен проходкалайтын арнаулы комбайнды жобалап, құрастыру көзделінді, бұл болса жүздеген миллион долларды қажет ететін. Мәселе ұзаққа созылатын сыңайда болды. «Ариадна» өзіндік жол тапты. Күкірт бұзуға болады, бірақ ештеңемен емес. Кәдімгі қарапайым экскаватормен бұзу тығырықтан шығармайды, бұл үймені тегістеу емес. Ойлану керек. Күкірт құймасын бұзу үдерісі ройлдың» алдына едәуір жинақталып қалған қарапайым күкірт қорынан құтылу мәселесі туындаған, ол кезде оның мөлшері 9 миллион тоннадан асатын. ТШО сақтаулы тұрған күкірт құймаларын бұзу жобасына тендер жариялады, оған қазақстандығы бар, шетелдігі бар, 17 компания қатысты. Мәселені шешудің әртүрлі бес нұсқасы ұсынылды, бірақ олардың бәрі де тұжырымдамалық сипатта болды, ал, негізінде техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мынадай ірі көлемдегі қатты күкіртті уататын Өндірістік кеңесте. Жаңа қоныста көңіл-күй де көтеріңкі. А.Кайтуков мақтаныш сезіммен авторлық үш куәлікті көрсетті. «Ариаднаның» инженерлері қарапайым әрі экономикалық жағынан тиімді нұсқа қолда бар құрылыс техникаларының аспалы жабдықтарын пайдалануды ұсынды! Осы ерекше агрегатты өздері жасақтап, дайындады. Іс жүзінде байқап көрді жарамды, жұмыс жасауға болады екен! Бұл жерде Еділ Дүйсенғалиевті, сол кезде техникалық қызмет жөніндегі менеджер, Хайнц Ширды және Керри О'Реллиды, маркетинг және тасымалдау жөніндегі мамандар, мақтап өткеніміз жөн, әсіресе ТШО-ның Өндіріс жөніндегі бұрынғы бас менеджері Ройс Эллиотқа, дейді Алан Агубейұлы. Біздің механизмдерге, күкірт құймаларын бұзу және тиеу схемаларына балама бұған дейін болмаған, дегенмен Эллиоттың қолдауымен ТШО-ның Маркетинг бөлімі әуелі бастапқы жоба үшін бізбен 500 мың долларға шарт жасасты, кейін іс оңғарылып, жалғасын тапты. «Оңғарылғаны» сол, ТШО әлемдік саудада күкіртті рекордты көлемде өткізе бастады, сөйтіп, оның сақтаудағы қорының үштен екісі жойылды. «Ариадна» болса осы жобаны жүзеге асыра отырып ең негізгі техникалық екі міндетті құйманы бұзу кезінде пайда болатын күкірт шаңын (экологиялық жағынан анағұрлым қатерлі фактор) басуды және темір жолдың ашық вагондарымен тасымалдау кезінде қарапайым күкірттің шаңдануының алдын алу мәселелерін шешті. Қазіргі кезде компания «Теңізшевройл» үшін қатарынан бірнеше жобаларды жүзеге асыру үстінде. «Ариаднаның» құрылысшылары Жаңа канализациялық-тазалау жүйесі жобасының аясында Вахталық кенттен су тазалау стансасына дейінгі арлықта 12,5 шақырымдық магистралды су құбырын төседі, IBMOA жобасы аясында асхана мен зауыт зертханасы ғимараттарының құрылыстарын аяқтау үстінде, басқа да нысандарда жұмыстар жүргізуде. ТШО-ның қазақстандық қамтуды дамыту аясында «Ариадна» компаниясы салиқалы да көрнекті аргумент. Сонымен бірге «Ариадна» өз ұжымы үшін де көп нәрсені тындыруда. Бас директордың бірінші орынбасары Валерий Васильевич Кистол компанияның ішкі әлеуметтік нысандарын көрсетті. «Ариадна» бұл ретте де ешқайсысына ұқсамайтын, батыл да өзіндік жол тауыпты. Тұрақты және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерді уақытша жайларда орналастырудан бас тартып, кеңестік кезден қаңырап қалған көп қабатты үйлерді жөндеп, оларды қонақ үйлік деңгейде барлық жағдайлар туғызылған нағыз тұрғын жайларға айналдырыпты. Бірнеше ғимараттың сумен және жылумен қамту жүйелерін жүргізуде біраз шаруа тындырылған, соның арқасында бұл ғимараттар пайдалануға берілген. Осылармен бірге асхана мен мәдени демалыс жайлары да талғамға сай жөнделуде екен. Бір сөбен айтқанда, «Ариаднаның» күшімен Вахталық кентте тамаша, жайлы тұрғын жай орамы қалыптасуда. Ал, бұл өзге компаниялар үшін өнеге. Біз қолға алғандарымыздың бәрі де сапа белгілерінің дәлдік, сенімділік және негізділік секілді барлық талаптарына жауап бергенін қалаймыз, деп бекемдеді сөзін компания басшысы А. А. Кайтуков. Бұлар қазіргі бизнестегі ең сенімді бағдарлар. «Ариадна» таңдаған жол, міне, осы. Георгий ТРУХИН.

3 (177) 2012 7 Мырза қолдың берері мол Көктемнің әсем мерекесі Наурыз қарсаңында Адам ресурстары басқармасының бір топ қызыметкерлері Атырау қаласындағы «Ақ бота» балалар үйі мен 3 мектеп-интернатта болған еді. Наурыз мейрамы шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, ал, жаңа жылда балаларға тарту жасау шарапатты шара. Менің әріптестерім балалар үйлеріне, әрине, құр қол барған жоқ. Анарбек Шахметов бүкіл басқарма қызыметкерлері атынан балалар мен тәрбиешілерді жаратылыстың жаңару мерекесімен құттықтады, сосын оларға тұтас кітаптар қоры мен ақыл-ойды дамытуға ықпал ететін ойындары бар ойыншықтар жиынтығын тарту етті. Балалармен бұл жолғы кездесудің өзіндік ерекшелігі бар. Балаларға сыйлықты ТШО-ның Адам ресурстары басқармасы емес, қызыметкерлердің өздері қалталарынан ақша шығарып ұйымдастырды. Күнделікті күйбеңмен және қалыптасқан уақыт жетіспеушілігінен, жасыратын несі бар, біз айналамызда тағдырдың тәлкегімен, не кейбір тасбауыр ересектердің әрекетінен кейін балалар үйлерінің тәрбиеленушілері болып жатқан жеткіншектердің көптеген шешімін күткен мәселелері бар екенін ескере бермейміз ғой. Ал, егер біздер үшін қарапайым нәрселер ретінде көрінетін бұлар жайында ойға алып, мәселелерді шешуге үн қатып жатсақ, балаларға үлкен қолдау көрсеткен болар едік. Біздің басшымыз Шолпан Батырбекқызы Алтыбаева бірде өзінің шынайы сезімінен туындаған қарапайым сөздерімен кішігірім болғанымен, біздің қоғамымызда орын алып жатқан осындай жайлардан біздің қызыметкерлердің де шет қалмауын айтқан болатын. Сөйтіп, міне, бірнеше жыл болды біздің Адам ресурстары басқармасының қызыметкерлері қайырымдылық шараларын жүзеге асырып келеді, оның нәтижесі қамқорлыққа алынған әлгіндей балалар үйлеріне сапарлармен жалғасуда. Соңғы жылдары ғана біз бірнеше балалар үйлері мен баспаналарында болдық. Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің қызыметкерлері, соның ішінде Гүлнәр Бекенқызы Айтжанова балалар үйлерінің біздің шамамыз келетіндей мұқтаждықтары жайында айтқан. Белгілі болғаны, мысалы, интернаттардың біріне мұздатқыш камера керек екен. Өткен жылдың соңында біздің бөлім қызыметкерлері қайырымдылық қаржысын жинақтады. Әріптесіміз Гүлнәр Аманбаева интернатқа қажетті мұздатқышты тауып, сатып алуды және жеткізуді өз мойынына алды. Үлкен мұздатқыш камера балалар мекемесіне Жаңа жыл қарсаңындағы тамаша тарту болды, ал, біздерге жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ойлау қабілеттері кемшін балалар емделіп, қалыптасып жатқан «Алтын балық» интернатына балаларды дамыту үшін арнаулы «лабиринт» қажет екен. Балаларға қажетті осынау ойын тренажері үшін көмектестік мұның төңірегіндегі мәселелерді шешуді Айгүл Қуандықова өз мойнына алды. Балалар үйлері мен интернаттарға барған кездегі әсеріңді сөзбен жеткізу қиын. Бәрінде де бізді сондай ыстық ілтипатпен, қуана қарсылайды. Балалар біздің келуімізге сондай ықыласпен дайындалады, міндетті түрде концерт қояды. Есту қабілеттері мүлдем немесе жартылай нашар балалардың орындаған номерлері, әуенді естімесе де «Қара жорғаны» билегендері, немесе сөйлеу қабілеттері нашар балалардың тақпақ айтып, ән шырқағандары бізді соншалықты толқытқанын айтып жеткізе алмаймын. Біз болған балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы атынан осынау қайырымдылық шараларына атсалысқан барлық қызыметкерлерге алғыс айтамын! Біз балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілері әйбат балалар үшін барлық жайлардың әрдайым жақсы болғанын тілейміз! Асылай ЖҰМАҒАЛИЕВА, ТШО-ның Адам ресурстары басқармасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы. Қазақстан мұнай-газ саласындағы заңгерлер ассоциациясы мен «Теңізшевройл» БК Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау және келелі мәселелер атты Конференцияда «Қазақстан Республикасында жер қойнауын басқару: мәселелер мен перспективалар» тақырыбын қарастыру жоспарланып отыр. Бұл тақырып заңнаманы жетілдіру, құқықты қолдану, инвестициялық климат, салықтық қатынастар, дауларды шешу, т.б. сияқты Қазақстандағы жер қойнауын игерумен байланысты сұрақтар мен мәселелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Конференция жұмысына Мұнай және газ министрлігі, Әділет министрлігі, Жоғарғы сот, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, ғалымдар, жергілікті және шетелдік фирмалар мен мұнай компанияларының заңгерлері қатысады. Х (МЕРЕЙТОЙЛЫҚ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АТЫРАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КОНФРЕНЦИЯСЫНА қатысуға шақырады. Жалпы мәлімет: Күні: 20 сәуір 2012 жыл (бір күндік конференция), Басталуы: сағ. 9:00-де Өтетін орны: «Теңізшевройл» БК конференц-залы Атырау қ., Сәтбаев к-сі, 3. Конференция аясында төмендегідей тегін қызметтер көрсетілетін болады: конференцияға қатысу, орыс және ағылшын тілдеріндегі үлестірме материал, ілеспе аударма, кофе ішуге және түскі асқа үзіліс. Конференцияға қатысам деушілер, делегаттық орынды резервтеу үшін 2012 жылғы 30 наурыздан кешікпей, байланысушы тұлғамен хабарласулары қажет. Алматы қ., Қазақстан мұнай-газ саласындағы заңгерлер ассоциациясы тел.: (727) 2 509 501, ұялы: +7 701 712 7246, ұялы: +7 701 753 0939 эл. пошта: kpla@kpla.kz Айя Бралина, Настя Дробь Атырау қ.: «Теңізшевройл» БК тел.: (712) 302 6807, ұялы: +7 701 920 9411 эл. пошта: elak@tengizchevroil.com, Эльвира Андашева

8 3 (177) 2012 Достар қашан да қасыңда Наурыз айының басында Жылыой ауданының әкімі Рахметолла Нұғыманов ТШО басшылығына үш елді мекенге Қосшағыл, Тұрғызба және Жаңа Қаратонға көмек көрсетуді сұрап, өтініш еткен болатын. Қалың жауған қар мен ұйытқыған боран салдарынан көп үйлер қар құрсауында қалған еді. Биіктігі 1,5 2 метрден асқан осынау қар құрсауы кей жерлерде автокөлік жолдары мен темір жолдарды да басып қалған. ТШО-ның өтініші бойынша үш мердігер ұйым «Ариадна», NSS және SK үш елді мекеннің әрқайсысына бір-бірден тиегіштер мен екі-екіден жүк көліктерін бөлді. Жұмыс сондай қауырт болды, алдымен аурухана, мектеп, әкімдік, өрт сөндіру мекемесі мен су айдау стансасы, тұрғын үйлер секілді маңызды нысандардың кірме жолдары тазартылды. Жұмыс ауқымы соншалықты көп еді тек 14 наурызда ғана жағдай қалыпқа келтірілді. Кейін кенттер әкімдері хабарлағанындай ТШО-ның көмегімен қар құрсауының төрттен үш бөлігі тазартылыпты, қалғанын тұрғындар өздері жөнге келтірген көрінеді. Елді мекендердің басшылары мен тұрғындары ТШО мен дер кезінде көмекке келіп, қар құрсауынан құтқарған компаниялаға алғыстарын айтуда.. Ғалия ЕСЕНОВА. Суреттерді түсірген автор. Шығарушы Теңізшевройл ЖШС-гі. Айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Газетті дайындағандар: Бас редактордың міндетін атқарушы Төлеген БЕРІШБАЙ және Линси КРЭЙН, Георгий ТРУХИН, Айбар. ХАМИЕВ. БАСЫЛЫМ ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігінде 2001 жылғы 21 қарашада тіркеліп, тіркеу туралы 2482-Г куәлігі берілген. Мекен-жайымыз: 060011, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 3-үй ТШО кеңсесі. Телефон: 7(712) 302-6248 \ 6870. Факс: 7(712) 302-6729, 7(712) 302-6752 РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Тим Миллер Әнуарбек жәкиев Ричард Филгейт Рзабек Артығалиев Мұрат Мыңбаев Шолпан Алтыбаева Самат Әженов Газет редакцияның компьютер бөлімінде теріліп, беттеліп, «Компания Leader Offset Printing» ЖШСнің баспаханасында басылды. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 212 «А». Тел.: 8 (7272) 68 55 68. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс