Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Зитига

Σχετικά έγγραφα
Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Зитига

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Депакин Хроносфера

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Эдарби Кло. Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг/12,5 мг және 40 мг/25 мг

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық ЛИРИКА

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық КСЕФОКАМ. Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 4 мг және 8 мг таблеткалар

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Эссенциале форте Н

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Витамин Е Зентива

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Вивитрол

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Дальфаз СР

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Ксеплион

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Энтивио

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Ликсумия

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық Ремикейд

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Стелара

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық ИНСУМАН РАПИД ГТ

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЕРКІН ТҮСУІ

Тема: 12 Функциялар Подтема: 01-Функцияның анықтамасы. Функцияның анықталу жəне өзгеру облысы. у =

Тақырыбы: Кері функция. Функцияның нүктедегі шегі. Шектің негізгі қасиеттері

ӘОЖ ҰН ӨНІМДЕРІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ. Г. М. Қадырова магистрант, Т. А. Байбатыров т.ғ.к.

Орфандық препараттар және сирек кездесетін аурулар Әдістемелік ұсынымдар

МГД- ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЦИКЛДАРЫ

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Əбдірахманова Күнсая Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ФМБ НЗМ, 11-сынып. ҰБТ-ға дайындық үшін геометрия пəнінен тест тапсырмалары

«Полиметалл» Қызыл жобасы Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары (ESAP) Талап етілетін жұмсалымдар /Ресурстар/ Жауапкершілік

КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. Кинематика деп денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын физиканың бөлімі.

ОРГАНДАР БИОХИМИЯСЫ. Тексерген: Қайырханов К.К Орындаған: Маташова Н.А Топ: БТ-407

Тема: 23-Көпжақтар. Олардың аудандары мен көлемдері Подтема: 01-Призма. Тік жəне көлбеу призмалар. Куб. Олардың бет аудандары мен көлемдері.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ

СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН АВТОБУСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Иондаушы сәулелердің затпен әсерлесуі

Инерция моменті Инерция тензоры

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ

5 ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕРДІҢ САНДЫҚ ӘДІСТЕРІ. 5.1 Интегралдарды жуықтап есептеу

Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Portable speaker SB500

Металдар мен бейметалдар қасиеттері

Тақырып: Жоғары молекулалы қосылыстар

BACTEC Plus Aerobic/F Culture Vials және BACTEC Plus Anaerobic/F Culture Vials

BT7900. Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2100. Қолданушының нұсқасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті МАНАТ. 6D Математика (Қолданбалы математика)

АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

МАЙ ЖӘНЕ СПРЕД ӨНДІРУДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР

Клетканы хи ң миялы қ құрамы

Теллурдың жаңа туындыларының синтезі және қасиеттері

МАЗМҰНЫ. 13 ерекше (жеке) жағдайда орналасуы 2.6 Түзудегі нүкте. Түзудің ізі Жалпы жағдайда орналасқан түзу кесіндісінің сызбада

Михайлова Светлана Леонидовнаның

Veritor System. For Rapid Detection of Flu A+B. (A+B тұмауын жылдам анықтауға арналған)

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ жылғы ҚАЗАН

Пайдаланушы нұсқаулығы

Сұлтанғали Төлегенов БИОМЕТРИЯ. ОҚУлық

ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

9. СҰЙЫҚ ЖӘНЕ ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДЕГІ ЖАРЫҚТЫҢ ЖҰТЫЛУЫ

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Энергия өзгерістері. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар дегеніміз не? 1-бөлім: Энергия өзгерістері

2 СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

U PP124JAA(03) B BACTEC Myco/F Lytic Culture Vials (Культуралар шишалары) Байытылған Middlebrook 7H9 және жүрек-мый инфузия бульоны

B Directigen Neisseria meningitidis Test (Сынақ)

нарықтың дамыған инфрақұрылымның болуы; тұрақты салықтық-бюджеттік және кредитті-ақшалай жүйенің болуы. Еркін нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТ ФАКТОРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ

Жануарлар биохимиясы. Орындаған: Тобы: Қабылдаған:

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Электроэнергетика және физика кафедрасы. Г.Асанова

MAX Enteric Parasite Panel

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2110. Қолданушының нұсқасы

факторлары келесі формулалармен анықталады

Пайдаланушы нұсқаулығы

In Vitro жағдайындағы диагностикада пайдалануға арналған BD MAX System жүйесімен бірге қолдануға арналған Қазақ 4 U I

1. ВИРУСТАРДЫ Ң ОРГАНИЗМГЕ ЕНУІ, ТАРАЛУЫ, ОРНАЛАСУЫ. ИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА.

І ТАРАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКА ПӘНІ МЕН ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Жарық Интерференциясын зерттеу

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ

Қанны ң тамырлар бойымен қозғалысыны гемодинамикалы қ. реологиялы қ қасиеттері.

1-бөлім: Эрозия және үгілу. Үгілу мен эрозия арасында қандай айырмашылық бар?

АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ

B BBL Streptocard Enzyme Latex Test Kit

Аннотация. Annotation

ФИЗИКАЛЫҚ және КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ

Қазақстан Республикасынын білім және ғылым министрлігі. С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. К.Х.

Жарық жылдамдығын өлшеудің лабороториялық әдістері.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Қолданушының нұсқасы

SB300. Қолданушының нұсқасы. Шағын динамик. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

ҚЫСҚА СИПАТТАМАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Тексерген: Рысжанова Айжан Сайлаухановна Орындаған: Оралғазин Бекнар Болатқазыұлы

In Vitro жағдайындағы диагностикада қолдануға арналған BD MAX System жүйесімен бірге қолдануға арналған

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖƏНЕ ДЕРЕКҚОР НЕГІЗДЕРІ

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 5В «Механика» 1. Математикалы талдау I

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 1. Жоғары математика 2. Физика 3. Сызыты автоматты реттеу ж(йелері

Каналдағы судың өтімін анықтау

ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫН ТАҚТАЛЫ ҚҰРАЛ PA Шығ.: Тамыз, 2016

санын айтамыз. Бұл сан екі тік және екі жатық жолдардан тұратын а а

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖИНАҒЫ электр энергетикалық мамандықтар тәлімгерлері үшін «Электрлік станциялар мен қосалқы станциялар» пәні бойынша

2. HЬЮТОН САҚИНАЛАРЫ КӨМЕГІМЕН ЖАРЫҚ ТОЛҚЫНЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Теруге: «Экономикалық шолу» шығарылымының мазмұны 4 (арнайы шығарылым), 2009 ж.

Transcript:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2014 жылғы «02» шілде 454 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Зитига Саудалық атауы Зитига Халықаралық патенттелмеген атауы Абиратерон Дәрілік түрі 250 мг таблеткалар Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - абиратерон ацетаты 250 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, повидон (K29/K32), натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. Сипаттамасы Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, бір жағында «АА250» өрнегі бар таблеткалар. Фармакотерапиялық тобы Ісікке қарсы гормоналдық препараттар. Гормондардың антагонистері және олардың аналогтары. Басқа да гормондардың антагонистері. Абиратерон. АТХ коды L02BX03 Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Абиратерон ацетаты мен абиратеронның фармакокинетикасы дені сау еріктілерде, қуықасты безінің метастаздық обырының кешеуілдеген

сатысымен науқастарда және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар онкологиялық емес емделушілерде зерттелген. Абиратерон ацетаты in vivo андрогендер биосинтезінің тежегіші болып табылатын абиратеронға жылдам өзгереді. Сіңуі Абиратерон ацетатын ішу арқылы ашқарынға қабылдағанда қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты 2 сағатты құрайды. Абиратерон ацетатын тамақпен бірде қабылдау аталған препаратты ашқарында қабылдағанмен салыстырғанда, «концентрация-уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданының 10 есе артуына және тағамдағы май құрамына байланысты абиратеронның ең жоғарғы концентрациясының (C max ) 17 есе артуына алып келеді. Тағам құрамының қалыпты алуан түрлілігін ескере отырып, Зитига препаратын тамақпен бірге қабылдау әр түрлі жүйелік әсер беру қабілетіне ие. Сондықтан, Зитига препаратын тамақтану кезінде қабылдауға болмайды. Таралуы Таңбаланған 14 C-абиратеронның адам қаны плазмасының ақуыздарымен байланысуы 99.8% құрайды. Болжамды таралу көлемі 5.630 л құрайды, бұл абиратеронның шеткергі тіндерде кеңінен таралатындығын көрсетеді. Метаболизмі Капсулалардағы 14 C-абиратерон ацетатын ішу арқылы қабылдағаннан кейін, абиратерон ацетаты нәтижесінде сульфаттануды, гидроксилдену мен тотығуды қоса, негізінен бауырда метаболизденетін абиратеронға дейін гидролизденеді. Айналымдағы 14 C-абиратерон ацетатының көп бөлігі (шамамен 92%) абиратерон метаболиттері түрінде анықталады. Анықталатын 15 метаболиттің ішінен, 2 негізгі метаболиті, абиратерон сульфаты мен абиратерон сульфатының N-оксидінің әрқайсысы 43% жалпы радиобелсенділік береді. Шығарылуы Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулер мәліметтері бойынша, абиратеронның плазмадағы орташа жартылай шығарылу кезеңі 15 сағатқа жуықты құрайды. Таңбаланған 14 C-абиратерон ацетатын 1000 мг дозада ішу арқылы қабылдағаннан кейін радиобелсенді дозасының 88%-ға жуығы ішек арқылы және 5%-ы бүйрекпен шығарылған. Нәжісте анықталған негізгі заттары өзгермеген абиратерон ацетаты мен абиратерон (қабылданған дозасының сәйкесінше 55% және 22%-ға жуығы) болып табылады. Бауыр функциясы бұзылған емделушілер Абиратерон ацетатының фармакокинетикасы жеңіл және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью, сәйкесінше А және В кластары) емделушілерде және дені сау еріктілерде зерттелген. Абиратеронның 1000 мг дозада бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі жүйелі әсері жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде 11%-ға және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде 260%-ға артқан.

Абиратеронның жартылай шығарылуының орташа кезеңі жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде 18 сағатқа дейін және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде 19 сағатқа дейін артады. Бұрын анықталған жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозасын түзету қажет емес. Зитига препаратын пайдалануды бауыр функциясының орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде мұқият бағалау керек, оларда пайдасы ықтимал қауіптен анық артық болуы тиіс. Зитига препараты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерде пайдаланылмауы тиіс. Препаратпен емдеу үдерісінде гепатоуыттылық дамыған емделушілерде препаратты уақытша тоқтату және дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер Тұрақты түрде гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілердегі және бүйрек функциясы бұзылмаған емделушілердегі абиратерон ацетатының фармакокинетикасы салыстырылды. Гемодиализдегі, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде ішу арқылы қабылданған бір реттік 1000 мг дозасынан кейін абиратеронның жүйелі әсерінің артқаны байқалған жоқ. Препаратты ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде пайдалану дозасын төмендетуді қажет етпейді. Алайда, Зитига препаратын бүйрек функциясының ауыр дәрежелі бұзылуы бар, қуықасты безінің обырымен науқас емделушілерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені Зитига препаратының мұндай емделушілерде қолданылуы туралы клиникалық мәліметтер жоқ. Фармакодинамикасы Әсер ету механизмі Абиратерон ацетаты in vivo жағдайларда андрогендер биосинтезінің тежегіші абиратеронға айналады. Абиратерон 17α-гидроксилаза/C17,20- лиаза (CYP17) ферментін селективті тежейді. Бұл фермент экспрессияланады және аталық бездердегі, бүйрекүсті бездеріндегі және қуықасты безі ісігінің жасушаларындағы андрогендер биосинтезі үшін қажет. CYP17 прегненолон мен прогестеронның 17α-гидроксилдену және C17, 20 байланысын үзу арқылы тестостерон ізашарларына: сәйкесінше дегидроэпиандростерон мен андростендионға айналуын катализдейді. Сондай-ақ CYP17 белсенділігінің тежелуі бүйрекүсті бездеріндегі минералокортикоидтар синтезінің күшеюімен қатар жүреді. Қуықасты безінің андрогенге сезімтал обыры андрогендер деңгейін төмендететін емге реакция береді. Антиандрогендік емдеу, мысалы РФЛГ (рилизинг-фактордың лютеиндеуші гормонының) агонистерін қолдану немесе орхиэктомия, аталық бездердегі андрогендер синтезін әлсіретеді, бірақ бүйрекүсті бездері мен ісіктегі андрогендер синтезіне әсер етпейді. Зитига препаратын РФЛГ агонистерімен (немесе орхиэктомиямен) үйлестіріп пайдалану қан сарысуындағы тестостерон деңгейін анықталу шегінен төмен деңгейге дейін төмендетеді. Фармакодинамикалық әсерлері

Зитига препараты қан сарысуындағы тестостерон мен басқа андрогендердің концентрациясын РФЛГ агонистерін пайдаланған кезде немесе орхиэктомиядан кейінгі қол жеткізілгеннен төмен деңгейлерге дейін төмендетеді. Бұл андрогендер биосинтезі үшін қажетті CYP17 ферментінің селективті тежелуінің нәтижесі болып табылады. Простатаспецификалық антиген (PSA) қуықасты безінің обыры бар емделушілерде биомаркер қызметін атқарады Қолданылуы Зитига препараты преднизонмен немесе преднизолонмен біріктіріліп көрсетіледі: - симптомдары жоқ немесе сәтсіз жүргізілген антиандрогенді емдеуден кейін жеңіл симптоматикасы бар, әзірге клиникалық тұрғыдан химиотерапия тағайындалмаған емделушілерде қуықасты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті (гормонрезистентті) обырын емдеу үшін - доцетаксел негізіндегі химиотерапияны қолданған кезде немесе қолданғаннан кейін үдейтін қуықасты безінің метастаздық кастрациялықрезистентті (гормонрезистентті) обыры бар емделушілерді емдеу үшін Қолдану тәсілі мен дозалары Қолдану тәсілі Зитига препаратын тамақтану кезінде қабылдамаған жөн. Зитига препаратын тамақпен бір мезгілде қабылдау абиратерон ацетатының сіңуін айтарлықтай арттырады. Зитига препаратын тамақтан кейін екі сағаттан немесе одан да ұзақ уақыттан кейін қабылдау керек, ал таблеткаларды қабылдағаннан кейін кемінде бір сағат ішінде ас ішпеу керек. Таблетканы тұтастай, сумен ішіп жұту керек. Дозалары Ұсынылатын дозасы бір реттік тәуліктік дозасы түріндегі 1000 мг (250 мгден төрт таблетка) құрайды. Зитига препаратын төмен дозалардағы преднизонмен немесе преднизолонмен қабылдау керек. Преднизон немесе преднизолонның ұсынылған дозасы тәулігіне 10 мг құрайды. Хирургиялық кастрация жүргізілмеген емделушілерді емдеу кезінде лютеиндеуші гормонның рилизинг-гормонының (РГЛГ) аналогының көмегімен дәрі-дәрмекпен кастрациялау жалғастырылуы тиіс. Зитига препаратымен емдеуді бастағанға дейін, емдеудің алғашқы үш айы бойы әр 2 апта сайын, сосын ай сайын сарысу трансаминазаларының белсенділігі мен билирубин концентрациясын өлшеп отыру керек. Артериялық қысымды, қандағы калий концентрациясы мен организмдегі сұйықтық іркілуінің дәрежесін ай сайын бағалап отыру керек. Алайда іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің елеулі қаупі бар емделушілерде мониторингті емдеудің алғашқы үш айы бойы әр 2 апта сайын, сосын ай сайын жүргізіп отыру керек.

Бұрыннан гипокалиемиясы бар емделушілерде немесе гипокалиемия Зитига препаратымен емдеу кезінде дамыған емделушілерде калийдің 4.0 мм деңгейін ұстап тұру қажет. Гипертензияны, гипокалиемияны, ісіну мен басқа минералокортикоидты емес уыттылық белгілерін қоса, 3 дәрежелі уыттылық деңгейі дамитын емделушілерде, емдеуді тоқтата тұру және тиісінше дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындау керек. Зитига препаратымен емдеуді уыттылық симптомдары бастапқы деңгейіне немесе 1 дәрежеге жеткенге дейін қайта жаңғыртпаған дұрыс. ЗИТИГА препараты, преднизон немесе преднизолонның тәуліктік дозасын қабылдауды жіберіп алған жағдайда, емдеу келесі күні әдеттегі тәуліктік дозасынан бастап жалғастыру керек. Гепатоуыттылығы Егер препаратпен емдеу барысында емделушілерде гепатоуыттылық белгілері (аланинаминотрансфераза белсенділігінің жоғарғы қалып шегінен 5 есе артық немесе билирубин концентрациясының жоғарғы қалып шегінен 3 есе артық жоғарылауы) дамыса, емдеуді бауыр қызметінің көрсеткіштері толық қалыпқа түскенге дейін дереу тоқтату керек. Бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскен емделушілерде қайта емдеуді күніне бір рет азайтылған 500 мг дозасынан (250 мг екі таблетка) бастауға болады. Бұл жағдайда сарысу трансаминазалары белсенділігі мен билирубин концентрациясын бақылау үш ай бойы кемінде әр екі апта сайын, содан кейін ай сайын жүргізілуі тиіс. Егер гепатоуыттылық белгілері 500 мг дозада қабылдаған кезде туындаса, Зитига препаратымен емдеуді тоқтату керек. Егер емделушілерде емдеудің кез-келген кезеңінде гепатоуыттылықтың ауыр түрі (аланинаминотрансфераза белсенділігі жоғарғы қалып шегінен 20 есе артық) дамыса, Зитига препаратын тоқтату және ол емделушіге қайтадан ем жүргізбеу керек. Бауыр функциясының бұзылуы Бұрын анықталған жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А класы) дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының орташа бұзылуы (Чайлд-Пью жіктемесіне сәйкес В класы) абиратерон ацетатының 1,000 мг тең болатын бір реттік дозаларын ішу арқылы қабылдағаннан кейін абиратеронның жүйелі әсерін төрт есеге жуық арттырады. Абиратерон ацетатының көп реттік дозаларын бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар (Чайлд-Пью жіктемесіне сәйкес В немесе С класы) емделушілерге тағайындағандағы клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер жоқ. Дозасын қандай-да бір түзету болжанбайды. Зитига препаратының бауыр функциясының орташа бұзылуы бар емделушілерде пайдаланылуын мұқият бағалау керек, оларда пайдасы ықтимал қаупінен анық басым болуы тиіс Зитига препараты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерде пайдаланылмауы тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастар үшін дозасын түзету қажет емес. Зитига препаратын қуықасты безінің обыры және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек. Балалар Бұл дәрілік зат балаларда пайдаланылмайды, өйткені бұл жас санатындағыларда қуықасты безінің обыры болмайды. Жағымсыз әсерлері Зитига препаратымен емдеу кезінде анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз құбылыстар шеткергі ісінулер, гипокалиемия, артериялық гипертензия және несеп шығару жолдарының жұқпалары болып табылады. Басқа да маңызды жағымсыз реакцияларға жүрек тарапынан болатын бұзылулар, гепатоуыттылық, сынулар және аллергиялық альвеолит жатады. Жағымсыз реакциялары әр ағза жүйелеріне қатысты кездесу жиілігінің төмендегі жіктемесін пайдаланып жүйеленген: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100, <1/10), жиі емес ( 1/1000, <1/100), сирек ( 1/10000, <1/1000) және біренсаран жағдайларды қоса, өте сирек (<1/10000). Өте жиі ( 1/10) - несеп шығару жолдарының жұқпалары - гипокалиемия - артериялық гипертензия - диарея - шеткергі ісінулер Жиі ( 1/100, <1/10) - сепсис - гипертриглицеридемия, аланинаминотрансфераза және аспартатаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, гематурия - жүрек жеткіліксіздігі, соның ішінде іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, сол жақ қарынша жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының азаюы; стенокардия, аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, тахикардия - диспепсия - бөртпе - сынулар (патологиялық сынудан басқа, барлық сынуларды қоса) Жиі емес ( 1/1000, <1/100) - бүйрекүсті безі функциясының жеткіліксіздігі - миопатия, рабдомиолиз Сирек ( 1/10000, <1/1000) - аллергиялық альвеолит Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулер аясында Зитига препаратын қабылдаған емделушілердің 11%-ында орын алған. Зитига препаратын қабылдаған емделушілерде, аланин-аминотрансфераза

(АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ) және жалпы билирубин белсенділігінің жоғарылауына сәйкес келетін гепатоуыттылық жағдайлары тіркелген. Барлық клиникалық зерттеулер аясында бауырдың функционалдық сынамалары мәндерінің жоғарылауы (АЛТ немесе АСТ белсенділігінің жоғарғы қалып шегіне қатысты > 5 есе немесе билирубин концентрациясының жоғарғы қалып шегіне қатысты > 1.5 есе жоғарылауы) Зитига препаратын қабылдаған емделушілердің 2%-ға жуығында, әдетте емдеуді бастағаннан кейін алғышқы 3 ай ішінде білінген. Қолдануға болмайтын жағдайлар - белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік немесе бала көтеретін жастағы әйелдер («Айрықша нұсқауларды» қараңыз) - бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Чайлд-Пью жіктемесіне сәйкес С класы) Дәрілермен өзара әрекеттесуі Зитига препаратын тамақпен бір мезгілде қабылдау абиратерон ацетатының сіңуін едәуір арттырады. Тамақпен қабылданған Зитига препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Зитига препаратын ас ішу кезінде қабыдамаған жөн. Абиратерон ацетаты (плюс преднизон) мен декстрометорфанды (CYP2D6 субстратын) бір мезгілде қолданғанда декстрометорфан AUC 2.9 есе, белсенді метаболитінің AUC 33%-ға артқан. Зитига препаратын CYP2D6-мен белсенділенетін немесе метаболизденетін дәрілік заттармен, атап айтқанда емдік индексі төмен дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек. Емдік индексі төмен CYP2D6-мен метаболизденетін дәрілік препараттардың дозасын төмендету нұсқасын қарастыру қажет. CYP2D6 метаболизденетін дәрілік заттар мысалына метопролол, пропранолол, дезипрамин, венлафаксин, галоперидол, рисперидон, пропафенон, флекаинид, кодеин, оксикодон және трамадол жатады (соңғы үш препаратқа олардың ауыруды басатын метаболиттерін түзу үшін CYP2D6 қажет болады). CYP3A4 күшті индукторы рифампицинмен 6 күн бойына күніне 600 мгден, соңынан абиратерон ацетатының 1,000 мг бір реттік дозасын қабылдаумен алдын ала ем алған дені сау емделушілерде фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерінің клиникалық зерттеулерінде абиратеронның AUC плазмалық орташа мәні 55%-ға төмендеген. Абиратеронмен ем уақытында CYP3A4 күшті индукторларын (мысалы, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, рифабутин, рифапентин, фенобарбитал, шайқурай [Hypericum perforatum]) қолданудан аулақ болу керек, оларды емдік альтернатива болмаған жағдайда ғана қолдануға болады. In vitro, абиратерон бауырдың CYP2C8 ферментіне тежегіштік

әсерін көрсетті. CYP2C8 метаболизденетін дәрілік заттар мысалына паклитаксел және репаглинид жатады. Зитига препаратының CYP2C8 субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен қолданылуы жөнінде клиникалық мәліметтер жоқ. Айрықша нұсқаулар Минералокортикоидтар мөлшерінің артық болуы салдарынан болатын артериялық гипертензия, гипокалиемия, сұйықтық іркілуі және жүрек жеткіліксіздігі Зитига препаратын сыртартқысында жүрек-қантамыр аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Препараттың сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы <50% немесе NYHA жіктемесі бойынша III-IV функционалдық класты жүрек жеткіліксіздігі, бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар, миокард инфарктісін бастан өткерген немесе соңғы 6 ай ішінде артериялық тромбоздық асқынулары, тұрақсыз стенокардиясы бар емделушілердегі қауіпсіздігі анықталмаған. Жүректің елеулі іркілісті жеткіліксіздігі бар (мысалы, сыртартқысында жүрек жеткіліксіздігі, бақыланбайтын гипертензиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар) емделушілерді емдегенге дейін, жүрек қызметіне баға беру (мысалы, эхокардиография) қажет. Зитига препаратымен емдеуге дейін жүрек жеткіліксіздігіне ем жүргізілуі және жүрек қызметі оңтайландырылуы тиіс. Зитига препараты гипертензияны, гипокалиемияны және сұйықтық іркілуін тудыруы мүмкін, бұл симптомдар CYP17 тежеуі нәтижесінде минералокортикоидтар деңгейі артуының салдары болып табылады. Кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдау адренокортикотропты гормонның (АКТГ) көтермелейтін әсерін әлсіретеді, бұл аталған құбылыстар жиілігінің және ауырлығының төмендеуіне алып келеді. Артериялық қысым жоғарылаған, гипокалиемия дамыған (мысалы, жүрек гликозидтерін қабылдайтын емделушілер) немесе сұйықтық іркілуі кезінде жағдайы нашарлауы мүмкін (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде) науқастарды емдегенде, бастан өткерген миокард инфарктісі немесе қарыншалық аритмиясы, ауыр немесе тұрақсыз стенокардиясы бар, сондай-ақ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдегенде сақ болу керек. Гипертензия, гипокалиемия және сұйықтық іркілуі ары қарай бақылана отырып түзетілуі тиіс. Емдеу кезінде артериялық қысымға, қан сарысуындағы калий деңгейіне, сұйықтық іркілуіне (дене салмағын қосу, шеткергі ісінулер) және іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің басқа белгілері мен симптомдарына үш ай бойы әр екі апта сайын, сосын ай сайын мониторинг жүргізу керек, ал қалыптан ауытқулар түзетілуі тиіс. Клиникалық көрсеткіштерге сәйкес жүрек қызметіне баға беру, тиісінше ем тағайындау және егер жүрек қызметінің клиникалық маңызды нашарлауы бар болса, Зитига препаратымен емдеуді тоқтатуды қарастыру қажет. Гепатоуыттылық

Емдеуді бастар алдында қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейіне баға беру керек, бұл талдауды бастапқы үш ай бойы әр екі апта сайын және ары қарай ай сайын орындап отыру керек. Егер гепатоуыттылықты көрсететін клиникалық симптомдар немесе белгілер пайда болса, онда дереу қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейін анықтау керек. Егер АЛТ или АСТ деңгейінің жоғарғы қалып шегіне қатысты 5 есе жоғарылауы орын алған жағдайда, емдеуді тоқтату және бауыр қызметін бақылауға алу қажет. Емдеудің қайталау курсын аталған емделуші үшін бауырдың функционалдық сынамаларының нәтижелері бастапқы деңгейіне келгеннен кейін ғана, төмендетілген дозасын пайдаланып жүргізуге болады. Егер емделушіде емдеудің кез-келген кезеңінде ауыр гепатоуыттылық (АЛТ немесе АСТ жоғарғы қалып шегінен 20 есе артық) дамыса, емдеуді тоқтату және бұл емделушіге қайтадан ем жүргізбеу керек. Зитига препаратын белсенді немесе симптоматикалық вирустық гепатиті бар емделушілерде пайдаланылуы жөнінде мәліметтер жоқ. Абиратерон ацетатының көп реттік дозаларының, оларды бауыр қызметінің жеңіл немесе орташа бұзылуы бар емделушілерге (Чайлд-Пью жіктемесіне сәйкес В немесе С класы) тағайындағандағы клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер жоқ. Зитига препаратын бауыр функциясының орташа бұзылуы бар емделушілерде пайдаланылуына мұқият баға берілуі тиіс, оларда пайдасы ықтимал қаупінен анық басым болуы тиіс. Зитига препараты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерде пайдаланылмауы тиіс. Глюкокортикостероидтарды тоқтату және стресс жағдайларын басу Преднизонды немесе преднизолонды тоқтатқан кезде, сақ болу және бүйрекүсті безі қыртыстары функциясының жеткіліксіздігі белгілерін бақылап отыру керек. Егер глюкокортикостероидтарды тоқтатқаннан кейін Зитига препаратын қолдану жалғаса берсе, онда минералокортикоидтардың артық мөлшерінің пайда болу симптомдарын бақылауға алу керек. Преднизонды немесе преднизолонды қабылдап жүрген емделушілерде, стресс жағдайлары дамыған кезде, стресс жағдайы алдында, кезінде және одан кейін де глюкокортикостероидтардың жоғары дозасы қажет болуы мүмкін. Сүйек асқынуларының даму қаупі Сүйек тығыздығының төмендеуі қуықасты безі обырының кешеуілдеген сатыдағы метастаздық обыры (қуықасты безінің кастрациялық-резистентті обыры) бар ерлерде орын алуы мүмкін. Бұл әсері Зитига препаратын глюкокортикоидтармен үйлестіріп пайдаланғанда күшеюі мүмкін. Сыртартқыдағы кетоконазол пайдаланылуы Бұрын кетоконазолды қуықасты безінің обырын емдеу аясында қабылдаған емделушілерде клиникалық жауап төменірек болады деп күтіледі. Гипергликемия

Глюкокортикоидтарды пайдалану гипергликемияны күшейтуі мүмкін соған орай, қант диабеті бар емделушілерде қандағы глюкоза деңгейін жиі өлшеп отыру керек. Химиотерапиямен бірге пайдалану Зитига препаратын цитоуытты химиотерапиямен үйлестіріп қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Қосымша заттарын көтере алмаушылық Бұл дәрілік заттың құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылықпен, лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромымен байланысты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар емделушілер бұл препаратты қабылдамауы тиіс. Сондай-ақ бұл дәрілік заттың құрамында төрт таблеткадан тұратын дозасына 1 ммольден астам (немесе 27.2 мг) натрий бар. Мұны натрий құрамы төмен емдәм ұстанатын емделушілерде ескеру керек. Ықтимал қауіптер Қуықасты безінің обыры бар кастрацияға метастаздық резистентті ерлерде (Зитига препаратымен емделіп жүргендерді қоса) анемия және сексуалдық қызмет бұзылуы дамуы мүмкін. Жүкті немесе бала көтеруге қабілетті әйелдер препаратпен қолғапсыз жұмыс жасамауы тиіс. Қаңқа-бұлшықет жүйесіне әсері Зитига препаратын қабылдаған емделушілерде миопатия жағдайы тіркелген. Кейбір емделушілерде бүйрек жеткіліксіздігі бар рабдомиолиз байқалған. Көп жағдайларда бұл әсер емнің бірінші айында дамыған және Зитига препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін жойылған. Қолданылуы миопатия/рабдомиолизбен байланысты болуы мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдаушы емделушілерде сақтық жасау ұсынылады. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері Зитига препаратымен ем уақытында емдік әсерінің төмендеу қаупіне байланысты CYP3A4 күшті индукторларын қолданудан аулақ болу керек, оларды емдік альтернатива болмаған жағдайда ғана пайдалануға болады. Бала көтеретін жастағы әйелдер Зитига препараты әйелдерде қолдануға арналмаған. Ерлер мен әйелдердегі контрацепция Абиратерон немесе оның метаболиттерінің шауһетте болатынболмайтындығы белгісіз. Егер жүкті әйелмен жыныстық қатынас жоспарланса, мүшеқап пайдалану қажет. Егер жыныстық қатынас бала көтеретін жастағы әйелмен жоспарланса, контрацепцияның басқа тиімді әдістерімен қатар мүшеқапты пайдалану қажет. Жүктілік Зитига препаратын әйелдерде пайдаланбаған жөн. Абиратерон ацетаты жүкті немесе жүкті болуы мүмкін әйелдерге қарсы көрсетілімді. Лактация Зитига препаратын әйелдерде пайдаланбаған жөн. Ұрықтану қабілеттілігі

Абиратерон ацетатының репродуктивтік жүйе үшін уытты әсеріне зерттеулер жүргізілмеген, препараттың ұрықтану қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ. Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Зитига препараты көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етпейді. Артық дозалануы Зитига препаратымен артық дозаланған жағдайлар болмаған. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Артық дозаланған жағдайда қабылдауды тоқтату, сондайақ, аритмия, гипокалиемия және сұйықтық іркілуінің белгілері мен симптомдарына мониторинг жүргізуді қоса, жалпыға ортақ демеу шараларын қолдану керек. Сондай-ақ бауыр функциясын бақылап отыру керек. Шығарылу түрі мен қаптамасы 120 таблеткадан балалардың ашуынан қорғайтын жүйесі бар полипропилен қақпақпен тығындалған тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, құтыда. Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады. Сақтау шарттары 30 C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Сақтау мерзімі 2 жыл Препараттың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды. Дәріханалардан босатылу шарттары Рецепт арқылы Өндіруші Патеон Инк., Канада 2100 Синтекс Корт, Миссиссауга, Онтарио L5N 7K9 Қаптаушы Янссен-Силаг С.п.А., Италия Тіркеу куәлігінің иесі Джонсон & Джонсон ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы: Джонсон & Джонсон ЖШҚ Қазақстан Республикасындағы филиалы 050040, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, 23 «А» павильоны Тел.: +7 (727) 356 88 11 е-mail: DrugSafetyKZ@its.jnj.com