С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша оқитын магистранттарға арналған ТАҢДАМАЛЫ (ЭЛЕКТИВТІ) ПƏНДЕР КАТАЛОГІ Астана 2014
ƏӨЖ 574 Құрастырушылар: ҚР БҒМ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің микробиология жəне биотехнология кафедрасының профессоры, в.ғ.д.. А.Қ. Бұлашев, доценті, б.ғ.д. С.С. Бекқожина, б.ғ.к., аға оқытушы Ш. Серикова Таңдамалы (элективті) пəндер каталогы. Астана, 2014. 54 б. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғылыми кеңесінің мəжілісінде қаралып бекітілді жəне оқу үдерісінде қолдануға ұсынылды («10» маусым 2014 жыл. Хаттама 11). С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2014
ТҮСІНІК ХАТ Құрметті магистранттар! Оқудың кредиттік жүйесінде мамандық бойынша оқу əдістемелік кешеннің міндетті элементі таңдау бойынша оқытылатын (элективті) пəндер каталогі болып табылады. Оған таңдау бойынша пəндер тізімі енеді. Таңдау бойынша оқытылатын (элективті) пəндер каталогін ЖОО əр мамандық бойынша магистранттың жан-жақты өздігінен тиімді білім алуын қамтамасыз ету үшін дайындайды. Каталогте барлық мамандандыруды жəне кəсіби қызметтің түрлері мен бейімділігін қамтитын пəндер жиыны кіреді. Бұл ЖООның қалыптасқан ғылымипедагогикалық мектебінің түрлі өзгерістерге бейімделуіне жəне оны дамытуға, оқу орнының ақпараттық-кітапханалық ресурстары мен оқу-зертханалық базасын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Сіздерге ұсынылып отырған ЭПК жалпыға міндетті стандартта анықталған кəсіби құзыреттілікті толық меңгеруге мүмкіндік береді. Таңдау бойынша оқытылатын (элективті) пəндер каталогін пайдаланып, магистрант эдвайзердің (академиялық тəлімгері) басшылығымен, өз жеке мүмкіндігімен, өсу мүмкіншілігіне еңбек пен өндіріс нарығының қажеттілігіне сəйкес өзінің оқу жоспарын құрастырады. Каталогте мамандық бойынша типтік оқу жоспары сияқты пəндер екі циклге біріктірілген: міндетті пəндер циклі, бейіндік пəндер циклі. Өзінің білімдік бағдарламасын қалыптастыру үшін магистрант барлық міндетті компоненттегі пəндерді меңгеруі (ЖММС бекітілген) керек. Сонымен қатар, ұсынылып отырған тізімнен таңдау бойынша пəндерді таңдап оқуға болады. Таңдау бойынша оқытылатын (элективті) пəндерді таңдағанда магистрант олардың академиялық өзара байланысының сəйкестігін жəне курстардың (пəндердің) бірізділігін, курстың пререквизиті мен постреквизитін талдап, оны эдвайзермен кеңесе отырып орындауы керек. Жалпы білім беретін пəндер циклі бакалавриат бағдарламасын меңгеру кезінде сіздер маманның жалпы интеллектуалды, тұлғалық жəне əлеуметтік даярлығын қамтамасыз ету мақсатында оқып үйрендіңіздер. Міндетті пəндер циклі болашақ маманның сəйкес мамандығы фундаменталды білімнің қалыптасуына бағытталған, сондықтан да бұл цикл бойынша магистранттың 16 кредит жинақтауы қажет. Бейіндік пəндер циклі маманның нақты кəсіби қызметіне аймағында арнайы білім, білік, дағды, компетенцияның тізімін анықтайды. Магистрант бұл циклден 18 кредит жинақтауы қажет (каталогке қосымшаны қара). магистранттың білім траекториясының қаншалықты ойластырылғанынан жəне толықтығынан оның болашақ маман ретінде кəсіби дайындығының деңгейі анықталатынын, яғни қалыптасатынын əрдайым есте ұстау қажет. Сіздерге оқуда жəне таңдамалы пəндерді дұрыс таңдауда табыс тілейміз!
НЕГІЗГІ ПƏНДЕР МЕН ПРОФИЛЬДЫ ПƏНДЕРДІҢ ТІЗІМІ 6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша оқитын магистранттарға арналган Пəннің атауы Кредит саны Бет. 1 2 3 4 НЕГІЗГІ ПƏНДЕР (НП) 20 кредитов, олардың: 1.1. Таңдау бойынша компонент ТК 12 кредит Модуль 4 Биоқауіпсіздік жəне экология 1. Эксперимент теориясы мен əдістері 10 2. Ғылыми зерттеу негіздері 10 3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының методологиясы 11 4. Танаптық жəне зертханалық тəжірибе жүргізуді үйлестіру 2 12 5. Патенттану 13 6. Биологиялық зерттеулерді математикалық модельдеу жəне мəліметтерді статистикалық өңдеу 14 7. Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясы 15 8. Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері 16 9. Тағам жəне өнеркəсіп өндірісіндегі биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері 16 10. Балық шаруашылығындағы жəне жабайы құстарды көбейтуде биоқауіпсіздіктің мəселелері 17 11. Топырақтың биоремедиациясы 18 12. Экологиялық жəне санитарлық паразитология 2 18 13. Биотехнология өнімдерін маркерлеу жəне тестілеу əдістері 19 14. Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздері 20 15. Ветеринарлық биологиялық препараттарды қолданудың мемлекеттік бақылануы 21 16. Эпизоотологиялық мониторинг жəне ветеринарлық шараларды ұйымдастыру 22 17. Биопрепараттарды бақылау əдістері 23 18. Өсімдіктер иммунитеті 24 19. Тағамдық өндірістің микробиологиялық қадағалануы 25 20. Жануарлар өнімінің тауартануы мен экспертизасы 25 21. Молекулалық-генетикалық зерттеулердің əдістері 26 22. Биотехнологияның заңдары, құқықтық жəне 2 нормативтік актілері 27 23. Өсімдік өнімдерін бағалау жəне бақылау 28 Модуль 5 Селекциялы-генетикалық
24. Биотехнологияның молекулалық-генетикалық негіздері 29 25. Жануарларды көбейту биотехнология жəне селекция негіздері 2 30 26. Гендің жəне генетикалық инженерия негіздері 31 27. Нуклеин қышқалдарының молекулалық биологиясы негіздері 31 28. Микроағзалардың өндірістік штаммдарын сұрыптау 32 29. Биопрепарат алудың гендік-инженерлік əдістері 33 30. Өсімдіктер генқорын құру мен сақтаудың селекциягенетикалық негіздері 2 34 31. Молекулалық генетика жəне генетикалық инженерия 35 32. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы 36 33. Ветеринариялық генетика 37 Модуль 6 Мамандық бойынша бағытталған 34. Эпизоотология жəне жұқпалы аурулар 38 35. Паразитология жəне инвазиялық аурулар 39 36. Ветеринарлық-санитарлық сараптама жəне шикізат пен азық түлік қауіпсіздігі 39 37. Топырақ биологиясы 40 2 38. Топырақтану биогеотехнология негіздерімен 41 39. Қазақстанның перспективті дақылдары 42 40. Мал шаруашылығы 43 41. Құс шаруашылығы 44 42. Жылқы шаруашылығы 45 ПРОФИЛЬДЫ ПƏНДЕР (ПП) 22 кредит, оладың: 2.1 Таңдау бойынша компоненттер 20 кредит Модуль 7 Биотехнологияның қазіргі заманғы мəселелері мен əдістері 43. Ветеринарлық медицина мен мал шаруашылығының заманауи биотехнологиялық мəселелері 46 44. Салалық биотехнология мен селекцияның қазіргі мəселелері (салалары бойынша) 47 45. Микология жəне альгологияның заманауи биотехнологиялық мəселелері 48 46. Өсімдік шаруашылығы мен топырақтанудың заманауи биотехнологиялық мəселелері 2 48 47. Балық жəне аң шаруашылығының заманауи биотехнологиялық мəселелері 49 48. Мақсатты өнімдерді тазалау жəне бөлудің заманауи əдістері 3 50 49. Заманауи биохимиялық жəне гематологиялық зерттеулері 51 50. Биологиялық белсенді заттарды айқындайтын əдістері 52 51. Биотехнологиядағы заманауи əдістері 53 52. Өсімдік шаруашылығының өнімділігін жоғарылатудың заманауи əдістері 54
53. Биотехнологияда биохимиялық зерттеулер 55 54. Акушерліктің биофизикалық жəне зертханалық зерттеулері 56 55. Биогеотехнологияның қазіргі таңдағы əдістері 56 56. Жеке биохимия 57 57. Бионанотехнология негіздері 58 Модуль 8 Биотехнологиялық өндіріс 58. Биотехнология жабдықтары (профиль бойынша) 59 59. Биотехнология өндірісінің негіздері 60 60. Микроағзалар биотехнологиясы 60 61. Өсімдіктер биотехнологиясы 61 62. Жануарлар биотехнологиясы 62 3 63. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнология 63 64. Тағам биотехнологиясы 64 65. Экологиялық биотехнология 64 66. Биотехнологиялық өндіріс процестері мен аппараттары 65 67. Саңырауқұлақтар биотехнологиясы 66 68. Өсімдік жасушаларын өсірудің физиологиялық аспектілері 66 69. Вирустар биотехнологиясы 67 70. Тағамдық қоспалардың биотехнологиясы 68 71. Ашу негізіндегі тағам технологиясының негіздері 3 68 72. Ет жəне ет өнімдерінің қолданбалы биотехнологиясы 69 73. Ауыл шаруашылық жəне сəндік жануарларды көбейту биотехнологиясы 70 74. Орман дақылдарының биотехнологиясы 70 75. Жоғары өсімдіктердің жасуша жəне ұлпа өсіндісі Модуль 9 Биотехнологияның қазіргі заманғы əдістері (сала бойынша) 76. Адамдар жəне жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық балауы 72 77. Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын балау 72 78. Жануарлар, өсімдік жəне микробтық жасушасының биологиялық белсенділігін айқындайтын əдістер 73 79. Ет жəне ет өнімдерінің биохимиясы 74 80. Ветеринарлық гематология 74 81. Биотехнология өнімдерін сақтау жəне тасымалдау 3 əдістері 75 82. Төлдердің жұқпайтын ауруларын балаудың заманауи əдістері 76 83. Зооантропоноздық аурулардың балаулық жəне профилактикалық заманауи əдістері 77 84. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алатын заманауи əдістері 77 71
85. Дəрілік түрлердің дəріханалық технологиясы жəне фармациясы 78 86. Фармакокинетиканың жəне молекулярлық фармакологияның негіздері 79 87. Ауыл шаруашылық дақылдарын жақсарту жəне модификациялау əдістері 80 88. Мал шаруашылығы, аң шаруашылығы жəне балық шаруашылығы өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігі 3 81 89. Экстракорпоралдық ұрықтандыру жəне суррогаттық аналық 82 90. Ірі масштабтық өнеркəсіптік биотехнология 83 91. Ауыл шаруашылық дақылдарының қор сақтау технологиялары 84 92. Өсімдік шаруашылығының диверсификациясы 85 93. Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздері 86 Модуль 10 Мақсатты өнімді өндіру технологиясы 94. Тағам жəне биотехнологиялық өндірістің микробиологиялық негіздері 87 95. Балау жəне дауалау биопрепараттарын өндіру технологиясы 88 96. ББЗ өндіру биотехнологиясы 89 97. Жертыңайтқыштары жəне энтомопатогендік препараттардың өндірістік негізі 90 Заттың екіншілік метаболизм өнімдерін алу 98. 91 процесінің технологиясы 3 Кəсіптік балықтарды жəне жабайы құстарға өсіру 99. жəне көбейтуге арналған препараттар 92 биотехнологиясы 100. Биологиялық белсенді заттар қосылған ет-сүт өнімін өндіру технологиясы 93 101. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін сақтау жəне өңдеу технологиясы 94 102. Мал шаруашылығының өнімдері жəне шикізатын өндеу технологиясы 95
ТАҢДАМАЛЫ ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ І. НЕГІЗГІ ПƏНДЕР (НП) Модуль 4: Биоқауіпсіздік жəне экология ETA 5205 Эксперимент теориясы мен əдістері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Генетика, Математика, Компьютерлік биостатистика, Информатика, Биометрия. Постреквизиттер: Биогеотехнология, Медициналық биотехнология, Ветеринарлық биотехнология, Экологиялық биотехнология. Мақсаты: Маманның өннеркəсіптік жүйелерде сапаны бақылаудың инновациялық əдістерін іздестіруді, əзірлеуді жəне еңгізуді қамтамасыз ететін ғылыми- зерттеу қызметіне қабілетін қалыптастыру. Мазмұны: Ғылыми зерттеу əдістемесінде танып білудің деңгейі. Ғылыми танымның теоретикалық жəне эмпирикалық əдістері. Жалпы ғылыми танымдық əдістердің мазмұны, құрылымы, маңызы. Зерттеу нысандарын жүйелік талдау əдістері мен оны қолдану əдістері. Тəжірибелік зерттеу жəне олардың ерекшеліктері. Эксперименттер қойылымының əдістемелік тəсілдері, зерттеу əдістемесінің негізгі принциптері. Оқшау топтар əдістері, олардың кезеңдері, үйлестірілген топ-аналогтар əдісі, кезеңдер жəне параллельді топ-кезеңдер əдісі, қайта орынбасу əдісі, латын квадрат əдісі. Биотехнология мен селекция ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары, тəжірибелерге қойылатын талаптар, бақылау нəтижелері мен оның түрлерін сипаттау. Тəжірибелік зерттеулерді жоспарлау. Күтілетін нəтижелер: Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың бастапқы кезеңін жүргізуді; ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдауды жəне ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына сай қажетті библиографиялық басылымдар мен ақпараттық материалдарды іздеу дағдысын қалыптастыру. Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша атқарылатын негізгі əдістерін меңгеру. GZN 5205 Ғылыми зерттеу негіздері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Биохимия, Генетика, Молекулалық биология, иммунология, Микробиология жəне вирусология Постреквизиттер: Ветеринариялық жəне медициналық биопрепараттар биотехнологиясы (антибиотиктер, пробиотиктер, ферменттер жəне т.б.), Биопрепараттарды бақылау əдістері, Биотехнологиялық өнімдерді стандарттау жəне сертификаттау, курстық жəне дипломдық жоба, болашақ кəсіби мамандық. Мақсаты: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жəне басқарудағы спецификалық ерекшеліктерін, мазмұнын, терминологиясын, түсінігін, принциптерін, заңдарын білу.
Мазмұны: Магистранттар пəнді оқу кезінде селекция мен биотехнологиядағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары, эксперименттерге қойылатын талаптар, байқау нəтижелерін сипаттау, оның түрлері туралы білім алады. Эксперименттік зерттеулер, олардың ерекшеліктері жəне түрлері. Эксперименттердің əдістемелік тəсілдері, зерттеу əдістерінің негізгі принциптері. Жеке топтар əдісі жəне оның кезеңдері, теңгерілген аналог-топтар əдісі, кезеңдер жəне параллельді кезең-топтар əдісі, орнын қайта басу əдісі, латын квадраты əдісі. Топтағы мал саны, тəжірибенің қайталануы, оны жүргізу мерзімі, тəжірибелік малды азықтандыру техникасы, өлшемдердің реті мен сипаттамасы, құжаттау. Эксперименттік зерттеуді жоспарлау. Зерттеу нəтижелерін талдау жəне қорытындылау. Ғылыми есеп. Ғылымның, ғылыми бағыттың жəне ғылыми нəтижелердің мазмұны, оның кез келген қоғамның дамуына қажеттілігі. Ғылыми қызметті іске асырудағы негізгі теоретикалық ережелермен, заңдармен, принциптермен, терминологиямен, мазмұнымен, түсінігімен, үрдістерімен, əдістерімен танысу. ҚР жəне шет елдегі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысу. Ғылыми ізденісті жүргізудің дəстүрлі механизмін игеру: іздеу, талдау, тəжірибе өткізу, танаптық тəжірибелер, пікіртерім ұйымдастыру, анкета құрастыру. Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың бастапқы кезеңін жүргізуді меңгеру. Күтілетін нəтижелер: Пəннің зерттеу объектісі мен нысандарын білу, негізгі мақсаты мен міндеттерін, ғылыми-зерттеулерді жəне іздестіруді ұйымдастыру əдістерін, зерттеу тақырыбына сəйкес жəне мамандығы бойынша ғылыми-техникалық ақпараты бар материалдарды іздестіру əдістерін игеру. Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың бастапқы кезеңін жүргізуді; ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдауды жəне ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына сай қажетті библиографиялық басылымдар мен ақпараттық материалдарды іздеу дағдысын қалыптастыру. Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша атқарылатын негізгі əдістерін меңгеру. GZZhM 5205 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының методологиясы Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Математика, Информатика, Генетика, Биометрия, Компьютерлік биостатистика. Постреквизиттер: Ветеринарлық биотехнология, Медициналық биотехнология, Экологиялық биотехнология, Биогеотехнология. Мақсаты: Заманауи əдістерді қолдану арқылы кəсіби мəселелерді шешуде алған білімін қолдана білуді үйрену жəне ғылыми ізденістің бағытын дəлелдеу жəне нəтиже ала білу. Мазмұны: Биотехнология мен селекция ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары, тəжірибелерге қойылатын талаптар, бақылау нəтижелері мен оның түрлерін сипаттау. Оқшау топтар əдістері, олардың кезеңдері, үйлестірілген топ-аналогтар əдісі, кезеңдер жəне параллельді топ-кезеңдер əдісі, қайта орынбасу əдісі, латын квадрат əдісі. Топтағы жануарлар саны, тəжірибені қайталау жəне оны жүргізу мерзімдері, тəжірибелік жануарларды жайғастыру мен азықтандыру техникасы. Тəжірибелік зерттеулерді жоспарлау. Зерттеу нəтижелерін талдау жəне қорытындылар. Ғылыми есеп. Ғылыми зерттеулердің əдістемесі мен əдіснамасы. Экономикалық қызметті зерттеуге арналған ақпаратты іздеудің негізгі əдістері. Зерттеу қолжазбасын əзірлеу жұмыстары,
дайындау жəне əрлеу ерекшеліктері. Ғылыми іздеу дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми зерттеулердің негізін зерттеудің қажеттілігі туралы жалпы түсінік. Ғылымның, ғылыми бағыттың жəне ғылыми нəтижелердің мазмұны, оның кез келген қоғамның дамуына қажеттілігі. Ғылыми қызметті іске асырудағы негізгі теоретикалық ережелермен, заңдармен, принциптермен, терминологиямен, мазмұнымен, түсінігімен, үрдістерімен, əдістерімен танысу. ҚР жəне шет елдегі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысу. Ғылыми ізденісті жүргізудің дəстүрлі механизмін игеру: іздеу, талдау, тəжірибе өткізу, танаптық тəжірибелер, пікіртерім ұйымдастыру, анкета құрастыру. Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың бастапқы кезеңін жүргізуді меңгеру. Күтілетін нəтижелер: Пəннің зерттеу объектісі мен нысандарын білу, негізгі мақсаты мен міндеттерін, ғылыми-зерттеулерді жəне іздестіруді ұйымдастыру əдістерін, зерттеу тақырыбына сəйкес жəне мамандығы бойынша ғылыми-техникалық ақпараты бар материалдарды іздестіру əдістерін игеру. Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың бастапқы кезеңін жүргізуді; ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдауды жəне ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына сай қажетті библиографиялық басылымдар мен ақпараттық материалдарды іздеу дағдысын қалыптастыру. Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша атқарылатын негізгі əдістерін меңгеру. TZTZhI 5205 Танаптық жəне зертханалық тəжірибе жүргізуді үйлестіру Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Ғылымның тарихы мен философиясы. Постреквизиттер: Биотехнологияның заманауи əдістері, Ғылыми зерттеу машықтану кезінде танаптық жəне өндірістік тəжірибелерді қою, Магистерлік диссертация жобасын дайындау. Мақсаты: Танаптық жəне зертханалық тəжірибе жүргізуді ұйымдастыру жəне агрохимиялық картограмма құрастыру үшін теориялық білімді жəне тəжірибелік дағдыны қалыптастыру. Мазмұны: Зертханалық, танаптық жəне өндірістік тəжірибелерді жоспарлау жəне қойылым əдістемесі. Зерттеу нəтижелерін өңдеудің математикалық əдісі, тəжірибе құжаттарын жүргізу жəне ғылыми зерттеу нəтижелері бойынша есепті құрастыру ережелері. Ауылшаруашылық өсімдіктерге тыңайтқыштардың əсерін зерттеу кезінде танаптық тəжірибенің маңызы. Танаптық тəжірибелердің түрлері, қойылымдарының негізгі талаптары. Танаптық тəжірибенің сызба нұсқасы жəне оның түсініктемесі. Танаптық тəжірибенің əдісі мен бағдарламасы. Вегетациялық тəжірибе жəне оның мағызы, жүргізу əдісі. Лизиметриялық əдіс, оның маңызы. Лизиметрлердің негізгі құрылымы. Топырақты агрохимиялық зерттеу жəне ауыл шаруашылығына қызмет ету. Тəжірибелік деректерді дисперсиондық талдау. Күтілетін нəтижелер: Танаптық тəжірибелерді жүргізудің əдістемесі мен бағдарламасын құрастыра білу, соның ішінде тыңайтқыштардың түрлері, нормалары, енгізу мерзімі мен əдісі бар схемаларын жасай білу; агрохимия бойынша танаптық, өндірістік, вегетациялық, лизиметриялық жəне зертханалық тəжірибелерді жүргізе алу; өсімдіктердің, топырақтың жəне тыңайтқыштардың химиялық талдауын жасай білу; тəжірибе нəтижелерін талдай алу.
Р 5205 Патенттану Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Математика, Информатика, Генетика, Биометрия, Компьютерлік биостатистика. Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны жазу. Мақсаты: Өнеркəсіптік меншік нысандарына (ӨМН) өтініш жасау, ӨМН лицензияларын сату-сатып алу, ӨМН бағасын жəне оны пайдаланудан түсетін пайданы бағалау бойынша теориялық білімін жəне тəжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Өнертапқыштық саласында құқық қорғаудың нормативтік-заң шығарушы базасы. ҚР, Ресей жəне шетел мемлекеттерінің мəлімет базалары. Кітапханалық қорлар. Ғылым жəне ғылыми əдістеме. Ғылымдар классификациясы. Ғылыми танымның əдістемелік негіздері. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары (СҒЗж), оны ұйымдастыру жəне кезеңдері. СҒЗж нəтижелерін рəсімдеу. Экспериментальды зерттеулер. Эксперименттің классификациясы, түрлері жəне мəселелері. Патенттану негіздері. Өнертапқыштық саласында заңнаманың дамуы. Зияткерлік меншік. Өнеркəсіптік меншік. Өнертабыс жəне өнертапқыштық нысандары. Өнертабысқа патенттеу қабілеттілігінің жағдайлары. Пайдалы модельді жəне өнеркəсіптік үлгіні өнертабысқа патенттеу қабілеттілігі жағдайлары. Өнертабысты анықтау жəне рəсімдеу. Патент алуға өтініш жасау мазмұны. Өнертабысты сипаттауға, ұсынуға жəне рефератқа қойылатын талаптар. Патент беруге өтінішті қарастыру тəртібі. Авторлар жəне патен иеленушілер. Өнертабысты қолдануға берілетін ерекше құқық. Патент қызметін тоқтату. Кітапхана-библиографиялық классификациялар жүйесі. Əмбебап ондық классификациясы. Халықаралық патентті классификация индексі. Патенттік ақпараттың түрлері мен жалпы сипаттамасы. Патенттік құжаттардың ерекшелігі мен артықшылықтары. Курстық жəне дипломдық жобалар аясында патенттік ізденістерді жүргізу. Күтілетін нəтижелер: Патенттік жүйенің бір бөлімі ретінде өнеркəсіптік меншіктің объектілері мен субъектілері туралы білу; патенттану мен өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы қарым қатынасты реттейтін негізгі заңдарды білу; лицензиялық келісім-шарттарды рəсімдеуді; зияткерлік меншіктің субъектілері мен объектілері арасындағы айырмашылықты ажырата алу; өнеркəсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы қарым қатынасты реттейтін заңдарды қолдана алуы қажет. BZMMVSO 5205 Биологиялық зерттеулерді математикалық модельдеу жəне мəліметтерді статистикалық өңдеу Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Математика, Информатика, Генетика, Биометрия, Компьютерлік биостатистика. Постреквизиттер: Микроағзалар биотехнологиясы, Ветеринарлық биотехнология, Медициналық биотехнология, Жасушалық биотехнология, Өсімдіктер биотехнологиясы, Жануарлар биотехнологиясы, Экологиялық биотехнология, Биогеотехнология.
Мақсаты: Кездейсоқ деректерді талдаудың негізгі принциптерімен таныстыру, статистикалық пакеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Түрленбелі көрсеткіштер (орман дақылдарының өнімділігі, өсімдіктердің биіктігі, өсімдіктер өсуінің биометриялық көрсеткіштері) таңдалған жиынтығының статистикалық сипаттаманы алуға, биологияда, орман шаруашылық ісінде жүргізілетін зерттеу нəтижелерін өңдеуге, зерттеу объектісі жайлы дəл жəне түбегейлі пікір жасауға мүмкіндік беретін математикалық статистика əдістері. Мал жəне өсімдік шаруашылықтарының биологиялық пен биотехнологиялық жүйелер математикалық модельдеудің объектісі. ЭЕМ құрылу принципі. Оңтайлы шешулерді экономикоматематикалық талдау. Биологиялық пен биотехнологиялық үрдістерді математикалық модельдеу. Əр түрлі меншіктегі шаруашылықтар деңгейінде биологиялық жəне биотехнологиялық үрдістерді модельдеу. Ауыл шаруашылық кəсіпорындарының мамандықтары жəне оларды орналастыруды модельдеу. Биологиялық үрдістерді статистикалық модельдеу. Биологиялық зерттеулерде қолданылатын заманауи матемтикалық əдістер; компьютерлік технологиялар негізінде зерттеу нəтижелерін дайындауға, өңдеуге жəне жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етілудің статистикалық пакеттері. Арнайы əдебиеттермен жұмыс жасау. Күтілетін нəтижелер: Регрессионндық жəне дискриминанттық талдау əдістерін білу; модельді идентификациялау, параметрлері мен сапасын бағалау; ықтималдық жəне математикалық статистика теорияларының негізгі ережелерін білу; тəжірибелік деректерді статистикалық талдаудың заманауи əдістерін; бір реттік жəне көп реттік іріктеудің статистикалық талдау əдістерін тəжірибеде игеру; статистикалық талдаудың компьютерлік пакеттерінің мүмкіндігімен танысу. BZA 5205 Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясы Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Компьютерлік биостатистика Постреквизиттер: Биотехнологиялық зерттеу мəліметтерін статистикалық өңдеу, Биотехнологияның заманауи əдістері. Мақсаты: Басқарушы есептеу машиналарын жəне микропроцессорлық техниканы қолдану арқылы автоматизация негізінде заманауи өндірісті басқару. Мазмұны: Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясында ЭЕМ ролі. Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясы жүйесінің құрылу принципі. Биотехнологиялық объектілердің белгілері. Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясы жүйесі. ҒЗАЖ мүмкіншілігі. Есептеу техниканың типтік құралдары. ЭЕМ құрылысы жұмыс принципі. Биобақылағыштар мен биоөлшегімтерде микро- ЭЕМ жəне микропроцессорлар. Молекулалық микроэлектроника жəне биокомпьютерлер. Имитация режимінде ЭЕМ қолдану. ЭЕМ-да есептерді шешу реті. Бағдарламалаудың негізгі жолдары. Алгоритмнің блок-сызбасы. Автоматтандырылған жұмыс орындарын техникалық жəне математикалық қамтасыз етуінің құрылу принципі. ЭЕМ биотехнологиялық зерттеулер үшін автоматтандырылған жүйелердің орталық элементі. Автоматтандырылған биотехнологиялық жүйесін ұйымдастыру сызбасы. Таксономиялық зерттеулердің «Электрофорез» автоматтандырылған жұмыс орны. Микроағзалардың басқарылатын культивирлеу үшін автоматтандырылған жұмыс орны. Қоректік орталарды құрастыру жəне биотехнологияның морфологиялық
зерттеулері үшін автоматтандырылған жұмыс орны. Биотехнологиялық зерттеулер үшін автоматтандырылған оқу-ғылыми жүйесі. Есептеу модульдері. АЖОавтоматтандырылған жұмыс орындар, жəне олардың арналуы. Күтілетін нəтижелер: Өндірістік үрдістерді автоматтандыру негіздерін; реттеудің автоматтық жүйесінің математикалық модельдеуін, талдауын жəне синтезінің негізгі əдістерін білу. ЭЕМ жəне микропроцессорлық техниканы ескере отырып, автоматтандырылған жəне автоматты басқару жүйелерін орнатуда қолданылатын, АБЖ негізгі қызметтерімен жəне техникалық жағдайымен жұмыс істей алу. BOEA 5206 Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Экология, Қоршаған ортаны қорғау, Жалпы биология, Химия, Биохимия, Физиология, Молекулалық биология, Микробиология. Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет. Мақсаты: Биопрепараттарды өндіру барысында биохимияның, микробиологияның, генетикалық инженерияның жəне химиялық технологиялардың жетістіктерін заманауи қолдану барысында қоршаған ортаны қорғау жəне сақтаудың ғылыми дүниетанымдығын магистранттарда қалыптастыру. Мазмұны: Экология жəне қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мəселелерін шешу биотехнологияның мəселелері мен тəжірибелік жетістіктері. Қалдықтар мен жанама өнімдердің сипаты мен мөлшері. Өндірістік ғимараттардағы атмосфералық ауаны тазалау. Қатты қалдықтарды утилизациялау. Ағынды суларды тазалау əдістері. Этил спиртінің өндірісі. Микробтық жер тыңайтқыш препараттар. Бактериалды, вирустық жəне саңырауқұлақтық энтомопатогенді препараттар. Бактериалды, вирустық жəне саңырауқұлақтық диагностикалық жəне емдеу-балаулық препараттар. Биоқауіпсіздік талаптары. Биоқауіпсіздік техникасы, биопрепараттар өндірісінің жеке жəне санитарлық гигиенасы. Корпускулярлы антигендер негізінде тірі вакциналар мен диагностикумдарды алу технологиясының ерекшеліктері. Жасуша культурасы түсінігі мен түрлері. Эмбриондарға қойылатын талаптар жəне қолдану шарттары. Биопрепараттарды техникалық жəне биологиялық бақылауы. Күтілетін нəтижелер: Биотехнологиялық үрдістердің алуандылығы мен табиғаты жайлы; биологиялық материалдармен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік туралы; биопрепараттар биотехнологиясында гендік инженерияның жетістіктерін қолдану туралы түсінік қалыптастыру. Биопрепараттар биотехнологиясында қолданылатын биотехнологиялық үрдістердің экологиялық аспектілерінің əртүрлілігі мен табиғатын білу, биотехнологияның əр саласын еркін ажырата білу керек. TOOBZM 5206 Тағам жəне өнеркəсіп өндірісіндегі биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Микробиология, Вирусология, Жануарлардың кəсіби түрлерінің селекциясы мен биотехнологиясы. Постреквизиттер: Биотехнологиялық бейіннің пəндері, магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Тағам жəне өнеркəсіп өндірісіндегі биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелерін зерттеу, шешімінде дəстүрлі жəне заманауи биотехнология амалдары мен əдістері қолданылатын заманауи мəселелерді анықтау. Мазмұны: Биотехнология и биоқауіпсіздік. Мəселенің жағдайы. Қауіпсіздік туралы түсінік. Биологиялық, экологиялық, экономикалық, азық-түлік, əскери жəне басқа қауіпсіздігі. Тағам өндірісіндегі биоқауіпсіздік туралы түсінік. Биологиялық қауіпті организмдер жəне олардың өнімдері. Жасушалық, ұлпалық жəне органогенді биотехнологиядағы биоқауіпсіздік. Биоинженерия мен трансгенозда генетикалық тəуекел жəне биоқауіпсіздік. Биоинженерияда биоқауіпсіздік тұрақтылығы. Генетикалық түрлендірілген ағзаларды құру. Генетикалық түрлендірілген ағзалар мен олардан алынатын өнімдерді биоқауіпсіздігін бағалау əдістері, көрсеткіштері мен критерийлері. Генетикалық түрлендірілген ағзалардан алынған тағам өнімді медикобиологиялық бағалау. Адам үшін тағам қоспаларын қолдану мəселесі. Күтілетін нəтижелер: Тағамдық өнімдердің негізгі құрылымдық заттарын жəне олардың қасиеттерін, құрылымын, классификациясын жəне өндіру барысында болатын өзгерістерін білу. Заманауи биотехнологияның өзекті мəселелерін өздігінен анықтау жəне ғылыми жобалардың конкурсқа қатысуы үшін өтініш əзірлеу. Зертхананың заманауи құрылғыларымен жұмыс істей алуы. Заманауи биотехнологияның биоқауіпсіздігіне байланысты сұрақтары. BShGKKBM 5206 Балық шаруашылығындағы жəне жабайы құстарды көбейтуде биоқауіпсіздіктің мəселелері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Микробиология, Вирусология, Балықтың өндірістік түрлерінің селекциясы, Жануарлардың кəсіп түрлерінің селекциясы мен биотехнологиясы. Постреквизиттер: биотехнологиялық бейіннің пəндері, магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет. Мақсаты: Балық шаруашылығындағы жəне жабайы құстарды көбейтудегі биоқауіпсіздіктің мəселелерін білу. Мазмұны: Биотехнология жəне биоқауіпсіздік. Мəселенің жағдайы. Қауіпсіздік туралы түсінік. Биологиялық, экологиялық, экономикалық, азық-түлік, əскери жəне басқа қауіпсіздігі. Биологиялық қауіпті организмдер жəне олардың өнімдері. Жасушалық, ұлпалық жəне органогенді биотехнологиялардағы биоқауіпсіздік. Биоинженерия мен трансгенозда генетикалық тəуекел жəне биоқауіпсіздік. Биоинженерияда биоқауіпсіздік тұрақтылығы. Генетикалық түрлендірілген ағзаларды құру. Генетикалық түрлендірілген ағзалар мен олардан алынатын өнімдерді биоқауіпсіздігін бағалау əдістері, көрсеткіштері мен критерийлері. Генетикалық түрлендірілген ағзалардан алынған тағам өнімді медико-биологиялық бағалау. Балықты ГТА өнімдерімен азықтандыру мəселесі. Күтілетін нəтижелер: Балық шаруашылығында (аквакультуралар) жəне жабайы құстарды көбейту кəсіби білімін қалдануға дағдылану; Балық шаруашылығының су қоймаларының, үрдістерінің, объектілерінің, жəне өнімдерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, өсірілетін объектілердің сапасын басқару. TB 5206 Топырақтың биоремедиациясы
Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Топырақтану, Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері. Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет. Мақсаты: Топырақты тазарту жəне қалпына келтіру үшін, соның ішінде қара топырақтын өнімділігін қалпына келтіру үшін қолданылатын ремедиациалық технологиялардың басты бағыттарын білу. Биоремедитация үрдісіне қатысатын тірі жүйелердің потенциалымен жəне ластанған топырақтың биоремедиациясы тəжірибесімен танысу. Мазмұны: Негізгі техногенді поллютанттар жəне олардың топырақ биоценозына əсері. Органикалық поллютанттардың микробиологиялық деградациясының механизмдері. Биоремедиация технологиялары. ҚР агрокешенін дамытудың негізгі бағыттары. Топырақтағы ылғалдың жиналуы мен сақталуы. Ресурс үнемдейтін технологиялар база ауыл шаруашылық өндірістің дамуы. Топырақты өңдеудің энергия үнемдейтін əдістер. Картоп шаруашылығындағы энергия үнемдеу. Ресурс үнемдеуші технология негізінде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту. Қазақстан Республикасында жəне ТМД мемлекеттерінде танаптық дақылдарды егудің озық тəжірибесі. Техногенді - ластанған жерлердің биоремедиациялық тазарту жəне қалпына келтіру үрдістері. Заманауи қондырғыларды жəне есептеуші кешендерді қолдану арқылы экологиялық зерттеулерді жүргізу; жаңа ойлар мен əдістемелік шешімдерді қалыптастыру. Кəсіби қызметтің ғылыми-зерттеу жəне өндірістік-технологиялық мəселелерін шешуде, биологиялық ақпараттарды жинау жəне талдау үшін, заманауи компьютерлік технологияларды қолдану. Күтілетін нəтижелер: Қоршаған орта объектілерінің сапасына антропогендік ластанудың əсері туралы заманауи көзқарас қалыптастыру, қоршаған ортаның ластанған объектілерінің басты биоремедиация технологияларын білу. Қоршаған ортаны қорғаудың заманауи мəселелерін түсіну; топырақ биоремедитациясы үшін экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану принциптерін білу. ESP 5206 Экологиялық жəне санитарлық паразитология Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Зоология, Микробиология, Морфология, Физиология, Эпизоотология. Постреквизиттер: Паразитологияның заманауи əдістері. Мақсаты: Паразитизм туралы; паразитарлық тіршілік етуге бейімделу жəне паразиттің тіршілік циклдері, ағзадағы паразит-иесі жүйесінің құрылымдық қалыптасуы, популяциялық жəне биоценотикалық деңгейі туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Паразитизм тірі ағзалардың тіршілік ету формасы түрінде. Паразиттердің классификациясын, олардың морфологиясы мен дамудың тіршілік циклдерін оқу. Паразиттiк аурулардың таралуы жəне профилактикасы. Зерттеулердiң негiзгi паразитологиялық əдiстерiн игеру. Паразиттердің таралған түрлерін балау əдістерін меңгеру. Жануарлар əлемінде паразитизмнің таралуы. Иесінің паразитофаунасы жəне оның онтогенетикалық жəне филогенетикалық дамуы. Паразитарных жүйе түрлері жəне факторлары, олардың тұрақтылығын анықтау. Паразиттердің популяциялық экологиясы. Паразиттердің медициналық жəне
ветеринариялық маңызы. Адамдардың трансмиссивті аурулары жəне зооноздардың табиғи ошақтылығы. Ветеринарлық протозоологияның даму кезеңдері. Паразитарлық қарапайымдылардың систематикасы, морфологиясы жəне биологиясы. Күтілетін нəтижелер: Паразитологияның анықтамасын, терминдерін жəне негізгі түсінігін қалыптастыру, паразитарлық жануарлардың негізгі топтарын, «паразит-иесі» жүйесінің тіршілік ету заңдылықтарын, жануарлар əлемінде паразитизмнің пайда болуы мен таралу мəселелерін, паразиттердің тіршілік циклдерін, иесінің тіршілік етуіне жəне қоректенуіне паразитофаунаның байланысын білу. Паразиттердің таралуының географиялық жəне антропогендік факторларын, популяциялық экологиясын білу. Паразитарлық ағзалардың негізгі топтарының систематикалық түрлерін ажырата білу. В.А. Догель бойынша толық паразитологиялық талдау жасау əдісін игеру. BOMTA 5206 Биотехнология өнімдерін маркерлеу жəне тестілеу əдістері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Генетикалық инженерия, Биохимия, Молекулалық биология, Өсімдіктер биотехнологиясы, Микроағзалар биотехнологиясы, Жануарлар биотехнологиясы, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сертификаттау жəне сақтау технологиясы, Мал шаруашылығы өнімдерінің Ветеринарлық-санитарлық экспертизасы. Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны жазу, Болашақ кəсіби қызмет. Мақсаты: Биотехнология, молекулалық биология ғылымдарының ашылуынан бастап ғылыми өндіріске еңгізілгенге дейінгі биологиялық ғылымдар жетістіктерінің арқасында адамзат үшін зор пайдасын, биотехнологиялық өнімдерін маркерлеу жəне тестілеу əдістерін магистранттарға жеткізу. Мазмұны: Микроағзалар, өсімдік шаруашылығы жəне мал шаруашылығы генетикалық түрлендірілген өнімдерінің таралуы. Биотехнологиялық өнімдерін белгілеу жəне тестілеу əдістері. ДНҚ рекомбинантты технологиялар əдістері. Маркерлік гендерді зияндылығы мен маркер гендерін блокадалау əдістері. Генетикалық түрлендірілген өнімдерінің пайда мен зияны туралы заманауи түсінік. Генетикалық түрлендірілген өнімдерін пайдаланылуы туралы құжат. Генетикалық түрлендірілген өнімдерді қолданудың əлеуметтік-экономикалық аспектілері. Биоқауіпсіздік. Биоэтика. Биотерроризм. Генетикалық түрлендірілген өнімдерді алу əдістері. Генетикалық ақпараттың векторлық молекулалар арқылы таралу қаупі. Өсімдік шаруашылығының генетикалық түрлендірілген өнімдерінің пайдасы мен зияны туралы заманауи көзқарас. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы, жетістіктері мен кемшіліктері. Агротехникалық əдістерде генетикалық түрлендірілген өнімдердің қызметін қолдану. Маркерлеу жəне тестілеу. Биологиялық бүтінділікті жоғалтудың кең ауқымды ықтималдылығы. Қалыптасқан экожүйеге бөгде тіршілік түрлерін еңгізу. Күтілетін нəтижелер: Микроорганизмдердің, жануарлардыңи жəне өсімдіктердің биотехнологиялық өнімдерін белгілеу жəне тесттілеу əдістерін игеру. Биоинженерия өнімдерін белгілеу жəне тесттілеудің басты ережелерін магистранттарға үйрету, сонымен қатар сол салада қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстыру Магистранттар бұл бағытта қолданылатын ТМД, Еуропа елдерінің, Еуроодақ, Америка елдеріндегі заңдар мен заңнамаларын білуі қажет. Магистранттар Қазақстан
Республикасында биоқауіпсіздік саласында қолданылатын құжаттар мен заң жобаларын білуі қажет. OKBN 5206 Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Ғылым мен философияның тарихы; Ауыл шаруашылық өсімдіктердің аурулары; Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері; Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселері. Постреквизиттер: Өсімдік шаруашылығы, Тұқым шаруашылығы, Көкөніс шаруашылығы, Өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылықты химизициялаудың экологиялық мəселелері, Агроценоздардың химиялық ластануы, Өсімдік шаруашылығында биотехнологияның заманауи мəселелері. Мақсаты: Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздерімен, ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі ауруларымен, ауру қоздырғыштарының биологиясымен жəне оларға қарсы бағытталған кешенді шаралармен таныстыру. Мазмұны: Аса қауіпті жəне зиянды ағзалармен күресудің заманауи жолдары мен əдістер. Əр дақыл жəне оның егістік алқабы үшін өсімдікті қорғаудың əртүрлі əдісін интеграциялауға негізделген кешенді шаралар жүйесі. Топырақ пен себудің фитосанитарлық жағдайын бақылаудың ықпалданған бағдарламалары. Өсімдіктерді қорғау технологиясы. Өсiмдiктердiң заманауи биологиялық қорғау тəсілдері. Зиянды ағзалардың көбеюін шектейтін паразиттік жəне жыртқыш жəндіктер мен басқа табиғи зиянкестер, зиянды микроағзалар. Зиянды ағзалармен күресудің заманауи жолдары мен заманауи əдістер, биопрепараттарды қолдану. Қазақстан Республикасының биологиялық күресу тəсілдері құралдарының шешiлген тiзiмдерi. Өсімдіктерді интегрирленген қорғау туралы түсінік. Өсімдік ауруларының классификациясы. Өсімдіктердің инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулары. Саңырауқұлақтарөсімдік ауруларының қоздырғыштары. Фитопатогендік бактериялар. Актиномицеттер-өсімдік ауруларының қоздырғыштары. Фитопатогендік вирустардың ерекшеліктері. Фитоплазмалар жəне вироидтер өсімдік ауруларының қоздырғыштары. Өсімдіктерді аурулардан қорғаудың химиялық жəне биологилық заттары. Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы қолдануға рұқсат етілген заманауи пестицидтердің түрлерімен таныстыру. Күтілетін нəтижелер: Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі ауруларының түрлерін; ауру қоздырғыштарының биологиясы мен морфологиясын; өсімдік ауруларының таралуына экологиялық факторлардың əсерін; зияндылық шегін; өсімдіктерді қорғаудың заманауи əдістерін білу. Ауыл шаруашылық дақылдары ауруларын балау, ауруларын есепке алу, өсімдік ауруларынан қорғауға бағытталған шараларды ұйымдастыру. VBPKMB 5206 Ветеринарлық биологиялық препараттарды қолданудың мемлекеттік бақылануы Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Микробиология, Вирусология, Эпизоотология, Ветеринарлық істі ұйымдастыру, Иммунология, Паразитология. Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, Кəсіби қызмет.
Мақсаты: Ветеринарлық препараттардың норматив талаптарына сəйкестігі, ветеринарлық препараттарды қолданудағы мемлекеттік саясат пен бақылауды игеру. Мазмұны: Өндірісте, импортта, ветеринарлық препараттарды қолдану жəне жүзеге асыру барысында заңды жəне физикалық тұлғалар қойылатын талаптар. Ветеринарлық препараттар сериясының (партияларының) ветеринарлық талаптарға сəйкестігін анықтау. Ветеринарлық препараттарына нормативті-техникалық құжаттарына қойылатын талаптар. Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын құру жəне қолдану. Ветеринарлық препараттарды, жемдерді жəне жемдік қоспаларды зертханалық сынақтарды өткізуге мемлекеттік бақылаудың регламенті. Ветеринарлық препаратты өндіру жəне жүзеге асыратын объектілерге ветеринарлық-санитарлық талаптар. Шикізаттар мен материалдардың сапасын кіріс жəне технологиялық бақылауды ұйымдастыру. Микроорганизмдердің, вирустардың, саңырауқұлақтардың өндірістік штамдарының дұрыс сақталуын, қолданылуын жəне есепке алуын бақылау. Əр дайын болған препараттар сериясының сапасын бақылау. Препараттардың нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сəйкес келуін құжат түрінде растау. Тұтынылатын препараттардың тəжірибе жүзінде қолдануға жарамдылығы туралы қорытынды хат беру. Күтілетін нəтижелер: Өндірісте, импортта, ветеринарлық препараттарды қолдану жəне жүзеге асыру барысында заңды жəне физикалық тұлғалар қойылатын талаптарды білу. Ветеринарлық препараттар сериясының (партияларының) ветеринарлық талаптарға сəйкестігін анықтай алу. Ветеринарлық препараттарына нормативтітехникалық құжаттарына қойылатын талаптарды білу. EMVShY 5206 Эпизоотологиялық мониторинг жəне ветеринарлық шараларды ұйымдастыру Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Зоология, География, Физиология, Информатика, Патологиялық физиология, Патологиялық анатомия, Эпизоотология, Ветеринарлық істі ұйымдастыру, Паразитология, Биологиядағы экономико-математикалық модельдеу, Фармакология. Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, кəсіби қызмет. Мақсаты: Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайды анықтау жəне белгіленген аймақтардағы эпизоотикалық жағдайлардың өзгерісі жəне олардың ерекшелігі жайлы жаңа мəліметтерді жинау. Мазмұны: Эпизоотикалық үрдіс, оның басты жəне қосалқы қозғалтқыш күштері. Жануарлардың инфекциялық ауруларының номенклатурасы мен классификациясы. Жануарлардың аса қауіпті аурулары кезінде эпизоотияға қарсы шаралардың ерекшеліктері. Инфекцияға қарсы иммунитет жəне иммунологиялық реактивтілік феномендері. ҚР жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайы. Кешенді эпизоотологиялық зерттеу əдістері. Эпизоотияға қарсы шаралардың негізгі принциптері. Эпизоотияға қарсы шаралар жүйесіндегі дезинфекцияның, дезинсекцияның жəне дератизацияның маңызы. Эпизоотикалық үрдістің интенсивтілігінің статистикалық көрсеткіштері. Жануарлардың денсаулығын сақтау бойынша халықаралық ұйымның (ХЭБ) жүйесі бойынша инфекциялық аурулардың классификациясы. Бруцеллезге қолайсыз шаруашылықты сауықтандыру бойынша кешенді шаралар. Инфекциялық ауруларды ПТР комегімен молекулалық генетикалық
балау. ҚР жануарлардың сібір жарасын эпизоотологиялық мониторингісі. ҚР аусыл бойынша қазіргі эпизоотологиялық жағдайы. Құс тұмауы бойынша эпизоотологиялық жағдайды талдау жəне вирустың антигендік қасиеттерінің өзгергіштігінің себептері. Инфекциялық аурулар кезінде стандартты диагностикумдар алудың биотехнологиялық аспектілері. Жұқпалы ауруларды балау мен бақылаудың заманауи əдістері. Тəуекелді талдау жəне жұқпалы ауруларды болжау. Ветеринарлық география. Жұқпалы аурулар балаудың заманауи əдістері. Эпизоотикалық үрдістің өтуіне əсер ететін түрлі факторларды талдау. Күтілетін нəтижелер: Эпизоотикалық жағдай белгіленген аймақтағы эпизоотикалық жағдайлардың өзгерісін жəне олардың ерекшелігі жайлы жаңа мəліметтерді жинау мен жинақталған бар мəліметтерді одан əрі жетілдіру үшін заманауи ақпараттықаналитикалық бағдарламаларды пайдалану. Солардың негізінде эпизоотикалық қарсы шаралардың ең тиімдісін жетілдіре алу. BBA 5207 Биопрепараттарды бақылау əдістері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Микология, Микробиология, Вирусология, Жасушалық технология, Биоөнімдерді өндіру технологиясы негіздері, Биотехнологиялық қондырғылар, Ғылыми зерттеу негіздері. Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсiби қызмет Мақсаты: Ветеринариялық препараттардың негізгі түрлерімен танысу, биопрепараттарды концентрлеу жəне кептіру, сапасын бақылау əдістерін білу. Мазмұны: Магистранттарға əртүрлі биопрепараттарды өндірудің технологиялық негіздерін, оларды технологиялық жəне биологиялық бақылаудан өткізу əдістері туралы білім беру. Магистранттар келесі бөлімдерден білім алады: Биопрепараттар топтарын. Вакциналарды алу. Емдік-профилактикалық қан сарысулары мен иммуноглобулиндерді алу. Диагностикалық препараттарды алу принцптері мен əдістері. Биопрепараттардың стандарттылығы мен мөлшері. Өндірістік штаммдардың тұрақтылығын анықтау. Стабилизациялаушы заттарды таңдау. Тірі жəне өлтірілген вакциналардың зиянсыздылығы, сақтау мерзімдері, аллергиялық əсері, эпизоотиялық тиімділігі. Жаңа препараттарға нормативті құжаттарды əзірлеу. Түрлі биопрепараттарды өндірісінің технологиялық ерекшеліктері жəне олардың технологиялық пен биологиялық бақылау əдістері. Биопрепараттар тобы, вакциналарды, емдік профилактикалық иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер. Диагностикалық антигендерді дайындау əдістемесі мен принциптері. Биопрепараттардың саны мен стантдарттілігі. Өндіріс штаммдарын тұрақтылықты зерттеу. ЛД 50, ЛД 100, ЭИД 50, ТЦД 50. Тұрақтандыратын заттарды таңдау. Сақтау мерзімі. Тірі жəне инактивирленген биопрепараттардың зиянсыздығы. Вакциналардың аллергия туғызатын əсері. Тірі жəне инактивирленген биопрепараттардың реактогенділігі. Вакциналардың антигендік белсенділігі жəне олардың эпизоотикалық тиімділігі. Жаңа препараттарға нормативтік құжаттарды құрастыру. Сынақ партияның технологиялық шарты. Биопрепаратарды даярлау жəне бақылау бойынша уақытша нұсқамалар, қолданыс бойынша нұсқаулар. Диагностикалық антигендер жəне сарысулар, алу жəне қолдану. Вакциналар мен гипериммунды сарысулардың сапасын бақылау. Антибиотиектер, пробиотиктер жəне бактериофагтардың сапасын бақылау.
Биопрепараттарды кептіру əдістері. Вирусқа қарсы заманауи вакцина. Препаратарды концентрлеу əдістері. Биопрепараттарды сақтау. Күтілетін нəтижелер: Алуан түрлі вакциналарды дайындау принциптерін білу; арнайы терапия мен жұқпалы аурулардың алдын алу дəрі-дəрмектерін тағайындау жəне дайындау принципі; диагностикалық препараттарды дайындау жəне қолдану принципі; вакциналар, сарысулар, диагностикалық препараттар, антибиотиктер, пробиотиктер, гамма глобулиндерді бақылау принципі; биопрепараттарды кептіру əдісі; биопрепараттарды консервілеу əдісі; биопрепараттарды сақтау жағдайлары. Биопрепарттарды қолданысқа жарамдылығын анықтау дағдыларын меңгеру. OI 5207 Өсімдіктер иммунитеті Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Биология, Экология. Постреквизиттер: Егін шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығы, Ауыл шаруашылық өсімдіктердің селекциясы. Мақсаты: Аурулар мен зиянкестерге қарсы өсімдіктердің иммунитеті механизмін; патоген-өсімдік-иесі-қоршаған орта жүйесінде өзара қарым-қатынасын білу. Мазмұны. Паразитизм эволюциясы. Симбиоз, комменсализм, мутуализм ағза арасында өзара қарым-қатынас түрлері. Өсімдіктер иммунологиясы түсінігі. Өсімдіктердің ауруларға төзімділігі. Үш компоненттердің өзара əрекеттесу заңдылықтары (өсімдік, паразит, орта). Токсиндер. Токсиндердің химиялық қасиеті. Токсиндердің əсер ету механизмі. Өсімдіктердің ферменттері. Өсімдіктердің өсу заттары. Фитопатогенді микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы. Созылымдылық. Антибиотиктер. Топырақ микрофлорасы мен өсімдіктер. Өсімдіктің қорғаныш реакциялардың негізгі түрлері. Тотықтырғыш үрдістердің иммуниттегі рөлі. Синтетикалық үрдістердің иммуниттегі рөлі. Өсімдіктің қорғаушы механизмі, енжарлы иммунитет факторлары мен белсенді иммунитеттің қалыптасуы. Табиғи жəне жүре пайда болған иммунитет. Жасанды иммунизация. Төзімділікті арттыру. Кейбір заттардың өсімдікке сауықтыратын əсері. Иммунитет генетикасы. Өсімдік иммунитетіне жарық жəне радиацияның басқа түрлерінің əсері. Онтогенез үрдісінде өсімдіктердің төзімділігінің өзгеруі. Күтілетін нəтижелер: аурулар мен зиянкестерге қарсы өсімдіктердің иммунитеті механизмін; патоген-өсімдік-иесі-қоршаған орта жүйесінде өзара қарым-қатынасын; аталмыш өзара қарым-қатынастарына қоршаған ортаның əсерін; оларды өсімдіктерді қорғау жəне аурулар мен зиянкестерге төзімділігін сұрыптау үшін тəжірибелік қолдану мүмкіндіктерін; ғылыми тақырыпты өздігінен құрастыра, ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастыру жəне жүргізе білу; өсімдіктер иммунитеті саласындағы жаңа түсініктер, əдістерді меңгеру жəне нəтижелерді кəсіби қызметте қолдана білу керек. ТOMK 5207 Тағамдық өндірістің микробиологиялық қадағалануы Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Химия, Биология, Жалпы микробиология, Тағамдық биотехнология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет. Мақсаты: Тағамдық өнімдердің микробиологиясы мен өнеркəсіптік микробиоогия жəне жалпы микробиологияның негізін тереңірек оқыту, тағамдық өнімдерді сақтау мен қайта өңдеу үрдістеріндегі микроорганизмдердің маңызы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру. Мазмұны: Тағамдық өнімдердің микробиологиялық қадағалаудың технологиялық өндірістің бөлек сатысындағы негізгі əдістері. Жасау сатысындағы микробиологиялық қадағалаудың ережелері, өндірісте қою, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау, сатып алынуы, тағамдық өнімдерді мемлекетке еңгізу жəне тарату. Əртүрлі тағамдық өнімдердің қорытындысының микробиологиялық ерекшеліктері. Технологиялық үрдістердің жеке сатыларында, өндіріске зиянкес микроорганизмдердің ену жолдарын, ошағы мен көбею деңгейін жедел анықтау жəне жою; түрлі дауалау шараларын қолдану арқылы бөгде микрофлораның таралуына жол бермеу; сапасы жоғары дайын өнім алу мақсатында дезинфекция көмегімен оларды дереу жою. Тағамдық өндірістің микробиологиялық қадағалауға бақыланатын объектінің бактериалдық жұқтырылу деңгейін анықтауға бағытталған зерттеу мен бақылаудың барлық түрлері жəне микрофлораны сандық есептеу əдістері жатады. Тағам өнімдері өндірісінің санитарлық-микробиологиялық аспектілері. Шикізаттардың, жартылай дайын өнімдердің жəне дайын өнімдердің қауіпсіздігінің микробиологиялық критериі. Пастерленген (ішетін) жəне стерилденген сүттің микробиологиясы. Өндірістік бақылау. Сүт қышқылды өнімдер мен ұйытқылардың микробиологиясы. Сүттің құрамына байланысты сүт қышқылды өнімдердің классификациясы. Күтілетін нəтижелер: Тағам өнімдерін микробиологиялық зерттей алу. Микроорганизмдердің таза дақылдарын алу жəне түрін анықтау əдістерін игеру. Микробиологиялық көрсеткіштерге сəйкес тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімін анықтай білу. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша өнімнің сапасын анықтау жəне жүргізілген зерттеулердің нəтижелерін қорытындылау ZhOTE 5207 Жануарлар өнімінің тауартануы мен экспертизасы Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Физика, Бейорганикалық жəне аналитикалық химия, Биохимия, Органикалық химия, Микробиология, Жануарлардың морфологиясы мен физиологиясы, Ветеринарлық санитарлы экспертиза, Жануарлар өнімдерін стандарттау мен сертификаттау, Патанатомия, Эпизоотология, Паразитология. Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет. Мақсаты: Өндірістік жəне сауда əрекетінің объектісі ретінде тауар туралы теориялық мағлұмат; өндіріс, тауар қозғалысы жəне қолдану кезеңдерінде сапасын бағалауға жəне оны сақтауға дағдылану. Мазмұны: Жануар шикізаты туралы жалпы түсінік. Жануар шикізатының классификациясы мен оның жеке түрлерінің сипаттамасы. Ауыл шаруашылық жануарлар мен жабайы аңдарының терісінің құрылысы мен химиялық құрамы. Жануар шикізатының тауарлық қасиеттері мен олардың экспертизасы. Жануар шикізаттың кемістіктері, біріншілік өңдеу. Жануар шикізатын стандарттау, сараптау, қабылдау мен іріктеу, сақтау жəне буып тию, маркерлеу мен тасымалдау. Тауартану мен ветеринарлы-санитарлық сараптаманың ұғымы мен негізгі принциптері. Жануар
өнімдерінің сапасын санитарлық-гигиеналық, технологиялық жəне тауартанулық бақылау. Жануар өнімдерінің сапасын өңдеу, тасымалдау, сақтау жəне іске асыру орындарында сараптау. Шик сүт, ішуге жарамды пастерленген жəне залалсыздандырылған сүт, сүт қышқылды тауарлар, балмұздақтың сапасының сараптамасы мен тауартанушылық ерекшеліктер. Шұжық өнімдері, ет, консерві, жартылай фабрикат жəне аспаздық өнімдер, тез тоңазытылған ет тауарлары мен шұжық өнімдерінің сапасының сараптамасы мен тауартанушылық ерекшеліктері. Азық-түлік тауарлардың сапасы жəне бақылауды қамтамасыз ету. Жеке таңбалау элементтерінің сипаттамасы. Азық түлік тауарлардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік бақылау жəне мемлекеттік стандарт талаптарын сақтауды қадағалау. Күтілетін нəтижелер: Пəннің негізі болып табылатын ғылыми зерттеулердің жағдайын талқылау, алған білімдерін қолданудың негізгі салалары туралы түсінік болуы керек. Негізгі түсініктің болуы, үрдістерін, сипаттамасын, белгілерін, параметрлерін жүйенің элементтері мен олардың байланыстары, жүйенің жағдайы, əдістері мен құралдарын, амал тəсілдерін, алгоритмдерін, сұрақтарды шешу жолдарын, жіктелуін, бағалауы мен бақылауын білу. Нəтижелерін оқылуын білу, белгілі бір жағдайдың себеп-салдары туралы болжам жасау, белгілерді, параметрлерді, сипаттамаларды бағалау, анықтау жəне есептеу; критерийлерді, модельдері, құралдары, əдістері мен тəсілдерін таңдай білу, зерттеу нəтижесінде алынған нəтижелерді жалпылау жəне түсіндіру. MGZA 5207 Молекулалық-генетикалық зерттеулердің əдістері Кредит саны - 2 Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика, Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика. Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсiби қызмет. Мақсаты: Репликация, транскрипция жəне трансляция аппараттарының жеке компоненттердің құрылымы мен қызметтерін оқып үйрену, матрицалық үрдістердің өзара жəне басқа жасушалық үрдістермен интеграциялау механизмдерін білу. Мазмұны. Молекулалық биологияда зерттеудің дəстүрлі əдістері. Молекулалық биология жəне молекулалық генетиканың жетістіктері мен даму тарихы. Молекулалық балаудың, жасушалық пен эмбриологиялық инженерияның, сомалық пен жыныс жасушаларының генетикалық трансформациясының заманауи əдістері. Химиялық синтез, нуклеотидтік тізбекті анықтау жəне ДНҚ амплификациясы. Генетикалық инженерияның əдістері мен «құралдары». Өсірілетін жасушалардың генетикалық инженериясы. Прокариоттық пен эукариоттық жүйелер көмегімен рекомбинантты ақуыздарды алу. Жаңа гендер мен мутацияларды іздеу. Геномдардың генетикалық жəне физикалық карталары. Рестрикциялық карталар мен олардың құрылуы. Мутацияларды сəйкестендірудің негізгі əдістері. Саузерн бойынша гибридизация (блот-гибридизация). Полимеразды тізбекті реакция əдісі (ПТР). Нүктелі мутацияларды іздеу жəне табу. Бір жіпшелі ДНҚ конформациялық полиморфизмін талдау əдісі SSCP; денатурациялайтын градиентті гель-электрофорез DGGE; гетеродуплексті талдау əдісі HA; комплементарлы емес сайттарды химиялық ажырату əдісі СМС. DHLC (Denaturation high performance liquid chromatography) əдісі; SPR (surface plasmon resonance) əдісі; ДНК-чиптер əдісі (гибридизациялық чиптер, фиксацялаушы чиптер, ферменттік процессинг чиптері). STS-маркерлер