Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен Әдістемесі

Σχετικά έγγραφα
Проблемаға негізделген оқуды енгізу арқылы оқушылардың өзіндік тиімділігін арттыру

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. 5В Математика мамандығы бойынша МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРДІҢ КАТАЛОГЫ

Б.Қ. Бұқарбаев, Ж.Ғ. Займолдина, Б.Б. Ораз, О.Ж. Ұлқабай ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Теллурдың жаңа туындыларының синтезі және қасиеттері

Тақырыбы: 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге математика және физика пәндерінен дайындаудың кейбір тиімді әдістері.

ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА АОО «НАЗАРБАЕВ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ ШКОЛЫ» ФАКУЛЬТЕТ ОБРАЗОВАНИЯ КЕМБРИДЖСКОГО УНИВЕРСИТЕТА

Серіков Т.Ғ-ның АҢДАТПА Тақырыптың өзектілігі.

Əскери психология мен педагогика негіздері

КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. Кинематика деп денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын физиканың бөлімі.

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЕРКІН ТҮСУІ

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ НҰРЫ ТАСЫСЫН

Курстың мақсаты: - Математикалық физика теориясының іргелі ұғымдарымен таныстыру, негізгі әдістерді үйрету және оларды қолдану білуге дайындау, әр

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Əбдірахманова Күнсая Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ФМБ НЗМ, 11-сынып. ҰБТ-ға дайындық үшін геометрия пəнінен тест тапсырмалары

Сабақ жоспары. 1. М(2;-5), Р(-5;-2), К(2;5) болса, МРК үшбұрышының периметрін табыңдар.

нарықтың дамыған инфрақұрылымның болуы; тұрақты салықтық-бюджеттік және кредитті-ақшалай жүйенің болуы. Еркін нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін

Михайлова Светлана Леонидовнаның

Экологиялық философия.

2 СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

Аннотация. Annotation

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Криптография. ОРЫНДАҒАН: Сабитов Аманбек ОИН-302 тобы.

Сабақ жоспары. 1. Теңдеулер жүйесін шешіңдер: x 2 +y 2-6y=0 x 2 -xy+y 2 = Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер: x 2 +4x-5>0

ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

CKOH ЦИКЛДЫ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯСЫ

Математика, Физика және Информатика институты. 5B Ақпараттық жүйелер мамандығы

Тақырыбы: Кері функция. Функцияның нүктедегі шегі. Шектің негізгі қасиеттері

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕМЕХАНИКА ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ

5 ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕРДІҢ САНДЫҚ ӘДІСТЕРІ. 5.1 Интегралдарды жуықтап есептеу

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Электроэнергетика және физика кафедрасы. Г.Асанова

СӨЗЖАСАМ, ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ ОЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

МГД- ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЦИКЛДАРЫ

«СТАТИСТИКА» ПƏНІ БОЙЫНША ОҚУ- ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» пәні бойынша

Сабақты ң тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонны ң екінші заңы. 9 А сыныбы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Полиметалл» Қызыл жобасы Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары (ESAP) Талап етілетін жұмсалымдар /Ресурстар/ Жауапкершілік

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ А. Н.

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы ПМУ ҰСН /06. Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті. Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Техник-технолог Кіші инженер-технолог

Инерция моменті Инерция тензоры

Орындаған: Саматқызы Гүлманат Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы 6 ОМ, 10 класс оқушысы

БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖƏНЕ ДЕРЕКҚОР НЕГІЗДЕРІ

Тақырып: Жоғары молекулалы қосылыстар

ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) Химия

рметті студент! Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 5B «Информатика» 1. Педагогика 2. Информатиканы оыту əдістемесі

Б.Бӛрібаев ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. Оқулық

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

17 18 ғасырлардағы мәдениет пен ғылым

Қазақстан Республикасынын білім және ғылым министрлігі. С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. К.Х.

Қ аза қ стан Республикасыны ң білім ж ә не ғ министрлігі. университеті Инженерлік технологиялы қ Химия кафедрасы

әл-фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ SYLLABUS

Тексерген: Рысжанова Айжан Сайлаухановна Орындаған: Оралғазин Бекнар Болатқазыұлы

Тема: 23-Көпжақтар. Олардың аудандары мен көлемдері Подтема: 01-Призма. Тік жəне көлбеу призмалар. Куб. Олардың бет аудандары мен көлемдері.

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны 4 (арнайы шығарылым), 2009 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ТАҒАМ ИНЖЕНЕРИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ. «Машиналық сызба» пәнінен «5В071200» - «Машинажасау» мамандығына арналған

МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ

Сұлтанғали Төлегенов БИОМЕТРИЯ. ОҚУлық

Металдар мен бейметалдар қасиеттері

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ҒАЛЫМДАР және олардың Исламдағы орны

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ жылғы ҚАЗАН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ ҚАҢТАР АҚПАН УХАНИ (02) ЖАҢҒЫРУ. Түркі әлеміндегі Мағжан жылы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

1 Тақырып. Информатиканың фундаментальды негіздері 1,2 дәріс

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сұйықтықтардағы қысым формуласы мен анықтамасын біледі. Қатынас ыдыстардың түрлерін біледі. Жетістік критерийлері

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Психология жəне тұлға дамуы пəнінен

Жарық Интерференциясын зерттеу

*Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдары

АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

1-бөлім: Эрозия және үгілу. Үгілу мен эрозия арасында қандай айырмашылық бар?

Химия пәнінен интерактивті online сабағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті МАНАТ. 6D Математика (Қолданбалы математика)

ФИЗИКАЛЫҚ және КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ

ӘОЖ ҰН ӨНІМДЕРІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ. Г. М. Қадырова магистрант, Т. А. Байбатыров т.ғ.к.

АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІі

СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН АВТОБУСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Математика талапкерге

Зерттеулер және статистика департаменті Экономикалық зерттеу Төлеуов Олжас

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. Қ. И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Өнеркəсіптік инженерия институты

МАЗМҰНЫ. 13 ерекше (жеке) жағдайда орналасуы 2.6 Түзудегі нүкте. Түзудің ізі Жалпы жағдайда орналасқан түзу кесіндісінің сызбада

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жарық жылдамдығын өлшеудің лабороториялық әдістері.

5В «Химия» мамандығының студенттеріне арналған МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ Бакалавриат Бейорганикалық химия пәні бойынша сұрақтар

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет БАС МҰҒАЛІМ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ТҮСІНБЕЙТІН СИЯҚТЫ

«Агротехнологиялық машиналар» пəні бойынша сұрақтар

Семей қаласындағы Физика- математика бағытындағы. Назарбаев Зияткерлік мектебі

Transcript:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жүсіпқалиева Ғ.Қ. Джумашева А.А. Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен Әдістемесі Орал, 2012

УДК 371.124:53(042.4) Баспаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, 5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: Бақтыбеков К.С. физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сырым Ж.С. ғылымдарының кандидаты, доцент педагогика Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. /Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С./ - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. 195 б. Оқу құралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық оқу орындарының «Физика» мамандығының студенттеріне арналған. Оқу құралы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектерін қамти отырып, құзыреттілікке бағдарланған білім беруге икемделіп жазылған. 2

Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С., 2012. М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2012. МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ...6 ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ І ТАРАУ. Физиканы оқытудың әдістемесінің ғылымитеориялық негіздері, оның мақсаттары мен зерттейтін мәселелері 1.1. "Мектепте физиканы оқыту әдістемесі" курсының мақсаттары мен міндеттері... 7 1.2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы...9 1.3. Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үрдісінде басшылыққа алынатын құжаттар...12 1.4. Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары...19 ІІ ТАРАУ. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері 2.1. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері... 32 2.2. Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру... 43 2.3. Оқушылардың физикалық ойлау мен шығармашылық кабілеттерін дамыту...45 ІІІ ТАРАУ. Негізгі мектептің физика курсының мазмұны мен құрылымы 3.1. Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі...55 3

3.2. Физика курының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принциптері...61 ІV ТАРАУ. Физиканы оқыту әдістері 4.1. Оқыту әдістерінің классификациясы...67 4.2. Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары...73 4.3. Оқыту әдістері мен ғылыми танымның әдістерінің байланысы...93 4.4. Физиканы оқыту құралдары...98 4.5. Мектептегі физика кабинеті және оның жабдықталынуы...100 V ТАРАУ. Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі 5.1. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс...104 5.2. Репродуктивтік әдіс...105 5.3. Проблемалық әдіс...106 5.4. Эвристикалық әдіс...107 5.5. Зерттеушілік әдіс...109 VІ ТАРАУ. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары 6.1. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру формалары... 111 6.2. Қазіргі заманғы физика сабағы...112 6.3. Физика сабағының құрылымы...116 6.4. Физика сабағына қойылатын талаптар...125 6.5. Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы...126 VІІ ТАРАУ. Мұғалімнің жұмысын жоспарлауы 7.1. Жылдық, күнтізбелік-тақырыпты жоспарлар...133 7.2. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі...135 VІІІ ТАРАУ. Физика сабақтарын талдау 4

8.1. Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері...139 8.2. Физика пәнінің мұғалімінің сабақты өзіндік тұрғыдан талдауы...142 8.3. Инновациялық сабақты талдау...143 ІХ ТАРАУ. Оқыту нәтижесін бағалау мен тексеруді ұйымдастыру 9.1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы...145 9.2. Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері...147 9.3. Оқушылардың білімін бағалау кретерийі...150 Х ТАРАУ. Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперимент 10.1. Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері...157 10.2. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар...158 10.3. Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі...159 10.4. Физикалық практикумның мақсаты және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі...162 10.5. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы...163 ХІ ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 11.1. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы...165 11.2. Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі...171 5

ХІІ ТАРАУ. Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, классификациясы және әдістемесі 12.1. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты...175 12.2. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы...176 12.3. Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі...183 Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнінен тестілер...188 Пайдаланған әдебиеттер...193 АЛҒ Ы СӨЗ Білімді ұрпақ - рухани дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, ақпараттық қоғамда ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, компьютерлік сауаты бар, талап талғамы жоғары, адамгершілігі биік парасатты тұлға болуы тиіс. Осы мақсатта біздің болашақ мұғалімдерімізде теориялық 6

білімдерімен қатар әдістемелік шеберлігі де жоғары, жаңа педагогикалық технологиялармен қаруланған, заманның сұранысына лайықты құзыретті маман болуы керек. Осы орайда дайындалған бұл оқу құралы профессор М.Құдайқұловтың «Физиканы оқытудың әдістемесі» мен С.Е.Каменецкий, Н.С.Пурышеваның редакциясымен басылған «Теория и методика обучения физике в школе» оқу құралдарын басшылыққа ала отырып дайындалды. Оқу құралы физика мамандығы үшін баршаға міндетті білім беру стандарты мен «Физиканы оқыту әдістемесі» типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылды. Оқу құралында жалпы орта білім беретін оқу орындарында физиканы оқытудың әдістемесінің теориялық және жалпы дидактикалық негіздері қарастырылады. Сонымен қатар оқу құралы мектепте оқыту үдерісі басшылыққа алатын құжаттармен, жаңа педагогикалық технологиялармен, физика сабақтарын талдау әдістерімен, оқушылардың білімін бағалау әдістерімен толықтырылды. Аталмыш оқу құралын жоғары педагогикалық оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттерімен қатар арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері мен мектеп мұғалімдерінің қолдануына болады. Бұл әдістемелік оқу құралы пайдаланушының барлық сұранысын қанағаттандыра бермеуі мүмкін. Себебі қоғамның дамуына, өзгеруіне байланысты сол қоғамдағы білімнің мазмұны мен білімді берудің әдістемесі де өзгеріп отырады. Сондықтан пәнді оқытудың әдістемесінің теориялық және жалпы дидактикалық негіздерін толықтырып отырудың қажеттілігі белгілі. Алайда, физика мұғалімдерінің бүгінгі мұқтаждығына бұл оқу құралы өз үлесін қосады деп ойлаймыз. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ І тарау ФИЗИКАНЫ ОҚ ЫТУДЫҢ 7

ӘДІСТЕМЕСІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ БІРІ. Ғ ЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ОНЫҢ МАҚ САТТАРЫ МЕН ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ 1.1. "Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің" ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың істәжірибесі мен теориясын қарастыру. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады: 1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұнын анықтау. 2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі. ( оңайдан қиынға) 3. Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. 4. Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау. 5. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету. 6. Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7. Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады. 8

Сұлба 1. Мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі. Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі өзгеріп отырады. Себебі мектеп қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Мектептегі білім берудің мақсаты қоғамның қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. Ал білім мазмұны білім беру мақсатына тікелей байланысты. Физика курсының мазмұны физика ғылымының даму деңгейіне, оқушылардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктеріне, ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты. Физиканы оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты. Сонымен, оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, құралдары және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың технологиясын құрайды. Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұнынан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына сұлбадан көрінеді: Сұлба 2. ФОӘ Физика Психология Педагогика Философия, логика, техникалық ғылымдар 9

1.2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы Педагогикалық зерттеулердің қажеттілігі бар теориялық білімдер мен практикалық тәжірибелер арасындағы қарамақайшылықтардың туындауынан және оларды жаңа педагогикалық міндеттерді шешуде, жаңа педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолдануға мүмкін еместігіне орай пайда болады. Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулік қызметке сонымен қатар педагогикалық психологияның, ақпараттық құралдардың дамуы да өз үлесін тигізеді. Педагогикалық зерттеулер, басқа зерттеулер сияқты, белгілі бір мақсатпен орындалады, оны жүргізу үрдісінде нақты бір міндеттер шешіліп, басқа бір әдістер қолданылады, немесе басқаша айтқанда, педагогикалық зерттеулер белгілі бір әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады. Әдіснама(Методология гр.methodos-зерттеудің немесе танып білудің жолы,теория,ілім және logos-сөз, ұғым) теориялық және практикалық іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі; танып білудің ғылыми әдісі туралы ілім; қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістердің жиынтығы. Әдіснама философиялық, жалпы ғылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В.В.Краевский, В.С.Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды. Әдіснаманың философиялық деңгейі, оның мазмұны танымның жалпы принциптері мен ғылымның категориялық құрылымынан тұрады. Философиялық білім жүйесі әдіснамалық міндетті атқарады. Бұл жағдайда философиялық деңгей кез-келген әдіснамалық білімнің мазмұндық негізі ретінде қарастырылады. Әдіснаманың жалпы ғылымилық деңгейі барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып табылады. Әдіснаманың нақты ғылымилық деңгейі кез-келген арнайы ғылыми пәнде (салада) қолданылатын зерттеу әдістері, принциптері және шараларының жиынтығы. Педагогиканың әдіснамасы дегеніміз педагогикалық шынайлықты көрсететін педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары, білім алудың жолдары және көзқарастарының принциптері туралы 10

білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын, әдістерін, сапасын бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі. Әдіснаманың технологиялық деңгейі(зерттеу әдіснамасы) зерттеудің әдістемесі мен техникасынан тұрады, яғыни кейін ғылыми білім қорына енгізілетін эмпирикалық материалды алуды және оны бастапқы өңдеуді қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Белгілі бір зерттеулер жүргізуде танымның жалпы, жалпығылыми және нақты-ғылыми ұстанымдары мен әдістері қолданылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппаратына келесі категориялар жатады: - зерттеу тақырыбы; - қарама-қайшылықтармен анықталатын зерттеулердің өзектілігі, мысалы, физикалық білім алдында тұрған қазіргі заманғы міндеттер мен осы міндеттерді шешуге мүмкіндік бермей тұрған, қалыптасқан физиканы оқыту практикасы арасындағы қарама-қайшылықтар; - көрсетілген қарама-қайшылықтан туындайтын және сұрақ түрінде тұжырымдалатын зерттеу проблемасы; - зерттеу кезінде неге жету керектігін көрсететін зерттеу мақсаты; Яғни зерттеудің ғылыми нәтижесі. - зерттеушінің жұмыстанып отырған практикасы немесе ғылыми білімі, яғни зерттеу барысында не қаралатындығын көрсететін нысаны(обьектісі); - зерттеу заты зерттеліп жатқан объектінің сол бір аспектісі, сол бір тарабы; бір нысан бірнеше зерттеулердің заты бола алады; Мысалы зерттеу нысаны физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы болса, ал зерттеу заты жаңа білімді оқушыларда қалыптастырудағы физикалық эксперименттің маңызы немесе фронтальды зертханалық жұмыстың білім берудегі маңызды, оқушылардың өз бетімен орындайтын физикалық тәжірибелер маңызы т.б. - зерттеу болжамы (гипотезасы) бұл зерттеу барысында дәлелденуге тиіс ғылыми алдын-ала жорамал; - зерттеу міндеттері зерттеу мақсаты мен болжамы арқылы анықталады, жалпы мақсатқа қатысты олар дербес тәуелсіз мақсаттар ретінде түсіндіріледі; 11

- зерттеу әдістері; - ғылыми жаңалық, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы зерттеу жүргізген кезде алынған нақты бір нәтижелер, және олардың педагогикалық теория мен практика үшін маңызы; Сонымен ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы мынадай кезеңдерден тұрады: 1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу. 2-кезең. Әдіснаманы таңдау-бастапқа тұжырымдама, тректеориялық ережелер. 3-кезең. Зерттеу болжамын құру-теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық. 4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау. 5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу. 6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру(өңдеу). 7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау. Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады. Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді. 1. Теориялық. 2. Эксперементальдық Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту технологиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады. Эксперименттік әдістерге:сауалнама жүргізулер және сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру, тестілеу, сараптамалық бағалау жатады. Сауалнама жүргізу және сұқпат алу бұл экспериментке қатысушылардан жауап алудың екі формасы. Сауалнамаға ашық және жабық түрдегі сұрақтар енгізіледі. Сұқпат алу кезінде қойылатын сұрақтар, әдеттегідей, ашық сипатқа ие болады. Сұрақтардың екі тобын бөліп көрсетуге болады: фактілер жөнінде 12

сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер, іс-әрекеттер жөнінде (мысалы, физика сабағында өзбетімен жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар. Педагогикалық зерттеулер нәтижиесінде оқыту әдістерінің қайсысы тиімді екені анықталады. Тиімділік критерииі болып, оқушының меңгерген білімінің көлемі, білім жүйесі, біліктілігі, тереңділігі, саналы түрде меңгеруі жатады. Педагогикалық зерттеулердің барлық сатыларында теориялық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады. 1.3. Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР «Білім туралы» заң, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» мен «Базистік оқу жоспарын» басшылыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика" оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесін демократияландыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Оларға: әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығы; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейнесін оқыту үдерісін гуманизациялау, гуманитаризациялау ұстанымдарынан және саралап оқыту үдерісінен көрінеді. Оқытуды гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне 13

айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді болжайды. Оқытуды гуманитаризациялау тиісті оқу пәндерінде (дүниетанымдық, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) оқытылатын ғылымның гуманитарлық аспектілеріне назарды күшейтуді болжайды. Оқытуды саралау оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу үрдісін ұйымдастыруды болжайды. Қазіргі уақытта жалпы орта білімді әртүрлі типтегі оқу орындарынан алуға болады: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке мектепте, бейімдік мектепте. Жалпы білім беретін мектеп-бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Гимназия білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны; Лицей негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны; Колледж жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Жеке мектептер қоғамдық, діни ұйымдар, әртүрлі бірлестіктер мен қорлар, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың бастауымен құрылады. Жеке мектептің білім беру қызметін жүзеге асыру үшін тиісті білім департаменті берген өзінің жарғысы мен лицензиясы болуы тиіс. «Білім туралы» Заңмен Жалпы білім беретін оқу орындарында жалпы орта білім кезең-кезеңмен үш сатыда меңгеріледі: - нормативтік оқу мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (1-4-сыныптар); 14

- нормативтік оқу мерзімі 5 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (5-9-сыныптар); - нормативтік оқу мерзімі 2 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (10-11-сыныптар). Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа алатын екінші құжат-базистік оқу жоспары. Базистік оқу жоспары (БОЖ) - вариативті білім беру жағдайында жалпы орта білім негізін анықтайтын және жалпы білім беретін оқу орындарының оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компаненттерін белгілейтін құжат. Базистік оқу жоспары типтік және жұмыстық оқу жоспарларын жасауға негіз болады және жалпы білім беретін оқу орындарының қызметін қаржыландыру үшін бастапқы құжат болып табылады. БОЖ білім салалары мен пәндер бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім салалары мен оқу пәндерінің құрамын, сыныптар мен оқу сатылары бойынша білім мазмұнын меңгеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын нормативтерді тағайындайды. БОЖ білім мазмұнының инвариантты және вариативті компаненттерге бөлінуі есебінен оны қалыптастыруы бойынша жалпы білім беретін оқу орнының және білім беру саласындағы орталық атқару органдары өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін белгілейді. БОЖ-да басқару ұйымдары мен оқу орындары анықтайтын білім мазмұнының көлемі (сағат санымен) ерекшеленіп көрсетілген. БОЖ-ның инвариантты бөлігі жалпы орта білімнің базалық компанентін құрайды. Инвариантты бөлік оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық мәні құндылықтармен таныстырады, олардың бойында қоғамдық мұраттарға (барлық оқушылар үшін міндетті сабақтар) сәйкес келетін жеке тұлғалық сапаларды қарастырады. БОЖ-ның базалық (инвариантты) бөлігі-әр сатыдағы жалпы орта білім мазмұнының базалық компанентінің құрамы мен құрылымын сипаттайтын оқу жүктемесінің бөлігі. БОЖ-ның базалық бөлігіндегі пәндер оқушылардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен таныстыруды көздейді, сол арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына және дамуына жағдай туғызады. 15

Әрбір білім саласы бірнеше пәндерді қамтиды. Физика «Жаратылыстану» білім саласының құрамына енеді. БОЖ-ның вариативті бөлігі (жылжымалы) жалпы орта білімнің мектеп және оқушы компанентерін ескереді. Жалпы орта білім мазмұнының вариативті бөлігі оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз етеді, олардың өзіндік ерекшеліктерін, оқушылар мен олардың ата-аналарының білімдік сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді. БОЖ-ның вариативті бөлігі жалпы білім беретін оқу орындарына оқушылардың мүддесі мен қабілеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы орта білім мазмұнының көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндік туғызады. Оқу жоспарының мектеп компанентінің сағаттары білім салаларына енетін пәндерді (соның ішінде тереңдетіп оқытуға арналған) оқуға, жаңа оқу курстары мен модульдері(таңдауы бойынша сабақтар, факультативтік сабақтар, бағдарлы пәндер, қолданбалы курстар)енгізуге пайдаланылады. Мектеп компанентінің пәндері оқушылардың оқуына міндетті болып табылады. Оқушы компанентінің оқушылардың оқу жүктемесіне енуі міндетті емес. Кесте 1. Қазақ тілінде жалпы білім беретін оқу орнының типтік оқу жоспары Негізгі саты Сыныптар бойынша апталық Білім салалары және оқу Жүктеме, сағ. сағат саны пәндері 5 6 7 8 9 апталық жылдық Базалық (инвариантты) компанент І Филология 11 10 10 9 9 49 1666 1. Қазақ тілі 3 3 3 2 1 12 408 2. Әдебиет 3 2 2 2 3 12 408 3. Русская речь 3 3 3 3 3 15 510 4. Шетел тілі 2 2 2 2 2 10 340 ІІ Математика 5 5 5 5 7 27 918 5. Математика 5 5 4 4 4 22 748 6. Информатика 1 1 1 3 102 7. Сызу 2 2 68 ІІІ Жаратылыстану 2 3 6 9 7 27 918 8. Георграфия 2 1,5 2 2 1 8,5 289 9. Биология 1,5 2 2 2 7,5 255 10. Физика 2 2 2 6 204 11. Химия 3 2 5 170 16

IV Қоғамтану 2 2 3 3 5 15 510 12. Дүние жүзі тарихы 1 1 1,5 1,5 1,5 6,5 221 13. Қазақстан тарихы 1 1 1,5 1,5 1,5 6,5 221 14. Қоғамдық білім негіздері 2 2 68 V Өнер 3 3 6 204 15. Музыка 1,5 1,5 3 102 16. Бейнелеу 1,5 1,5 3 102 VI Технология 2 2 2 2 2 10 340 17. Технология 2 2 2 2 2 10 340 VIІ Денешынықтыру 2 2 2 2 2 10 340 18. Денешынықтыру 2 2 2 2 2 10 340 Инвариантты оқу жүктемесі 27 27 28 30 32 144 4896 Мектеп (вариативті)компоненті Факультативтер. Таңдаулы 4 4 4 4 4 20 680 курстары Жоғары шекті оқу жүктемесі 31 31 32 34 36 164 5576 Жеке және топтық кеңестер, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар Оқушы компаненті 2 2 2 2 2 10 340 БАРЛЫҒЫ 33 33 34 36 38 174 5916 Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты Кесте 2. Сыныптар бойынша Білім салалары және оқу Жүктеме, сағ. апталық сағат саны пәндері 10 11 апталық жылдық Базалық (инвариантты) компанент І Тіл және әдебиеті Вариативтік компоненттегі «Бағдарлы пәндері» бөлігіне қараңыз ІІ Математика және 4 4 8 272 информатика 1. Алгебра 2 2 4 136 2. Геометрия 1 1 2 68 3. Информатика 1 1 2 68 ІІІ Жаратылыстану 4 4 8 272 4. Физика 1 1 2 68 5. Химия 1 1 2 68 6. Биология 1 1 2 68 7. Георграфия 1 1 2 68 IV Адам және қоғам «Бағдарлы пәні»вариативті бөлікті қараңыз V Өнер 2 2 4 136 8. Өнер 2 2 4 136 VI Технология 2 2 4 136 9. Технология 2 2 4 136 VIІ Денешынықтыру және алғашқы әскери 5 5 10 340 17

дайындық 10. Денешынықтыру 3 3 6 204 11. Алғашқы әскери дайындық 2 2 4 136 Инвариантты оқу жүктемесі 17 17 34 1156 2. Вариативті компоненті 2.1 Мектеп компоненті Бағдарлы пәндер 19*/17 19*/17 38*/34 1292*/1156 12. Ана тілі 2 2 4 136 13. Әдебиет 2 3 5 170 14. Қазақ тілі*/орыс тілі 4*/2 4*/2 8*/4 272*/136 15. Қазақ әдебиеті/орыс 2 1 3 102 әдебиеті 16. Шетел тілі 4 2 6 204 17. Қазақстан тарихы 1 2 3 102 18. Дүние жүзі тарихы 1 1 2 68 19. Қоғамдық білім негіздері 1 2 3 102 20. Құқық негіздері 1 1 2 68 21. Өзін-өзі тану 1 1 2 68 Қолданбалы курстар 3 3 6 204 2.2 Оқушы компаненті Таңдаулы курстар -*/2 -*/2 1*/4 34*/316 Вариативті оқу жүктемесі 22 22 44 1496 Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 39 39 78 2652 18 Кесте 3. Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспары Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағыты Сыныптар бойынша Білім салалары және оқу Жүктеме, сағ. апталық сағат саны пәндері 10 11 апталық жылдық Базалық (инвариантты) компанент І Тіл және әдебиеті 10*/8 10*/8 20*/16 680*/544 1. Ана тілі 1 1 2 68 2. Әдебиет 2 2 4 136 3. Қазақ тілі*/орыс тілі 4*/2 4*/2 8*/4 272*/136 4. Қазақ әдебиеті/орыс 1 1 2 68 әдебиеті 5. Шетел тілі 2 2 4 136 ІІ Математика және «Бағдарлы пәндер»вариативті бөлігін қараңыз информатика ІІІ Жаратылыстану «Бағдарлы пәндер»вариативті бөлігін қараңыз IV Адам және қоғам 4 4 8 272 17. Қазақстан тарихы 1 1 2 68 18. Дүние жүзі тарихы 1-1 34 19. Қоғамдық білім негіздері - 2 2 68 20. Құқық негіздері 1-1 34 21. Өзін-өзі тану 1 1 2 68

V Технология 2 2 4 136 9. Технология 2 2 4 136 VIІ Денешынықтыру және 5 5 10 340 алғашқы әскери дайындық 10. Денешынықтыру 3 3 6 204 11. Алғашқы әскери дайындық 2 2 4 136 Инвариантты оқу жүктемесі 21*/19 21*/19 42*/38 1428*/1292 2. Вариативті компоненті 2.1 Мектеп компоненті Бағдарлы пәндер 15 15 30 1020 1. Алгебра 2 2 4 136 2. Геометрия 2 2 4 136 3. Информатика 1 1 2 68 4. Физика 3 3 6 204 5. Химия 3 3 6 204 6. Биология 2 2 2 136 7. Георграфия 2 2 2 136 Қолданбалы курстар 3 3 6 204 2.2 Оқушы компаненті Таңдаулы курстар -*/2 -*/2 -*/4 -*/316 Вариативті оқу жүктемесі 18*/20 18*/20 36*/40 1224*/1360 Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 39 39 78 2652 Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа алатын үшінші құжат-жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары(бмжмс). БМЖМС-да пәндік оқытудың мақсаттары мен міндеттері, пән бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимума және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. "Физика" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады. 1.4. Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары Педагогикалық институттар мен университеттерде "Физиканы оқыту әдістемесі" курсын жан-жақты терең меңгеру студенттерден оны физика, математика, материалдар технологиясы, оқытудың техникалық құралдары және электронды-есептеуіш техникасы, философия, педагогика, психология, гигиена, экология, т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет 19

етеді. Себебі, физика және математика ғылымдарын меңгермейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес. Материалдар технологиясын, техикалық құралдар мен электронды приборларды пайдалану арқылы физика сабақтарының политехникалық және кәсіптік бағдарлық маңызын күшейтуге, олардың өмірмен байланыстарын жақсартуға мол мүмкіндік туғызылады. Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы, т. б. философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу - тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогикалық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі. Сол сияқты, физиканы оқыту әдістемесінің институттағы басқа да курстармен байланыстары кең, әрі мол. Сондықтан бұл жағдай ұдайы ескеріліп отырылуы тиіс. Физиканы оқыту әдістемесі - күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отыратын ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал жасайтын қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, техникалық құралдар мен ЭЕТ, экология мен экономика ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары. Үкіметтің мектеп туралы қаулы-қарарлары, әдістемелік журналдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықтарының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялары мен съездерінің материалдары; озат физика мұғалімдерінің, жаңашыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.б. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қарап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз мамандығының күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады. Ресей мектептері мен гимназияларында физика жеке пән ретінде осыдан 350 жылдай бұрын оқытыла бастаған. Орыс тіліндегі тұнғыш физика оқулығын ("Вольфианская экспериментальная физика", 1746 ж.) М.В.Ломоносов шығармашылық тұрғыда аударып, бастырылған. Түп нұсқалық негіздегі орыс тілінде шығарылған алғашқы оқулықтар М.Е.Головиннің ("Краткое руководство к физике", 1785ж.), П.И.Гиларовскийдың («Руководство к физике», І793ж.), К.Д.Красвичтің ("Учебник физики", 20

1866 ж.), П.Л.Любимовтың («Начальная физика", 1876ж.), И.И.Косогонвтың ("Концентрический учебник физики", 1909ж.), А.И.Бачинскийдің ("Физика", І9І5ж.) кітаптары болды. Орыс тілінде физиканы оқыту жөніндегі тұнғыш туынды - әдістемелік құралдар мен зерттеулер Ресейде 1870 жылдан (К.Д.Краевич. "Каталог физического кабинета") шығарыла бастады. Одан кейінгілері, И.И.Паульсонның "0 преподавании элементарной физики" (1871 ж.), Я. И. Ковальскийдің "Первоначальные опыты по физике" (1885 ж.), Ф.Н.Шведовтың "Методика физики" (1894 ж.), П.А.Бароновтың "Методика начальной физики" (1913 ж.), Н.В.Кашиннің "Методика физики" (1916 ж.) деген арнаулы әдістемелік құралдары болды. Советтік кезеңдегі алғашқы мектеп физикасының басқышты бағдарламасын Петроградта П.А.Знаменский (1918 ж.) және Мәскеуде И.И Соколов (1921 ж.) жасаған. Алғаш рет 1918 жылы Мәскеу мен Петроград педагогика институттарында арнаулы физиканы оқыту әдістемесі кафедралары ұйымдастырылған. Орыс тіліндегі советтік тұңғыш физика оқулығы (И.И.Соколов Рабочая книга по физике для рабфака") 1926 жылы шығарылған. Одан кейін, мектеп үшін, 1933 жылдан бастап А.В. Перышкиннің және басқа авторлардың жазған физика оқулықтары шығарылып келеді. 1934 жылдан бері физика мұғалімдеріне арнап "Физика в школе" журналы шығарыла бастады. 1934 жылы педагогикалық институттардың студенттері үшін Ленинградтық П.А.Знаменскийдің және Мәскеулік И.И.Соколовтың "Методика преподавания физики в средней школе" деген фундаментальды тұңғыш қолтума арнаулы оқулықтары жекежеке кітап болып шығарылған. Бұл кітаптарда совет мектебіндегі физиканы оқыту әдістемесінің негізгі теориялық принциптері мен практикалық әдіс-тәсілдері жан-жақты зерттеліп, мазмұны мен ғылыми бағыттары тұжырымдалған. Осы уақытқа дейін физиканы оқыту әдістемесі туралы орыс тілінде 20- дан астам әр түрлі оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік еңбектер шығарылған. Украин тілінде физикадан есептер шығарудың әдістемесі (авторы - В.А.Франковский, Киев, 1947 ж.), физиканы оқыту әдістемесі жайлы очерктер (А.К.Бабенко, М.И.Разенберг, 4 томдық, 1955-1959 ж.ж.), сегізжылдық мектептерде физиканы оқыту әдістемесі (Н.С.Белый, 1962 ж.) туралы оқулықтар шығарылған. 21

Белорусь Республикасында "Самостоятельные работы на уроках физики" (М.Я.Качинский и др.), "Уроки физики" (М.С.Кузей) сияқты тамаша қолтума әдістемелік құралдар жасалынды. Әзірбайжанда 1954 жылдан бері "Преподавание физики и математики в школе" деген арнаулы әдістемелік журнал шығарылып келеді. А.К.Абасзаде, С.Ш.Иманов сияқты ғалымдардың әскери техниканың физикалық негіздері, физиканы оқытудағы тәрбие мәселелері, физиканы оқытуды жақсарту мақсатта техникалық құралдарды пайдаланудың әдістемесі жайындағы ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды. Грузияда В.С.Кобохидзенің мектепте физиканы оқыту әдістемесі туралы құнды оқулығы (1966 ж.) жарық көрді. Есеп шығару, физикалық эксперимент жайлы әр түрлі әдістемелік құралдар шығарылды. Прибалтика республикаларында мектеп физикасы жайында өзінше қолтума ерекшеліктері мол оқулықтар мен есептер жинағы шығарылып келді. Өзбекстан әдіскер-ғалымдары (Б.Мирзахметов, Э.Тұрдықұлов, Н.Шадиев, Д.Шодиев, т.б.) мектеп физикасы үшін қолданбалы физика мәселелерін, экологиялық тәрбиенің әдістемесін, кәсіптік бағдар беру мен физикалық эксперимент проблемаларын зерттеуде әр түрлі мектептерге арналған физикалық оқу құралдарын жасаған. Қазақстан мектептері мен институттарында физиканы оқыту жайлы алғашқы әдістемелік мақалалар XX ғасырдың 30-40-шы жылдарында жарияланған. Олар айналмалы қозғалыстың динамикасы (М.Маркович), электр құбылыстары мен электромагнитизм (М.Жылқыбаев, П.Уваров, М.Маркович), балқу және магнитизм (Е.Әбдрахимов) мәселелерін физика сабақтарында оқытуды жетілдіруге арналды. Сондай-ақ қолдан физикалық құралдар жасаудың, демонстрациялық тәжірибелер өткізудің, есеп шығару және қайталау сабақтарын жүргізудің әдістемелері (М.Маркович, Е.Абдрахимов, Х.Әбішев т.б.) талданған. Қазақстан зерттеушілері мен әдіскерлері 50-шы жылдарда оқушылардың политехникалық дайындықтарын (П.Правдин. П. Фидулина, А.Исабекова, П.Уваров, М.Құдайқұлов), физиканы ауыл шаруашылығымен байланыстыруды (М.Жылқыбаев), физикалық есептерді шығаруды (А.Қалиев, Е.Асқаров, А.Садыков), 22

өндірістік экскурсия мен киноэкскурсияны өткізуді (В.Гусева, М.Құдайқұлов), өлке тануды және патриоттық тәрбиені (М.Маркович), оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыруды (Л.Көбесов, М.Құдайқұлов. Қ.Болеев), астрономия оқытуды (Х.Әбішев) жақсартумен айналысқан. Қазақстанда 60-шы жылдары физиканы оқытуды өмірмен ұштастыру (Н. Зафирис), физикалық заңдылықтарды түсіндіру (М.Маркович), ультрадыбысты оқыту (Б.Арызханов), физиканы ауыл шаруашылығымен байланыстыру (Е.Асқаров), физиканы оқыту процесінде техниканы және оқу киносын пайдалану (М.Маркович, П.Уваров, К.Айманов, М. Құдайқұлов) жайында оқу-әдістемелік құралдары шығарылды. Олардың негізінде К.Айманов, Б.Арызханов, М.Құдайқұлов, С.Левиналар Республика бойынша алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғады. Сондай-ақ, бұл кезеңде С.Урғалиева, В.Агеев, Е.Евсюков, Н.Триллер, А.Қалиев, А.Горбунов, Л.Грабельковская, Б.Вахольский сияқты әдіскерлердің политехникалық және программалап оқытуға, техникалық құралдарды пайдалануға арналған мақалалары жарық көрді. 60-70-ші жылдары Қазақстанда физиканы оқытуда политехникалық білім беруді жетілдіру (М.Маркович, П.Уваров), физика сабақтарында автоматика мен телемеханика элементтерін пайдалану (К.Айманов), қазақ мектептерінде физиканы оқыту әдістемесінің дамуы (Е.Әбдрахимов) жайлы зерттеулер жүргізілген. М.Құдайқұлов физиканы оқытуда техникалық құралдарды пайдалану мен физика мұғалімінің әдістемелік дайындығы жайында ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, докторлық диссертация қорғап, көптеген оқулықтар мен бағдарламалар және монографиялар шығарды. Кейінгі жылдары, профессор М.Құдайқұловтың ғылыми жетекшілік етуімен Республикада 50-ден астам кандидаттық диссертациялар қорғалып, бірнеше докторлық жұмыс дайындалып, Қазақстан әдіскерінің ғылыми мектебі құрылды. Олар негізінен, физиканы оқытуда оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру (Қ.Болеев, Ш.Төлегенов), қолданбалы физика негіздерін оқыту әдістемесі (Т.Кенжебаев, К.Әзібаева, Қ.Намазбаев), физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру (Р.Брайнингер, К.Нұрымжанова), оқушылардың эксперименттік, политехникалық, кәсібибағдарлық, компьютерлік, жалпы-техникалық іскерліктерін дамыту 23

(Б.Белесов, К.Кенжеғалиев, Ә.Кәрімова, Ж.Асқарова, Ә.Жолдасбеков, т,т.), мектепте физикалық экспериментті жетілдіру (Б.Тасболатов, О.Нүрманов), Франция мектептерінде физикалық есептерді шығарудың тәсілдері мен тәжірибесі (Ә.Кәрімова, О.Нүрманов, Б.Тасболатов, Ә.Файзуллаев т.т.), физика сабақтарында техникалық құралдар мен телевизиялық орталықты пайдалану (Т.Нұрғалиев, А.Горбунов, Б.Белесов т.т.), пединституттар мен мектеп үшін түрлі факультативтік курстардың бағдарламалары мен оқу құралдарын жасау (М.Құдайқүлов, Т.Кенжебаев, Р.Брайнингер, Қ.Намазбаев, П.Фролон т.т.), физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі (М.Құдайқұлов, Ғ.Кертаева), физика әдістемесінің ғылыми негіздері (Қ.Әлімбаев), проблемалық сабақтарды өткізу жайындағы мұғалімнің әдістемелік іскерліктері (М.Құдайқұлов, Б.Асылбаев, О.Мусабеков) жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізді. Ғ.Әбдіғаппаровтың, В.Володарскийдің, А.Анарбаеваның, Б.Дәмитовтың алғашқы физикалық есептер жинақтары шығарылды. Қазақ тілінде қолтума физика оқулықтары да жасалынды. (П.Полатбеков, Б.Арызханов, Қ.Жаңабергенов, Ж.Тобаяков, т.т.) Келешекте факультативтік курстар, шығармашылық сабақтар, өндірістік-техникалық нысандарға экскурсиялар өткізу, кәсібибағдар, физика сабақтарында компьютерді және техникалық құралдарды пайдалану, физика кабинетінің жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін насихаттау, т.с.с. мәселелер бойынша кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізу және толтума әдістемелік кұралдар даярлау қажет. ССРО-да физиканы оқыту әдістемесі жайында 600 ден астам (1936-1938 жж. - 4, 1938-1958 жж. - 146, 1959-1990 жж. - 450) кандидаттық диссертация қорғалған, ал 1951 ж. - 1, 1968-1990 жж. 15-тен астам докторлық диссертациялар орындалған. Ал, Қазақстанда болса алғашқы ондай кандидаттық диссертацияларды қорғау (Айманов, М.Құдайқұлов, Б.Арызханов) 1960- жылдардан басталыпты. Қорғалған докторлық диссертациялардың біреуі 1970-ші жылдары, ал қалған алтауы 1990-шы жылдары орындалған. Қазақстандықтардың қорғалған алғашқы қандидаттық дисертациаларды пәнаралық байланыс, техникалық құралдармен бағдарламалармен оқытудың әдістемесі мәселелерін шешуге 24

арналған (М.Ысқақов, Қ. Айманов, М.Құдайқұлов, С.Левин, Б. Арысханов). Қазақстандық әдіскер-ғалымдардың 1970-ші жылдардағы өздігінен жұмыс істеу (А. Горбунов), факультативтік курстарды өткізу (Б.Вахольский, Т.Кенжебаев, Қ.Намазбаев), сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен техникалық құралдарды пайдалану (Н.Демина, К.Нұрымжанова, Б.Белесов), пәнаралық байланыс (В.Кириллов, К.Әзібаева) мәселелеріне арналды. Республикадағы физик-әдіскерлердің 1980-ші жылдарғы диссертациялық ізденушіліктері, негізінен политехникалық, эксперименттік, кәсібибағдарлық және өлшеу іскерліктерін қалыптастыру (О.Нұрманов, Ә.Кәрімов, О.Сәлімбаев т.т), физикалық есептерді шығару әдістемесін жетілдіру (Б.Волдарский, Б.Одияк, Н.Ильясов), физиканы оқытудың әдіснамалық (Е.Әбдуғалиев), проблемалық сабақтарды өткізу (Б.Асылбаев), кристалдар физикасы мен термодинамиканы оқытуды жақсарту (З.Мәжитова, А.Маженова) мәселелерін шешуге бағытталды. 1990-шы жылдарғы кандидаттық зерттеулердің нәтижесінде мектеп телевизиялық орталығын құру және техникалық құралдарды пайдалану (Т.Нұрғалиев, Т.Мәмбетәлиев, Ә.Файзуллаев), физикалық есептер жүйесі (Б.Мұқышов, Ғ.Байжасарова), студенттер мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру (Л.Жеребятова, М.Ахметов, Н.Жаманқұлова), компьютерлік және кәсіби бағдарлық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру (Ә.Жолдасбеков, Ж.Асқарова, А.Әмірбеков), пәнаралық байланыс пен экологиялық білім беру (О.Мұсабеков, А.Болтаев, У.Тоқбергенова), энергетика негіздерін физика сабақтарында түсіндіру (Қ.Намазбаев), физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігін (Ғ.Кертаева), физикалық білімдерді гуманизациялау (Ә.Қаймолдина) мәселелерін жақсартуға мүмкіндік туғызылды. Қазақстан әдіскер-ғалымдары ішінен М.Құдайқұлов физика мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік іскерліктерін қалыптастырудың дидактикалық диссертация қорғады. (1977 ж., Киев). Физик мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дайындығын жақсартуда пәнаралық байланысты пайдаланудың теориялық негіздерін Б.Кириллов өзінің докторлық зерттеулерінде қарастырған (1990 ж. Мәскеу) Кәсіби мамандық беруге бағытталған физика оқу құралдарын жасаудың дидактикалық проблемалары Б.Арызхановтың докторлық диссертациясында зерттелді (1991 ж., 25

Ташкент). Жамбылдық Т.Кенжебаевтың докторлық ізденісі техникалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың нәтижелілігін артыруды педагогикалық негіздерін шешуге арналды (1992 ж., Мәскеу). Одан кейінгі Абай атындағы АлМУ-да қорғалған доктордық дессертациялар физиканы оқыту процесінде оқушылардың кәсіби мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздеріне (Л.Мәжитова,1995ж), ғылыми-жаратылыстану білім беруде оқушылардың оқу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға (О.Сәлімбаев, 1995 ж.), физика-техникалық және эстетикалық пәндерді оқыту негізінде еңбек пәні мұғалімінің кәсіби әдістемелік дайындығын жетілдірудің дидактикалық мәселелеріне (М.Қозыбақов, 1998 ж.), болашақ мұғалімдердің функционалды-әдістемелік білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға (Ғ.Жүсіпқалиева, 1999 ж.) арналды. Казақстанда 1920-1997 жылдары аралығында физиканы оқытуға қатысты 170-ке жуық қазақ тіліндегі әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттер шығарылыпты. Физикадан қазақша қолтума оқу құралы алғаш 1923 жылы басылған, сонан соң 1960- шы жылдардан бастап төл тіліміздегі оқулықтар мезгіл-мезгіл шығарылып тұрған. 1920-шы жылдан 1950-ші жылдарға дейін, 30 жыл бойы біздің республикада қазақ тілінде физикадан ешқандай әдістемелік, не ғылыми-техникалық әдебиеттер шығарылмай келген. Алғашқы әдістемелік құрал да орысшадан 1955-жылы (Т.Әбдісадықов т.б. қатысуымен) аударылған, ал физика мұғалімі үшін өзіміздің қолтума әдістемелік әдебиеттеріміз 1960-шы жылдардан бері ғана жарық көре бастаған. Осы 78 жыл ішінде қазақ тілінде 60 тан астам физикатехникалық әдебиеттер шығарылған, олардың үштен екі бөлігі төл тілімізде жазылыпты. Мұғалімдер мен оқушыларға көмекші алғашқы физикалық-астрономиялық ғылыми-көпшілік әдебиеттер 1950-ші жылдары (20 тақырып бойынша) орыс тілінен аударылып, ал мұндай қолтума басылымдардан, 1960-шы жылдары - 30, 1970 ж. - 45, 1980-ші жылдары - 50 кітаптар әр түрлі тақырыпта жазылған. 2003 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлады. Осыған байланысты қазіргі кезде академияның мектепте және мектепке дейін білім 26

беру институтының жаратылыстану-математика пәндерін оқыту лабораториясының қызыметкерлері осы мерейтойды лайықты табыстармен қарсы алу мақсатында жемісті еңбек етті. Ал енді физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тоқталатын болсақ, Республикада физика әдістемесі саласындағы ғылымизерттеулердің даму тарихы 1939 жылы педагогика институтының негізінде құрылған мектептер институттың ашылу кезеңінен бастау алады. Физика және математика пәндерін оқыту бөлімі алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибені таратумен, мектептегі физика пәнін оқытуды жетілдіру мәселесін зерттеумен, әдістемелік құралдар дайындаумен шұғылданды. 1939-40 жылдары бөлім қызыметкерлерінің атсалысуымен республикадағы қала және ауыл мектептерінің мұғалімдері үшін ғылыми-әдістемелік құрал жазған ғалымдардың бірі М.Жылқыбаев болды. Оның «Физикадан лабораториялық жұмыстар», «Физикалық приборлардың сипаттамасы және олардың қолданылуы», «Материяның атом-электрондық құрылысы» атты еңбектері жарық көріп, педагогикалық журналдарда мақалалары жарияланды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты институт жабылып, ол тек 1943 жылы ғана өз жұмысын қайтадан жалғастырды. 1951 жылы мектептер институты негізінде Педагогикалық ғылыми зерттеу институты құрылып, оның жеті секторының бірі фиизика мен математиканы оқыту әдістемесімен айналысты. 1957 жылдан бастап бұл сектор политехникалық оқыту бөліміне қосылды. Физиктер тобының алдына «Оқушыларға политехникалық білім беру және оларды еңбекке баулу» проблемасы қойылды. Он бір жылдық мектептерде өткізілген эксперимент мәліметтері негізінде ғылыми қызметкерлер физиканы оқыту процесін жетілдіру мәселесі бойынша әдістемелік құралдар, нұсқаулар жаратылыстану математика цикліндегі пәндердің бағдарламаларын дайындады. 1960 жылы физика мен математиканы оқыту және өндірістік еңбекке баулу секторы құрылды. 1960-65 жылдары сектор орта мектепте физика мен математиканы оқытудың жағдайын, өмірмен байланыстыру негізінде оқыту процесінің тиімділігін арттыру жолдарын зерттеумен айналысты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде өндірістік оқуы бар мектептер үшін бағдарлама 27

жобалары, физиканы осы бағдарламалар бойынша оқытуға арналған әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындалды. 1965-72 жылдар аралығында сектор жалпыға бірдей орта білім беру проблемасын зерттеу мәселесімен шұғылданды. Бұл жылдары жаңа оқу бағдарламаларын эксперименттік тексеру және оларды жетілдіру, оқыту әдістемесін жақсарту жолдары қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде «Физиканы саралап оқыту» (С.Левина), «Физика сабағында оқу фильмдерін өздік жұмыс» (А. Горбунов), «Қатты денелер физикасының жетістіктерін орта мектептің физика сабағында және сыныптан тыс сабақта түсіндіру» (К. Әбдімәжитов) атты еңбектер жарық көрді. 1972 жылы Алматда бұрынғы Кеңес Одағының Педагогикалық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы ашылды. Содан бастап физика пәнін оқыту проблемаларын зерттеумен онда құрылған физика және математика пәндерін оқыту лабораториясы айналысты. 1972-75 жылдары пән бойынша жаңа бағдарламаға көшу жайын зерттеле бастады. Лабораторияда 1975-80 жылдарда жүргізілген зерттеулер қазақ мектептеріндегі оқыту жағдайын, бағдарлама материалын игеруде кездесетін қиындықтарды анықтауға бағытталады. 1981 жылдан бастап «Қазақстанның ұлтық мектептерінде физиканы оқытудың тиімділігін аттару» проблемасы бойынша жетілдірілген бағдарламалардың әдістемелік аппаратын қолдану негізінде және ұлттық мектептегі оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесінің тиімділігін арттыру, оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру тәсілдері жақсарту, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру т.б. мәселелері зерттелді. Соның нәтижесінде «Физика сабағында оқушыларды ауылшаруашылық кәсібіне дайындау» (А.Мәженова), «9-11 сынып физикадан типтік есептер және оларды шығару жолдары» (А.Мәженова, Д.Қазақбаева, С.Қабақанов) және т.б. еңбектер жарық көрді. 1986 жылы лаборатория қызыметкерлері А.Мәженова «Развитие у учащихся общеобразовательное школы знания законов термодинамики при изучении физики, химии и биологии» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1991 жылы филиалдың құрылымы өзгеріп, онда «Базалық мектеп» лабораториясы ашылды. Оның педагогика ғылымдарының кандидаты А.Б.Мәженова басқарды. Лаборатория «Жалпы 28

орта білім тұжырымдамасын жүзеге асырудың теориялық және эксперименттік-педагогикалық шарттары» проблемасы бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде интеграцияланған «Жарытылыстану» курсының тұжырымдамасы мен бағдарламасы, тақырыптық жоспар және оқушыларға арналған тапсырмалар (А.Б.Мәженова, Д.М. Қазақбаева, Ж.Д.Молдабеков) дайындалып, жарыққа шықты. 1992 жылдың ақпан айында бұрынғы одақтың тарауына байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдар ғылымизерттеу институтына қосылып, одан физика-математика цикліндегі пәндерді оқыту лабораториясы құрылды. 1992-97 жылдар аралығында оны физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М.Дүйсенбаев басқарды. Лаборатория қызыметкерлері «Жалпы білім беретін мектепте математика, физика, информатика пәндерінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» және «Дәстүрлі мектептегі оқыту процесін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету» проблемаларымен айналысты. Зерттеу барысында тоғызжылдық негізгі мектептегі физикалық білім тұжырымдамасының жобасы жасалды, білім мазмұнының көлемі мен құрылымы анықталып, базалық мектепке арналған бағдарлама жобасы дайындалды. «Физикадан жазбаша жұмыстар және оларды тексеру жолдары» (Р.Башаров, А.Мәженова, Д.Қазақбаева, С.Қабақанова, Ж.Молдабеков) атты әдістемелік құрал, «Физикадан қысқаша анықтамалық» (Б.Дүйсенбаев, Д.Қазақбаева), «Физикадан тест тапсырмалары» (Б.Дүйсенбаев, Ғ.Байжасарова, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова) сияқты көлемді еңбектер және т.б. көтеген ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көрді. Лабораторияда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми қызметкерлер С.Қазақбаева «Преемественность формирования квантовых представлениий учащехся общеобразовательной школы» тақырыбында (1994ж), Г.З.Байжасарова «Система и задач физико-техничесгого содержания как средство усиления политехнической направленности школного курса физики» тақырыбында (1994ж.) кандидаттық диссертациялар қорғады. 29

1998-99 жылдары физика, математика, информатика, экономика және сызу пәндері лабораториясына педагогика ғылымдарының докторы, прфессор Б.Баймұқанов жетекшілік етті. Бұл уақыт ішінде Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында ғылым-әдіскерлердің жұмылуымен пән мазмұнына, оның құрылымы мен құрамына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, физика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы анықталды, бұл Қазақстан Республикасы мектеп физикасынан білім беру тұжырымдамасын (1998 ж.), физикалық білім стандартын (1998 ж.), физика пәні бойынша дәстүрлі бағдарламалардан елеулі өзгешелігі бар жаңа оқу бағдарламаларын (2000 ж.) жариялауға мүмкіндік берді. Осы кезде физикадан негізгі мектепке арналған жаңа буын оқулықтарын жазу ісі қолға алынды. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі Д.М.Қазақбаеваның «Жалпы білім беретін мектептің физика курсының базалық мазмұны және оны оқытудың әдістемесі» тақырыбында (1998 ж.), У.Қ. Тоқбергенованың «Физиканы оқыту барысында оқушылардың экологиялық білімдерін қалыптастыру (Х-ХІ сыныптар)» тақырыбында (1998 ж.) қорғаған кандиданттық диссертацияларында көрніс тапты. 2000-2003 жылар аралығында институтта «Қазақстан Республикасындағы жалпы білім мазмұнын жетілдірудің ғылымиәдістемелік негіздері» проблемасы бойынша зерттеу жүргізілді. 2000 жылы физика, математика, информатитка пәндерін оқыту лабораториясында «Негізгі орта мектепте физиканы, математиканы және информатиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдірудің дидактикалық және әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысына педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Қазақбаева жетекшілік етті. Осы жылы 7-9 сыныптарға арналған «Физика және астрономия» төл оқулықтары жарыққа шығып, байқаудан өткізу үшін республикадағы тірек мектептерге таратыла бастады. Ал 2001 жылдан бастап институттың құрылымы өзгеріп, одан жаратылыстану математика пәндерін оқытудың мазмұны мен әдістері лабораториясы құрылды. Оған педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Шакілікова меңгеруші болып тағайындалды. Бұл кездегі зерттеу жұмысының мақсаты физикадан ОӘК дайындалудың тұжырымдылық тәсілдері мен әдіснамалық негіздерін жасау болды. Осыған орай физикадан оқу-әдістемелік кешеннің 30