. Витаминдер
Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 2.1.Суда еритін витаминдер 2.2.Майда еритін витаминдер 2.3.Антивитаминдер ІІІ. Қорытынды І Ү.Пайдаланылған әдебиеттер
Витаминдер тіршілікті ң ауыстырылмайтын факторы. Адамны ң, жануарларды ң, микроорганизмдерді ң қалыпты жағдайда тіршілік етуі үшін өте аз мөлшерде витаминдер керек. Ал егер витамин болмаса, не жеткіліксіз болса зат алмасу бұзылып науқастанады. Витаминдерді ң ауыстырылмайтын себебі, оларды ң құрылысы мен функционалды қ топтарыны ң әсері. Витаминдер дегеніміз- азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организімінде бірқалыпты тіршілік үщін өте қажет төмен молекулалы органикалы қ заттар.
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте
Суда еритін витаминдер В 1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин) 1911 жылы К.Функ күріш кебегінен бөліп алған және бери-бери (сал болу) ауруынан ембеп жазатын препарат әр түрлі заттарды ң қоспасынан екенін анықтады. Осы қоспаны ң ішінде В1 витамині бар екен. В 1 витамині 1926 жылы (Янсен) кристалл түрінде бөлініп алынды, ал оны ң құрылымы 1933 жылы анықталды.
Химиялы қ құрылымы мен қ асиеттері. Пиримедин және тиозол сақинасы В 1 витамині молекуласыны ң негізін құрайды. Ол екі сақина метилен тобы (- СН 2 ) арқылы байланысады.
В 2 витамині (рибофлавин) В 2 витаминіні ң жалпы формуласы-c H N O. Тама қ та рибофлавин болмаса, баланы ң 17 20 4 6 бойыны ң өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құла қ айналасындағы кілегей қабықшасыны ң бұзылуына, көзді ң мүйіз қабатыны ң қабынуы мен хрусталикті ң күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді. В 2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминіні ң зат алмасудағы маңызы да өте зор.
РР витамині (В 5 витамині никотин қышқылы) РР витаминіні ң аты «Pellagra preventing» (пеллагра ауруына қарсы)-деген ағылшын сөздеріні ң бас әріптерінен құралған.тағамда В витамині немесе никотинамид 5 болмаса,адамдар пеллагра ауруына шалдығады.бұл кезде адамны ң терісі (дерматит),ауыз қуысыны ң кілегейлі қабаты (стоматит),ал тіл (глоссит) сияқты дертпен ауырады. Х имиялы қ қасиеті: Никатин қышқылы барлы қ витаминні ң ішіндегі құрылымы е ң қарапайым қосылыс, ол карбоксил тобы бар пиридин сақинасынан құралады, мұндағы карбоксил тобы үшінші жағдайда тұрады.
С витамині (аскорбин қышқылы) - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С
Химиялық қасиеті: Аскорбин қышқылы өсімдіктерде галактозадан синтезделіп жасалады. Сол сияқты жануарлар ұлпасында глюкозадан синтезделеді. С витаминінің құрылым формасы гексозаларға С 6 Н 12 О 6 жақын екенін көрсетеді.тотығу-тотықсыздану реакцияларында сутегі атомдарының доноры болады және тотығу кезінде дегидроаскорбин қыщқылына айналады, бұл реакция қайтымды
2.2. Майда еритін витаминдер А витамині (ретинол,антиксерофталмалы қ) А витамині химиялы қ құрылымы тұрғысынан каротинге жақын,1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты.эмпирикалы қ формуласы С Н О.Ретинолды ң химиялы қ формуласын 1937 жылы 20 30 швейцар химигі Каррер тапты. Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминіні ң атқаратын маңызы зор.бұл витамин тағамды қ заттарды ң құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады,оны ң салдарынан өсу кешеуілдеп,салма қ азаяды.көзді ң мүйіз қабығы бүлінумен қатар, әлсіз жары қ жағдайында дамны ң көру қабілеті де нашарлайды.мысалы кешке жақын қараңғылы қ түсе бастағанда өте нашар көреді.оны халы қ арасында «ақшам соқ ыр» немесе «тауы қ кө з» дейді.
Д витамині (кальциферол, антирахиттік витамин) XVIII ғасырды ң ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балаларды ң арасында кездесетін ауру турлы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғанарды ң сүйектері деформацияланатындығы анықталады, кейіннен оны ң мешел (рахит) ауруы, яғни тағамда Д витаминіжетіспеушілігі саларынан екендігі белгілі боады.
Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині) Е витамині 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы, 18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары май, 4 %тұзды ң қоспасы және 5 % құрға қ сыра ашытқыларымен қоректендіргенде, оларды ң ұрықтарыны ң өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 193 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ά - токоферол (грек тілінде tokos -ұрпа қ, phero-алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдірді) деп аталады.
2.3. Антивитаминдер Клетканы ң витаминмен қоректенуіне әр түрлі әдістермен бөгет жасайтын заттардыантивитаминдер деп атайды. Оларды 2 топқа бөледі: 1. витамин молекулаларын бұзатын немесе оларды активсіздендіретін яғни инактивтендіретін заттар; 2. витаминдерді ң структурасына ұқсас және оларды биологиялы қ активтік заттардан ығыстырып, активсіздендіретін заттар. Мысалы, антивитаминіне гепарин мен дикумарун жатады. Олар протромбинні ң тромбинге айналуына бөгет жасайды, сонымен бірге қан айналу процесін баяуатады. Жұмыртқ а белогы авидинбиотинді байланыстыруға қабілетті. Осы сияқты мыслдарды көптеп келтіруге болады.
Қорытынды. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болса, адам организмін әлсіреп, науқастанады. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атаймыз. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жеткіліксіз болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде және тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Сағатов К. Биохимия кітабі 2. Сейітов З.С Биохимия кітабі