Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық ИНСУМАН РАПИД ГТ

Σχετικά έγγραφα
Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Эссенциале форте Н

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Дальфаз СР

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Депакин Хроносфера

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Эдарби Кло. Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг/12,5 мг және 40 мг/25 мг

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Ликсумия

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық КСЕФОКАМ. Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған 4 мг және 8 мг таблеткалар

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Зитига

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Ксеплион

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық ЛИРИКА

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Зитига

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Вивитрол

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Стелара

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Витамин Е Зентива

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Энтивио

«Полиметалл» Қызыл жобасы Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары (ESAP) Талап етілетін жұмсалымдар /Ресурстар/ Жауапкершілік

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық Ремикейд

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЕРКІН ТҮСУІ

Тема: 12 Функциялар Подтема: 01-Функцияның анықтамасы. Функцияның анықталу жəне өзгеру облысы. у =

МАЙ ЖӘНЕ СПРЕД ӨНДІРУДЕГІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Əбдірахманова Күнсая Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ФМБ НЗМ, 11-сынып. ҰБТ-ға дайындық үшін геометрия пəнінен тест тапсырмалары

Орфандық препараттар және сирек кездесетін аурулар Әдістемелік ұсынымдар

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 5В «Механика» 1. Математикалы талдау I

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2100. Қолданушының нұсқасы

КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. Кинематика деп денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын физиканың бөлімі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ

BT7900. Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

5 ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЛДЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕРДІҢ САНДЫҚ ӘДІСТЕРІ. 5.1 Интегралдарды жуықтап есептеу

ӘОЖ ҰН ӨНІМДЕРІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ. Г. М. Қадырова магистрант, Т. А. Байбатыров т.ғ.к.

АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ

МГД- ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЦИКЛДАРЫ

СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН АВТОБУСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Portable speaker SB500

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

BACTEC Plus Aerobic/F Culture Vials және BACTEC Plus Anaerobic/F Culture Vials

Жарық жылдамдығын өлшеудің лабороториялық әдістері.

Veritor System. For Rapid Detection of Flu A+B. (A+B тұмауын жылдам анықтауға арналған)

Тақырып: Жоғары молекулалы қосылыстар

Дəрістің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Механика пəні. Материалдық нүктенің кинематикасы

Тақырыбы: Кері функция. Функцияның нүктедегі шегі. Шектің негізгі қасиеттері

Пайдаланушы нұсқаулығы

Михайлова Светлана Леонидовнаның

Тема: 23-Көпжақтар. Олардың аудандары мен көлемдері Подтема: 01-Призма. Тік жəне көлбеу призмалар. Куб. Олардың бет аудандары мен көлемдері.

Иондаушы сәулелердің затпен әсерлесуі

ОРГАНДАР БИОХИМИЯСЫ. Тексерген: Қайырханов К.К Орындаған: Маташова Н.А Топ: БТ-407

Металдар мен бейметалдар қасиеттері

Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 2.1.Суда еритін витаминдер 2.2.Майда еритін витаминдер 2.3.Антивитаминдер ІІІ. Қорытынды І Ү.

2 СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

МАЗМҰНЫ. 13 ерекше (жеке) жағдайда орналасуы 2.6 Түзудегі нүкте. Түзудің ізі Жалпы жағдайда орналасқан түзу кесіндісінің сызбада

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Металлургия кафедрасы ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS) MLM 3301 «Жеңіл металдар металлургиясы»

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

U PP124JAA(03) B BACTEC Myco/F Lytic Culture Vials (Культуралар шишалары) Байытылған Middlebrook 7H9 және жүрек-мый инфузия бульоны

B Directigen Neisseria meningitidis Test (Сынақ)

Аннотация. Annotation

HEARTSTART FRx ДЕФИБРИЛЛЯТОРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІГІН БАҒАЛАУ

SB300. Қолданушының нұсқасы. Шағын динамик. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

B BBL Streptocard Enzyme Latex Test Kit

1-бөлім: Эрозия және үгілу. Үгілу мен эрозия арасында қандай айырмашылық бар?

2. HЬЮТОН САҚИНАЛАРЫ КӨМЕГІМЕН ЖАРЫҚ ТОЛҚЫНЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ СУДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ жылғы ҚАЗАН

9. СҰЙЫҚ ЖӘНЕ ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДЕГІ ЖАРЫҚТЫҢ ЖҰТЫЛУЫ

(1) Телевизор. Анықтама нұсқаулығы KD-77A1 / 65A1 / 55A1

ІҮ. Файл 3 «ҚО үшін қажетті оқу материалдары»

Телевизор Анықтама нұсқаулығы

Клетканы хи ң миялы қ құрамы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті МАНАТ. 6D Математика (Қолданбалы математика)

Жарық Интерференциясын зерттеу

Инерция моменті Инерция тензоры

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2110. Қолданушының нұсқасы

ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Сұлтанғали Төлегенов БИОМЕТРИЯ. ОҚУлық

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL5120. Қолданушының нұсқасы

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Энергия өзгерістері. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар дегеніміз не? 1-бөлім: Энергия өзгерістері

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Қолданушының нұсқасы

жазбаша MANObserver-i B/03-14

Пайдаланушы нұсқаулығы

Б.Қ. Бұқарбаев, Ж.Ғ. Займолдина, Б.Б. Ораз, О.Ж. Ұлқабай ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

І ТАРАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКА ПӘНІ МЕН ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Телевизор. Анықтама нұсқаулығы. KD-55XE80xx / 49XE80xx / 43XE80xx (1)

Пайдаланушы нұсқаулығы

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 1. Жоғары математика 2. Физика 3. Сызыты автоматты реттеу ж(йелері

B Gram Stain Kits and Reagents

Пайдаланушы нұсқаулығы

Лекция. Жарықтың қосарлана сынуын өлшеу.

СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІК ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

7. ПОЛЯРИЗАЦИЯ ЖАЗЫҚТЫҒЫНЫҢ БҰРЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ САХАРИМЕТР КӨМЕГІМЕН ҚАНТ ЕРІТІНДІСІНІҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ

АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ

Essential Organic Chemistry

Толқындардың интерференция құбылысы

МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ

Криптография. ОРЫНДАҒАН: Сабитов Аманбек ОИН-302 тобы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті. Т.Т.

Transcript:

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық ИНСУМАН РАПИД ГТ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2011 жылғы 21 02. 84 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Саудалық атауы Инсуман Рапид ГТ Халықаралық патенттелмеген атауы Адам инсулині Дəрілік түрі Инъекцияға арналған 100 ХБ/мл ерітінді Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: 100 ХБ (3,571 мг) адам инсулині қосымша заттар: глицерол, метакрезол, натрий дигидрофосфатының дигидраты, натрий гидроксиді, концентрацияланған хлорлысутек қышқылы, инъекцияға арналған су. Сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық. Фармакотерапиялық тобы Қант диабетін емдеуге арналған дəрі. Жылдам əсер ететін инсулиндер жəне оның ұқсастары. АТЖ коды А10АВ01 Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Инсуман Рапид ГТ-ның əсер етуі тез басталып, қысқа кезеңге созылуымен сипатталады. Қантты төмендететін əсері тері астына енгізгеннен кейін 30 минут аралығында көрініс береді, жəне ең жоғарысына 1-4 сағат ішінде жетеді. Əсері 7-9 сағат бойына сақталады.

Инсулиннің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4-6 минутты құрайды жəне ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде ол ұзарады. Инсулиннің фармакокинетикасы оның метаболиялық əсерін көрсетпейтінін атап өту керек. Фармакодинамикасы Инсуман Рапид ГТ инсулиннің (қарапайым инсулин) бейтарап ерітіндісі болып табылады. Инсуман Рапид ГТ-ның құрамында Escherichia coli пайдалана отырып рекомбинантты ДНК технологиясы бойынша алынған, өзінің құрылымы жағынан адам инсулиніне ұқсас инсулин бар. Адам инсулині сияқты Инсуман Рапид ГТ де - қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді жəне сол сəтте катаболиялық əсерді төмендете отырып, анаболиялық əсерлерді күшейтеді - глюкозалардың жасуша ішінде тасымалдануын жəне бұлшықеттер мен бауырда гликогеннің түзілуін жоғарылатады, пуриваттың жойылуын жақсартады, гликогенолиз бен гликонеогенезді басады - бауырда жəне майлы тінде липогенезді жоғарылатады жəне липолизді басады - жасушалардың аминқышқылдарды тұтынуын көтермелейді жəне ақуыздардың синтезін белсендіреді - калийдің жасуша ішіне түсуіне ықпал етеді Қолданылуы - инсулинмен емдеуді талап ететін қант диабетінде - гипергликемиялық команы жəне кетоацидозды емдеуде - операциялық араласулар алдында, араласу кезінде жəне араласудан кейін қант диабеті бар науқастардың тұрақтылыққа жетуіне Қолдану тəсілі жəне дозалары Инсулин дозасы емдəмге, дене жүктемесінің деңгейіне жəне емделушінің өмір сүру стиліне қарай жеке таңдалады. Тəуліктік дозалары жəне енгізу уақыты Инсулинді дозалау үшін қатып қалған ережелер жоқ. Инсулиннің орташа тəуліктік қажеттігі емделушінің дене салмағының 1 кг-не 0,5-1,0 ХБ құрайды. Базалық метаболиялық қажеттігі инсулиннің тəуліктік дозасының 40-60% құрайды. Инсуман Рапид ГТ-ны тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын тері астына енгізеді. Ауыр гипергликемияны немесе кетоацидозды емдеу кезінде инсулинді енгізу, қандағы глюкоза деңгейінің жылдам түсуіне қатысты болуы мүмкін күрделі асқынулардан емделушілерді қорғау жөніндегі шараларды қосуы тиіс емдік кешенді құрағыш болып табылады. Мұндай ем қарқынды емдеу бөлімшесінде немесе сол сияқты бөлімшелерде жатқан науқастарды (метаболиялық дəрежесін, қышқылды-сілтілік жəне электролитті балансын, өмірлік параметрлерін жəне басқаларын

бағалауды) мұқият бақылап отыруды қажет етеді. Инсуман Рапид ГТ-ге өту Инсулиннің бір препаратын басқасына алмастыру кезінде дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Олар мынадай жағдайларға қатысты: - емделушіні жануарлар тектес (əсіресе өгіз) инсулиннен адам инсулиніне ауыстырған кезде - адам инсулинінің бір препаратын басқасына ауыстыру кезінде - əдеттегі инсулин режимінің əсері ұзартылған инсулинге ауысуы кезінде. Дозаны түзету қажеттігі (көбінесе төмендету) препаратты ауыстырғаннан кейін тез арада, бірақ кейде бірнеше апта өткеннен кейін айқындалуы мүмкін. Жануарлар тектес инсулин препаратынан адам инсулиніне өту емделушілердің мынадай тобына қажет болуы мүмкін: - емдеу кезінде бұрын қандағы глюкоза деңгейі едəуір төмен дəрежеге жеткендерге - гипогликемияның дамуына бейімділігі барларға - инсулинге антиденелері бар болғандықтан инсулиннің едəуір жоғары дозасы қажеттерге. Инсулин препараттарын ауыстыру кезінде бірнеше апта бойына қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу талап етіледі. Антиденелерінің болуына байланысты инсулиннің едəуір жоғары дозасына мұқтаж емделушілер, инсулиннің бір препаратынан басқасына ауысуы кезінде бақылауда болуы керек, дұрысы, стационарда. Дозаны екінші рет түзеу Метаболизмді бақылаудың жақсаруы, инсулинге қажеттілікті төмендетіп, инсулинге сезімталдықты жоғарылатуы мүмкін. Науқастың салмағы, өмір салты өзгергенде, гипогликемияға немесе гипергликемияға жоғары бейімділікке ықпал етуі мүмкін басқадай жағдайларда дозаны түзетуге болады. Емделушілердің ерекше тобы Бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде жəне егде жаста инсулинге мұқтаждықтың төмендеуі мүмкін. Енгізу Инсуман Рапид ГТ-ны тері астына енгізеді. Препаратты көктамыр ішіне де енгізуге болады. Инсулиннің сіңуі, сонымен қатар қантты төмендету əсері енгізу орнына (іш маңына немесе жамбасқа) байланысты өзгеруі мүмкін. Инъекция орнын əр кез сайын бір аймақ шегінде өзгертіп отыру керек. Көктамыр ішілік инсулиндік емді қарқынды емдеу бөлімшесінде немесе сəйкес мониторингтеу жəне қамтылған жағдайларда жүргізуге болады. Инсулиндерді араласыру Инсуман Рапидті жануарлар тектес инсулинмен жəне инсулиндер аналогтарымен араластыруға БОЛМАЙДЫ.

Инсуман Рапид ГТ- ны инсулиндік сорғыларда пайдалануға арналған инсулиндерді қоспағанда, Санофи-Авентис фирмасының адам инсулинінің барлық препараттарымен араластыруға болады. Инсумана Рапид ГТ картридждері қандай да бір басқа инсулиндердің картриджде араласуына жол бермейтіндей етіп əзірленген. Егер инъекцияға арналған бір еккішке екі əртүрлі инсулинді жинау керек болса, онда едəуір ұзақ əсер ететін препараты бар құтының ластануын болдырмас үшін бірінші қылып едəуір қысқа əсер ететін инсулинді жинау ұсынылады. Дұрысы араластырғаннан кейін тез арада енгізу керек. Əртүрлі концентрациядағы (мысалы, 100ХБ /мл жəне 40 ХБ/мл) инсулиндерді араластыруға болмайды. Кез келген пайдаланылмаған препаратты немесе қалдықтарды жергілікті талаптарға сəйкес ұстау керек. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық Инсуман Рапид ГТ (картридж) ОптиПен инсулиндік қаламдарымен жəне Инсуман картриджіне жарамды басқадай қаламдармен бірге қолдануға арналған. Картридждерді толтыруға, инъекциялық инелерді қондыруға жəне инсулин инъекциясын енгізуге қатысты қаламдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият орындау керек. Инсуман Рапид ГТ-ні қаламға орнатқанша 1-2 сағат бойына бөлме температурасында ұстау керек. Пайдаланар алдында картриджді қарап шығу керек. Егер ерітінді мөлдір, түссіз болса, жəне құрамында көзге көрінетін қатты бөлшектер болмаса жəне су тəрізді консистенциясы болса, тек сол кезде ғана пайдалануға болады. Инъекция алдында картриджден ауа көпіршіктерін кетіру керек. Бос картридждер қайта толтыруға жатпайды. Егер инсулиндік қалам зақымданса немесе дұрыс жұмыс істемесе (механикалық ақауларға байланысты), оны лақтырып тастап жəне жаңа инсулиндік қаламды қолдану керек. Егер қалам дұрыс жұмыс істемесе, инъекцияға арналған еккіштің көмегімен картридждің ішіндегісін (100 ХБ/мл инсулинге жарамды) алуға болады жəне талап етілген дозаны енгізу керек. Инсуман Рапид ГТ (құты) Құтының ішіндегі инсулиннің концентрациясы 100 ХБ/мл құрайтынын есте сақтау керек, сондықтан тек инсулиннің осы концентрациясына есептелген инъекциялық еккіштерді ғана қолдану керек. Еккіштің ішінде қандай да бір басқа препарат немесе оның қалдық мөлшері (мысалы, гепарин қалдықтары) болмауы керек. Құтыдан инсулинді алғаш алар кезде пластикті қорғаныш қалпақшасын шешіп алу керек. Құтыны қатты сілкімеңіз, өйткені ол көпіршіктердің түзілуін туындатады, ол дозаны нақты өлшеуге кедергі келтіруі мүмкін. Егер ерітінді түссіз, мөлдір болса жəне құрамында көзге көрінетін қатты бөлшектер болмаса жəне су тəрізді консистенциясы болса, тек сол кезде ғана пайдалануға болады.

Жағымсыз əсерлері - ауыр жəне əсіресе қайталанған гипогликемия ұстамалары салдарынан болатын неврологиялық бұзылулар. Ұзақ жəне ауыр ұстамалар науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. - адренергиялық реттеуге қарсы белгілермен көрініс беретін нейрогликопенияның белгілері мен симптомдары. Қандағы глюкоза деңгейі артығымен жəне жылдам төмендеген сайын, оның реттеуге қарсы феномені мен симптомдары одан əрі айқындала түседі. - жылдам түрдегі аллергиялық реакциялар (гипотензия, ангионевротикалық ісіну, бронхтық түйілу, жайылған тері реакциялары) өмірге қауіп төндіруі мүмкін - инсулинге антиденелердің түзілуі - организмде одан əрі ісінулерді түзетін натрийдің іркілуі, əсіресе, егер осыған дейін нашар болған гликемиялық бақылау қарқындатылған инсулиндік емдеу нəтижесінде жақсарады - ұлғайған ретинопатия, диабеттік ретинопатия, көрудің бұзылуы (көз бұршағының ісінуінің жəне оның сыну индексінде уақытша өзгеруі салдарынан болған уақытша гликемиялық бақылаудың айқын өзгеруі кезінде). Жақсарған гликемиялық бақылаудың ұзақ уақыт болуы диабеттік ретинопатияның өршу қаупін басады. Алайда, гликемиялық бақылауы тез арада жақсарған инсулиндік емнің қарқындылығы диабеттік ретинопатияның уақытша нашарлауымен үйлесуі мүмкін. - инъекцияны енгізген жерде инсулиннің баяу сіңуіне əкеп соқытарын липодистрофия. Инъекциялаудың осындай аймақ шегінде инъекция орнын тұрақты түрде ауыстырып отыру, осындай реакцияларды азайтуға немесе болдырмауға көмектеседі. - инъекция орнында қабынулар, ісінулер, ауыру, қышыма, гиперемия бірнеше күннен немесе аптадан кейін болады. Жиі - егер инсулин дозасы инсулинге қажеттілікпен салыстырғанда тым жоғары болса, гипогликемияның дамуы мүмкін. Жиілігі популяциямен жəне доза режимдерімен бірге өзгереді. Соның салдарынан, ерекше жиілігін көрсету мүмкін емес. - ісінулер - инъекция орнында реакциялар болуы Кейде - шок - инъекция орнында есекжем болуы Сирек - инсулинге антиденелердің болуы гипергликемия мен гипогликемия үрдісін кетіру үшін инсулин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар - əсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдықта - Инсуман Рапид ГТ-ты сыртқы немесе имплантацияланған инсулин сорғысында, силикон түтігі бар жиырылатын сорғыларда қолдануға болмайды. Дəрілермен өзара əрекеттесуі Дəрілік заттардың бірталайы глюкозаның метаболизміне əсер етеді, ол адам инсулинінің дозасын түзетуді талап етуі мүмкін. Инсулиннің гипогликемиялық əсерін күшейтетін жəне гипогликемияның дамуына бейімділігін жоғарылататын препараттарға ауыз арқылы қабылдайтын диабетке қарсы дəрілер, ангиотензин-өзгерткіш ферменттердің тежегіштері, дизопирамид, фибраттар, флуоксетин, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері, пентоксифиллин, пропоксифен, салицилаттар мен сульфаниламидтер жатады. Инсулиннің гипогликемиялық əсерін бəсеңдететін препараттарға глюкокортикостероидты гормондар, даназол, диазоксид, диуретиктер, глюкагон, изониазид, эстрогендер мен прогестагендер (мысалы, ауыз арқылы қабылдауға арналған контрацептивтерде), фенотиазин, соматропин, симпатомиметиктер туындылары [мысалы, эпинефрин (адреналин), сальбутамол, тербуталин], қалқанша без гормондары, протеаза тежегіштері жəне атиптік антипсихотикалық дəрілік препараттар (мысалы, оланзапин жəне клозапин) жатады. Бета-бөгегіштер, клонидин, литий тұздары жəне алкоголь инсулиннің гипогликемиялық əсерін қалай күшейтсе, солай төмендете де алады. Пентамидин кейде гипергликемиямен ауысатын гипогликемияны туындатуы мүмкін. Одан басқа, β-бөгегіштер, клонидин, гуанетидин жəне резерпин сияқты симпатолитикалық дəрілік препараттардың əсерімен адренергиялық реттеуге қарсы белгілері əлсіз айқын немесе мүлдем болмауы мүмкін. Фармацевтикалық сыйымсыздығы Инсулиннің барлық препараттары сияқты Инсуман Рапид ГТ-ны да құрамында тиол мен сульфиттер сияқты қалпына келтіретін заттары бар ерітінділермен араластыруға болмайды. Бейтарап қарапайым инсулин рн кезінде шамамен 4,5-6,6 тең тұнбаға түсетінін ұмытпау керек. Спирттің жəне басқадай дезинфекциялайтын заттардың инсулин ерітіндісіне түсуіне жол бермеу керек. Айрықша нұсқаулар Инсуман Рапид ГТ-ге асқын сезімталдығы бар науқастарға, емдеу үшін осы сəтте инсулиннің басқадай препараттары қол жеткізгісіз болғанда, оны енгізуді тек қатаң медициналық бақылау арқылы, қажет болса, аллергияға қарсы емшаралармен біріктіріп жүргізу керек.

Жануарлар инсулиніне аллергиясы болған жағдайда науқасты Инсуман Рапид ГТ-ге ауыстырар алдында тері астылық сынама жүргізу ұсынылады, өткені оларда айқаспалы иммундық реакция болуы мүмкін. Бүйрек қызметі бұзылған жағдайда, инсулиннің төмендеген метаболизміне байланысты инсулинді қажетсіну де төмендеуі мүмкін. Егде жаста бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі инсулинді қажетсінудің ұдайы төмендеуіне əкеп соқтыруы мүмкін. Бауыр қызметінің айқын бұзылулары бар науқастарда глюконеогенездің жəне инсулин метаболизмінің қысқаруына байланысты инсулинді қажетсінуі төмендеуі мүмкін. Егер емдеу нəтижесінде глюкозаның қажетті деңгейіне жете алмаса, жəне гипо- немесе гипергликемия көріністері байқалса, онда препарат дозасын ауыстырмас бұрын, науқастың енгізу режимі мен препарат дозасы жөніндегі нұсқаулықты, инъекция техникасын, енгізу орнын ауыстыру жəне емдеудің тиімділігіне əсер ететін басқадай факторлардың болуына байланысты нұсқауларды қаншалықты дұрыс ұстайтынын тексеру қажет. Гипогликемия Егер инсулин дозасы инсулинді қажетсінумен салыстырғанда тым жоғары болса, гипогликемияның дамуы мүмкін. Гипогликемия ұстамасы ерекше клиникалық мəні бар науқастарда мысалы, тəж артерияларының немесе ми артерияларының тарылуы бар науқастарда (гипогликемияның кардиальді немесе церебральді асқынулары дамуы мүмкін), сондай-ақ ұлғайған ретинопатиясы бар науқастарда, əсіресе егер фотокоагуляциямен емдеу оларға жүргізілмесе (гипогликемиядан кейін өтпелі амавроздың даму қаупі) қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылап, ерекше сақтық таныту керек. Аурулар гипогликемияның алғашқы хабаршы-белгілері əлсіз байқалу жағдайларымен таныс болулары керек. Жекеленген қауіп топтарында гипогликемияның алғашқы хабаршы-белгілері өзгеруі мүмкін, аз айқындықта немесе болмауы мүмкін. Мұндай науқастарға мыналар жатады: - гликемиялық бақылауы елеулі жақсарған науқастарда - гипогликемиясы біртіндеп дамыған науқастарда - егде жастағы науқастарда - жануарлар инсулинінен адам инсулиніне ауысқаннан кейін - автономдық невропатия болған жағдайда - қант диабетінің ұзақ уақыт болуында - психиатриялық аурулары болған жағдайда - бірнеше басқадай дəрілік препараттармен бір мезгілде ем жүргізу кезінде Мұндай жағдайларда гипогликемия ауыр түрді қабылдауы мүмкін (естен тануы мүмкін), науқас өзінде гипогликемияның барын түсінгенге дейін. Гликозилирленген гемоглобиннің қалыпты немесе төмендеген көрсеткіштері болған жағдайда, гипогликемияның қайталама, танылмаған (əсіресе, түнгі) көріністерінің болуы мүмкіндігін шамалау керек.

Науқастардың дозалау режимін жəне емдəмді қатаң ұстануы, инсулинді дұрыс енгізуі жəне гипогликемия белгілері жайлы хабардар болуы гипогликемия қаупін төмендету үшін қажет. Гипогликемияға шалдығуды жоғарылататын факторлар аса мұқият бақылауды талап етеді жəне дозаны түзету қажеттігін туындатуы мүмкін. Оларға мыналар жатады: - инъекция орнын өзгерту - инсулинге сезімталдықтың жоғарылауы (мысалы, жабығу факторларының жоғалуы салдарынан) - əдеттенбеген, жоғары немесе едəуір ұзақ дене жүктемесі - интеркуррентті аурулар (мысалы, құсу, іш өту) - тамақты дұрыс қабылдамау - тамақ ішуді өткізіп алу - спирттік ішімдіктерді қабылдау - кейбір теңгерілмеген эндокриндік бұзылулар (мысалы, гипотиреоидизмде жəне бүйрек үсті безі қабығының немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің жеткіліксіздігінде) - кейбір басқадай дəрілік препараттармен бір мезгілде емдеу Интеркуррентті аурулар Интеркуррентті аурулар кезінде метаболизмді қарқынды бақылау талап етіледі. Көптеген жағдайларда кетонға несеп тексерісі жүргізілгені көрсетілген, сондай-ақ инсулин дозасын түзету жиі талап етіледі. Инсулиннің қажеттілігі жиі артады. 1 түрдегі қант диабетімен ауыратын науқастар көмірсулардың тым болмағанда аздаған мөлшерін тұрақты түрде қабылдаулары керек, тіпті егер олар тағамды аз мөлшерде қабылдаса да, олар тамақ ішпеуі де мүмкін немесе оларда құсулар жəне т.с.с. болса. Мұндай науқастар инсулинді енгізуді толығымен тоқтатуларына болмайды. Жүктілік жəне лактация Жүктілік кезеңінде адам инсулинінің əсері туралы деректер жоқ. Инсулин плацентарлық кедергі арқылы өтпейді. Жүкті əйелдерге препаратты тағайындағанда сақ болу керек. Алдында немесе гестациондық қант диабеті бар науқастар жағдайында жүктілік кезеңінде метаболизмнің жақсы деңгейін демеп отыру керек. Инсулинді қажетсіну жүктіліктің бірінші триместрінде төмендеуі, толығымен екінші жəне үшінші триместр бойына артуы мүмкін. Босанғаннан кейін инсулинді қажетсіну жылдам азаяды (гипогликемияның даму қаупі артады). Мұндай жағдайларда елеулі мəні қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу болады. Емшек еметін балаларға əсері байқалмайды. Инсуман Рапид ГТ-ны бала емізу кезеңінде қолдануға болады. Алайда, емшек емізетін аналарға инсулиннің дозасын түзету жəне емдəм қажет болуы мүмкін. Дəрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері

Науқастың назар шоғырлануы жəне сезіну қабілеті гипогликемия немесе гипергликемия нəтижесінде, немесе, мысалы, көзі нашар көрген жағдайда төмендеуі мүмкін. Жоғарыда айтылған қабілеттерге ерекше мəні бар жағдайларда бұл қауіпті болады (мысалы, автомобильді немесе жұмыс механизмін басқару кезінде). Көлік жүргізу кезінде гипогликемияның дамуын болдырмас үшін науқастарға сақтандыру шараларын ұстану туралы ескерту керек. Бұл гипогликемияның алғашқы хабаршы-белгілері аздап білінетін немесе болмайтын, немесе гипогликемия көріністері жиі болатындығы өте маңызды. Мұндай жағдайларда автомобильді жүргізу жəне жұмыс механизмдерін басқару жөніндегі мəселелерді қарастыру керек. Артық дозалануы Белгілері: өмірге қауіпті ауыр жəне кейде ұзақ гипогликемия Емдеу: жеңіл гипогликемия көріністері əдетте ауыз арқылы қабылдайтын көмірсуларды қабылдау жолымен басылады. Препаратты дозалауды, тамақтану режимін немесе дене жүктемесінің сызбасын түзету қажет болуы мүмкін. Глюкагонды комамен, құрысулармен немесе неврологиялық бұзылулармен қатар жүретін едəуір ауыр жағдайларда бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізу немесе концентрацияланған глюкозаны көктамыр ішіне енгізуге болады. Көмірсуды ұзақ уақыт енгізу жəне нақты клиникалық жазылудан кейін гипогликемияның қайталануы мүмкін болғандықтан науқасты одан əрі бақылап отыру қажет. Шығарылу түрі жəне қаптамасы Картридждер Резеңке поршені жəне резеңке тығыны бар алюминий қалпақшамен көмкерілген түссіз шыны картридждерде препарат 3 мл-ден. 5 картридж мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пəшкеге салынған. Құтылар Алюминий қалпақшасымен көмкерілген, резеңке тығынмен тығындалған жəне үзбелі тілі бар қорғаныш пластикті қақпағы бар, мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларда препарат 5 мл-ден. 5 құты мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пəшкеге салынған. Сақтау шарттары Бірінші қаптамасын ашқанға дейін 2 -ден 8 С дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! Тоңазытқыштың қабырғасына тигізуге болмайды.

Бірінші қаптамасын ашқаннан кейін 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Картридждер мен құтыларды жылу мен жарықтың тікелей əсерінен қорғау үшін сыртқы картон қаптамасында сақтау керек. Қартридждері бар қаламдарды тоңазытқышта сақтауға болмайды. Жарықтан қорғау үшін, əрбір инъекция сайын қалам қалпақшасын қайтадан қаламға орнатып отыру керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Сақтау мерзімі Бірінші қаптамасын ашқанға дейін 2 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. Бірінші қаптаманы ашқаннан кейін Картридж Еккіш-қаламға енгізілген картриджді алғаш қолданғаннан кейін өнімді 4 апта бойына пайдалануға болады. Құтылар Ерітіндіні құтыдан алғаш сорып алғаннан кейін өнімді 4 апта бойы пайдалнуға болады. Заттаңбасында инсулиннің алғаш пайдаланған күнін көрсету керек. Дəріханалардан босатылу шарттары Рецепт арқылы Өндіруші Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ, Германия Орналасқан мекенжайы: Industriepark Hoechst, Brüningstrasse, 50, D-65926 Frankfurt am Main, Germany Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы 050016, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 21Б телефон: 8-727-244-50-96 факс: 8-727-258-26-96 e-mail: almagul.mamadaliyeva@sanofi-aventis.com