HEARTSTART FRx ДЕФИБРИЛЛЯТОРЫ

Σχετικά έγγραφα
SB300. Қолданушының нұсқасы. Шағын динамик. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Пайдаланушы нұсқаулығы

Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Portable speaker SB500

BT7900. Қолданушының нұсқасы. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2100. Қолданушының нұсқасы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: Қолданушының нұсқасы

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL5120. Қолданушының нұсқасы

Көмектесу үшін әрдайым осындамын. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз: HTL2110. Қолданушының нұсқасы

Телевизор Анықтама нұсқаулығы

Телевизор. Анықтама нұсқаулығы. KD-55XE80xx / 49XE80xx / 43XE80xx (1)

жазбаша MANObserver-i B/03-14

(1) Телевизор. Анықтама нұсқаулығы KD-77A1 / 65A1 / 55A1

Телевизор. Анықтама нұсқаулығы KDL-65W855C

Пайдаланушы нұсқаулығы

FULL HD LCD дисплейі Бизнес қолданысқа арналған

Пайдаланушы нұсқаулығы

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Телевизор. Анықтама нұсқаулығы. KDL-55W80xC / 50W80xC / 50W75xC / 43W80xC / 43W75xC

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Register your product and get support at. POS901F series Нұсқаулық 55POS901F



САБАҚ ЖОСПАРЫ. Əбдірахманова Күнсая Жамбыл облысы, Тараз қаласы, ФМБ НЗМ, 11-сынып. ҰБТ-ға дайындық үшін геометрия пəнінен тест тапсырмалары

Veritor System. For Rapid Detection of Flu A+B. (A+B тұмауын жылдам анықтауға арналған)

Blu-ray Disc / DVD Home Theatre System


DesignLine. 46PDL890 55PDL890. Register your product and get support at


Register your product and get support at Нұсқаулық 32PFL8404H 37PFL8404H 42PFL8404H 47PFL8404H


Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

ЭНДОСКОП ҚАЙТА ӨҢДЕУІШІ. Пайдаланушы Нұсқаулық

Register your product and get support at series Нұсқаулық 55PUS PUS8601

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Ликсумия

Register your product and get support at 48PFS PFS PFS PFS PFS PFS PFS PFS8159

Register your product and get support at 22PFL5604D/12 26PFL5604D/12. Қолданушының нұсқасы

Register your product and get support at series Нұсқаулық 48PUS PUS PUS7600

Қолданушының нұсқасы. Көмектесу үшін әрдайым осындамын M330 M335. Өнімді мына жерде тіркеп, оған қолдау алыңыз:

Register your product and get support at series Нұсқаулық 43PUK PUK PUK7100

Жарық жылдамдығын өлшеудің лабороториялық әдістері.

Register your product and get support at 49PUS PUS PUS PUS7909. Нұсқаулық

Register your product and get support at 55PUS PUS PUS PUS9109. Нұсқаулық

Қолданушының нұсқасы. Register your product and get support at

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЕРКІН ТҮСУІ

Қолданушының нұсқасы. Register your product and get support at

АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Депакин Хроносфера

Register your product and get support at series Нұсқаулық 40PFT PFT PFT6550

КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ. Кинематика деп денелердің қозғалысын зерттейтін, бірақ қозғалыстың туу себебін қарастырмайтын физиканың бөлімі.

Б.Қ. Бұқарбаев, Ж.Ғ. Займолдина, Б.Б. Ораз, О.Ж. Ұлқабай ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Тема: 12 Функциялар Подтема: 01-Функцияның анықтамасы. Функцияның анықталу жəне өзгеру облысы. у =

Тақырыбы: Кері функция. Функцияның нүктедегі шегі. Шектің негізгі қасиеттері

Register your product and get support at 32PHH PHT PHT PFH PFT PFT PFH PFT4509

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық. Эссенциале форте Н

ҚЫСҚА СИПАТТАМАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕСІ

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 5В «Механика» 1. Математикалы талдау I

2 СЫЗЫҚТЫҚ АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Зитига

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Register your product and get support at

BACTEC Plus Aerobic/F Culture Vials және BACTEC Plus Anaerobic/F Culture Vials

Register your product and get support at Нұсқаулық

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық ИНСУМАН РАПИД ГТ

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Стелара

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті МАНАТ. 6D Математика (Қолданбалы математика)

Тема: 23-Көпжақтар. Олардың аудандары мен көлемдері Подтема: 01-Призма. Тік жəне көлбеу призмалар. Куб. Олардың бет аудандары мен көлемдері.

СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН АВТОБУСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

МГД- ҚОНДЫРҒЫЛАР ЖӘНЕ ЦИКЛДАРЫ

Криптография. ОРЫНДАҒАН: Сабитов Аманбек ОИН-302 тобы.

МАТЕРИАЛДАР КЕДЕРГІСІ

Инерция моменті Инерция тензоры

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Cambridge International Examinations ФОРМУЛАЛАР ТІЗІМІ ЖƏНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ КЕСТЕЛЕР


МАЗМҰНЫ ЭЕМ-НІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ, I БӨЛІМ... ЭЕМ-НІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ, II БӨЛІМ... АРИФМЕТИКАЛЫҚ-ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ...

ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Дəрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Дальфаз СР

«Полиметалл» Қызыл жобасы Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары (ESAP) Талап етілетін жұмсалымдар /Ресурстар/ Жауапкершілік

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Витамин Е Зентива

Металдар мен бейметалдар қасиеттері

Аннотация. Annotation

рметті студент! Мамандыты атауы Жауап парағыны 6-9 секторларындағы пəндер реті 1. Жоғары математика 2. Физика 3. Сызыты автоматты реттеу ж(йелері

U PP124JAA(03) B BACTEC Myco/F Lytic Culture Vials (Культуралар шишалары) Байытылған Middlebrook 7H9 және жүрек-мый инфузия бульоны

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. Энтивио

B BBL Streptocard Enzyme Latex Test Kit

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

ProbeTec ET Chlamydia trachomatis Amplified DNA Assay

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

нарықтың дамыған инфрақұрылымның болуы; тұрақты салықтық-бюджеттік және кредитті-ақшалай жүйенің болуы. Еркін нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ететін

1-бөлім: Эрозия және үгілу. Үгілу мен эрозия арасында қандай айырмашылық бар?

АЛГОРИТМДЕУ ЖƏНЕ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ

факторлары келесі формулалармен анықталады

БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖƏНЕ ДЕРЕКҚОР НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Transcript:

HEARTSTART FRx ДЕФИБРИЛЛЯТОРЫ ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 861304 3-басылым

Арнайы бос қалдырылған.

Батарея артқы беті жабық тұрған түрі Электродтар ағыптасының порты Нəресте/бала кілтінің ұясы «Дайын» шамы «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігі Ақпарат түймешігі (i түймешігі) Электродтар белгішелері «Абайлаңыз» шамы «Shock» (Разряд) түймешігі Инфрақызыл (ИҚ) хабарлар Үндеткіш алдыңғы беті HeartStart FRx дефибрилляторы 861304

Арнайы бос қалдырылған.

HeartStart FRx Дефибриллятор ҚЫСҚАША ТАНЫСТЫРУ 1 1 2 3 2 3

Арнайы бос қалдырылған.

HeartStart FRx 861304 Автоматтандырылған сыртқы дефибриллятор ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 3-басылым МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: Жүрек кенеттен тоқтаған жағдайда науқастың тірі қалуы оған қаншалықты жылдам дəрігерлік ем көрсетілгеніне байланысты екенін түсіну өте маңызды. Кешеуілдің əрбір минуты тірі қалу мүмкіндігін 7%-дан 10%-ға дейін азайтады. Дəрігердің емі оның тірі қалуына кепілдік бере алмайды. Кейбір науқастардың жүрегінің тоқтауына себеп болған негізгі жайт кез келген емге қарамастан олардың тірі қалуына мүмкіндік бермейді.

Арнайы бос қалдырылған.

Осы басылым туралы Осы нұсқаулықтағы ақпарат HeartStart FRx 861304 дефибрилляторына қолданылады. Бұл ақпарат өзгеріп отырады. Құрылғының өзгерістері туралы ақпарат алу үшін www.philips.com/productdocs Philips веб-торабын қараңыз немесе жергілікті Philips өкілдігіне хабарласыңыз. Басылым тарихы 3-басылым Басылым күні: 2013 жылы Қаңтар айында Басылым нөмірі: 453564327341 Copyright 2013 Philips Electronics North America Corp. Авторлық құқық иесінің келісімінсіз осы басылымның ешқандай бөлігін кез келген түрде немесе кез келген тəсілмен қайта басуға, таратуға, көшіруге, ақпарат жүйесінде сақтауға немесе кез келген ұлт тіліне немесе компьютер тіліне аударуға болмайды. Осы басылымды рұқсатсыз көшіру авторлық құқықты бұзып қана қоймай, сондай-ақ Philips Medical Systems компаниясының пайдаланушылар мен операторларға дəл əрі жаңа ақпаратты беру мүмкіндігін азайтады. Еуропалық Одағындағы уəкілетті өкіл Philips Medizin Systeme Boeblingen GmbH Hewlett-Packard Strasse 2 71034 Boeblingen, Germany (+49) 7031 463-2254 АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Федералдық заңнама (АҚШ) бойынша осы құрылғы тек дəрігер тарапынан немесе дəрігердің тапсырысы бойынша ғана сатылады. Philips HeartStart тек Philips құптаған керекжарақтармен бірге қолданылатын етіп жасақталған. Егер құпталмаған керек-жарақтар қолданылса, HeartStart дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Құрылғыны қадағалау АҚШ-та бұл құрылғы өндірушінің немесе сатушылардың қадағалау талаптарына бағынады. Егер дефибриллятор сатылса, сыйға тартылса, жоғалса, ұрланса, экспортқа шығарылса немесе бүлінсе, Philips Medical Systems компаниясына немесе сатушыға хабарлаңыз. Құрал-жабдық өндірушісі Philips Medical Systems 22100 Bothell Everett Highway Bothell, WA, 98021-8431, USA Патенттер Бұл өнім Америка Құрама Штаттарының төмендегі бір немесе бірнеше патентінің негізінде шығарылады жəне сатылады: U.S. Пат. US6047212, US6317635, US5891046, US5891049, US6356785, US5650750, US6553257, US5902249, US6287328, US6662056, US5617853, US5951598, US6272385, US6234816, US6346014, US6230054, US6299574, US5607454, US5803927, US5735879, US5749905, US5601612, US6441582, US5889388, US5773961, US6016059, US6075369, US5904707, US5868792, US5899926, US5879374, US5632280, US5800460, US6185458, US5611815, US6556864, жəне басқа ұсынылған патенттер. Техникалық қолдау көрсету үшін Техникалық қолдау қажет болса, жергілікті Philips өкіліне хабарласыңыз немесе www.philips.com/ AEDsupport веб-торабын қараңыз. Осы нұсқаулықтың қосымша көшірмелерін жүктеу үшін, www.philips.com/productdocs веб-торабына өтіңіз.

Арнайы бос қалдырылған.

МАЗМҰНЫ 1 HEARTSTART FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫНА КІРІСПЕ Сипаттамасы...1 Жүректің кенеттен тоқтауы... 1 Қолдану шарттары... 1 Қолданысқа ендіру мəселелері... 2 Толығырақ ақпарат алу үшін... 2 2 HEARTSTART FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫН БАПТАУ Орамның ішіндегісі...3 FRx орнату... 3 Ұсынылатын керек-жарақтар... 6 3 HEARTSTART FRX ҚОЛДАНУ Шолу...8 1-ҚАДАМ: Жасыл «on/off» (Қосу/Өшіру) түймесін басыңыз... 9 2-ҚАДАМ: FRx құрылғысының дауыстық нұсқауларын орындаңыз... 9 3-ҚАДАМ: нұсқау берілсе, жыпылықтап тұрған жалқын түсті «Shock» (Разряд) түймешігін басыңыз... 10 Нəрестелер мен балаларға жəрдем көрсету... 11 Жедел жəрдем қызметі келгенде... 13 4 HEARTSTART FRX ҚОЛДАНУДАН КЕЙІН Əр қолданыстан кейін... 15 FRx деректерін сақтау... 17 5 FRX HEARTSTART ҚҰРЫЛҒЫСЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Күнделікті техникалық қызмет...18 Мерзімдік тексерістер... 19 FRx құрылғысын тазалау... 19 FRx құрылғысынан арылу... 19 Ақаулықтарды түзету кеңестері... 20 i

ТІРКЕМЕЛЕР A Керек-жарақтар...23 B Терминдер сөздігі...25 C Белгілер/басқару элементтері сөздігі...29 D Ескертулер жəне сақтық шаралары....33 E Техникалық ақпарат...35 F Теңшелім...44 G Тексеріс жүргізу жəне ақаулықтарды түзету...49 H Европа Одағы стандарттарына сəйкес болу үшін қосымша техникалық деректер қажет...54 ii

1 HEARTSTART FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫНА КІРІСПЕ СИПАТТАМАСЫ Philips HeartStart FRx 861304 дефибрилляторы («FRx») автоматтандырылған сыртқы дефибриллятор болып табылады (АСД). Шағын, жеңіл, берік, батареядан қуат алады, қысқа мерзімде жаттыққан пайдаланушылар оңай əрі сенімді жұмыс істей алатын етіп жасақталған. FRx дефибрилляторы жергілікті протокол ережелеріне сай теңшелген. * ЖҮРЕКТІҢ КЕНЕТТЕН ТОҚТАУЫ FRx жүректің кенеттен тоқтауының (ЖКТ) негізгі себебі болып табылатын қарынша фибрилляциясын (ҚФ) емдеу үшін қолданылады. ЖКТ жүрек соғысы ойламаған жерден тоқтап қалған кезде туындайтын жағдай. ЖКТ кез келген адамда туындауы мүмкін жас немесе қарт, ер адам немесе əйел кез келген жерде, кез келген уақытта. ЖКТ құрбандарының көпшілігінде алдын ала белгілер немесе симптомдар болмайды. Кейбір адамдарда ЖКТ-ға ұшырау қатері басқаларға қарағанда жоғарырақ болады. Себептері əр түрлі жəне ересектерге қарағанда нəрестелер мен балаларда басқаша болады. ҚФ қан айдалуына жол бермейтін жүрек бұлшық етінің бейберекет дірілі. ҚФ үшін бірден бір пəрменді ем дефибрилляция. FRx ҚФсын жүрекке разряд беру арқылы емдейді, нəтижесінде жүректің бірқалыпты соғысы қайта басталады. Жүрек соғысы тоқтағаннан кейін бірнеше минут ішінде дефибрилляция сəтті жүргізілмесе, науқастың тірі қалуы екіталай. ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ FRx ЖКТ құрбаны деп қарастырылған адамды емдеу үшін қолданылады. ЖКТ болған адам: сілкілегенге жауап қайтармайды жəне тыныс алуы бірқалыпты емес. * Теңшелу қабілеті «Медициналық жедел жəрдем шақыру» ескерту функциясы, ЖӨР протокол нұсқалары жəне тағы басқа мүмкіндіктері кіреді. Толығырақ ақпарат алу үшін F Тіркемесі, «Теңшелім» бөлімін қараңыз. 1

Егер күмəндансаңыз, электродтарды қолданыңыз. Дефибрилляторды қолданғанда дауыстық нұсқаулардың əр қадамын орындаңыз. ҚОЛДАНЫСҚА ЕНДІРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ Дефибрилляторды иелену жəне пайдалану бойынша мемлекеттік немесе жергілікті талаптарды жергілікті денсаулық сақтау бөлімінен сұраңыз. FRx АСД шебер құрастырылған жедел жəрдем көрсету жоспарының бір бөлігі. Танымал реанимациялық кеңестер жедел жəрдем көрсету жоспарларына дəрігер қадағалауын жəне жүрек-өкпе реанимация жаттығуларын қосуды ұсынады. Бірнеше ұлттық жəне жергілікті ұйымдар біріккен CPR/AED курсын ұсынады. Philips компаниясы құрылғыны пайдалануда жаттығуды ұсынады. Ақпарат алу үшін, Philips өкіліне хабарласыңыз, ал Philips AED қызметтері ұсынатын сертификатталған жəне интернеттегі білімді жетілдіру курстары (таңдаулы аймақтарда ұсынылады) туралы мағлұмат алу үшін, www.philips.com/aedservices торабына өтіңіз. ЕСКЕРТПЕ: АСД құрылғысын пайдалану бойынша практикалық жаттығуларға арналған қосалқы құралдар да болады. Қажетті ақпаратты А қосымшасынан қараңыз. ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН FRx туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті Philips дистрибьюторына хабарласыңыз. Біз Philips компаниясының автоматтандырылған сыртқы дефибрилляторларын пайдалану барысында туындаған сауалдарыңызға жауап беруге, қолдану бойынша кейбір негізгі мəселелердің клиникалық тұжырымдарының көшірмелерімен қамтамасыз етуге қуаныштымыз. * Philips HeartStart автоматтандырылған сыртқы дефибрилляторлар туралы техникалық ақпарат www.philips.com/productdocs вебторабындағы HeartStart автоматтандырылған сыртқы дефибрилляторларға арналған Technical Reference Manuals (Техникалық анықтамалық нұсқаулықта) бар. * Сондай-ақ, клиникалық жиынтықтар ForeRunner жəне FR2 дефрибиляторларын қамтиды. 2

2 HEARTSTART FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫН БАПТАУ ОРАМНЫҢ ІШІНДЕГІСІ FRx қорабының ішінде мыналардың бар екеніне көз жеткізіңіз: 1 HeartStart FRx дефибрилляторы 1 төрт жылдық M5070A батареясы, алдын ала орнатылған HeartStart SMART II 989803139261 электродтарының бір пакеті, құрамында алдын ала орнатылған, бір рет қолданылатын пластик орамада жабысатын дефибрилляция электродтары бар 1 Қысқаша анықтамалық нұсқаулық 1 Пайдаланушы нұсқаулығы 1 HeartStart жылдам орнату нұсқаулығы пластик сақтау қалтасы жəне техникалық қызмет көрсету қағаздары * бар 1 тексеру журналы/техникалық қызмет көрсету кітапшасы МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: FRx тасымалы қорапшамен бірге қолдануға арналған. Тасымалы қорапшалардың саны сіздің жеке дефибрилляция бағдарламасының талаптарына сай ұсынылады. Бұған стандартты тасымалы қорапша мен қатты қабырғалы тасымалы қорапша кіреді. Осы ақпаратты жəне жаттығу материалдары мен өзге Philips жабдықтары туралы ақпаратты A Тіркемесінен қараңыз. «Дайын жинақ» түрі сатып алынған болса, FRx құралы FRx тасымалдау қабына салынады. Бұл қапта SMART электродтарының қосалқы қабы бар. FRX ОРНАТУ FRx орнату өте жеңіл жəне тез. Жедел орнату нұсқаулығында суреттері бар FRx құралын орнату нұсқаулары берілген. Олар төменде егжей-тегжейлі сипатталған. * Жапонияда дефибриллятормен бірге басқа кітапша жəне техникалық қызмет көрсету қағазы беріледі.. 3

1. FRx құралын орамасынан шығарыңыз. Батареяның жəне SMART электродтарының орнатылғанын тексеріңіз. * ЕСКЕРПЕ: электродтардағы жабыстыру гелі кеуіп кетпеу үшін, қажет болмайынша электродтар қабын ашпаңыз. 2. Жасыл «Параметрлерді орнату» тілін тартып, алып тастаңыз. 3. FRx құралы автоматты түрде өзін тексереді. Нұсқау берілгенде, «Соққы» түймесін жəне On/Off («Қосу/ өшіру») түймесін басыңыз. Өзіндік тексерудің толық орындалуына мүмкіндік беріңіз. Өзіндік тексеру аяқталғанда, FRx құралы нəтиже есебін береді жəне төтенше жағдайда жасыл On/ Off («Қосу/өшіру») түймесін басуды сұрайды. (Нақты төтенше жағдай болмаса, жасыл түймені баспаңыз.) FRx құралы өшіп, күту режиміне өтеді. FRx құралының дайын екенін көрсететін жасыл «Дайын» жарығы жыпылықтайды. 4. Алдын ала орнатылмаған болса, FRx құралын тасымалдау қабына салыңыз. Жедел анықтама нұсқаулығы тасымалдау қабының мөлдір пластик терезеге қарап тұрғанын тексеріңіз. Philips компаниясы қосалқы электродтар қабын жəне қосалқы батареяны FRx құралымен бірге сақтауды ұсынады. FRx тасымалдау қабының ашылатын аузының астында электродтарды жəне қосалқы батареяны сақтайтын орын бар. ** Setup Setup ЕСКЕРТПЕ: дефибриллятордың тасымалы қорапшасында сақтауға арналмаған заттарды сақтамаңыз. Барлық заттарды қорапшаның арнайы бөлімінде сақтаңыз. * Орнатылмаған болса, электродтарды жəне батареяны орнату үшін, «HeartStart FRx құралын пайдаланғаннан кейін» атты 4-тараудағы нұсқауларды орындаңыз. Батарея салынып тұрғанда, «өшірулі» күйіне келтіру FRx құралын күту режиміне өткізеді, яғни ол пайдалануға дайын тұрады. Жедел анықтама нұсқаулығының мұқабасындағы сурет FRx құралын пайдаланудың 3 қадамды нұсқауы. Төтенше жағдай, есту қабілетінің шектелуі немесе FRx құралын дауыс нұсқаулары естілмейтін жерде пайдалану сияқты жағдайлар үшін егжейтегжейлі суреттері бар нұсқаулар берілген. Тасымалдау қаптарының кез келген түрінде жедел анықтама нұсқаулығын сақтау орны бар. ** FRx құралындағы батареяны ауыстыру нұсқауларын «HeartStart FRx құралын пайдаланғаннан кейін» атты 4-тараудан қараңыз. 4

Inspection Log / Maintenance Tips Vérifier la mallette de transport Tragetasche überprüfen Controleer draagtas Comprobar maleta de transporte Controllare la valigetta INSTL. DATE EXP. DATE EXP. DATE EXP. DATE EXP. DATE INSTL. DATE 5. Орнатылған электродтардың жарамдылық мерзімін жазу үшін, техникалық қызмет көрсету қағазын пайдаланыңыз. Электродтардың қосалқы жинағы жəне қосалқы батарея болса, техникалық қызмет көрсету қағазына электродтардың жарамдылық мерзімін жəне батареяның орнатылған күнін жазыңыз. * 6. Техникалық қызмет көрсету қағазын жəне техникалық қызмет көрсету кітапшасын HeartStart құралымен бірге сақтау керек. Кітапшаға арналған 1 EXPIRATION DATE 12/2010 INSTALL BEFORE 08-2011 пластик сақтау қалтасын AED қабырғасына немесе қорабына жабыстырып, кітапшаны ішіне салыңыз.* 2 INSTALL 08-2011 BEFORE EXP. DATE 09/2010 INSTL. DATE EXP. DATE EXP. DATE 2 Inspection Log / Maintenance Tips Vérifier la mallette de transport Tragetasche überprüfen Controleer draagtas Comprobar maleta de transporte Controllare la valigetta 1 * Жапонияда дефибриллятормен бірге басқа техникалық қызмет көрсету қағазы мен тексеру журналы/техникалық қызмет көрсету кітапшасы беріледі. Бұл заттарды қолдану үшін бірге берілетін нұсқауларды қараңыз. 5

7. FRx дефибрилляторын жергілікті жедел жəрдем көрсету протоколына сəйкес сақтаңыз. Əдетте, бұл қол жетімді, «Дайын» шамын уақыт ара тексеруге қолайлы, батарея отырған немесе дефибрилляторға назар аударуға қажет болғанда шығарылатын дабыл шиқылы оңай естілетін жерде орналастырылады. FRx құралын, ең дұрысы, телефонның жанында сақтау керек. Бұл жүрек кенет тоқтап қалған жағдайда, төтенше жағдай құтқару тобын немесе жедел жəрдем тобын мүмкіндігінше жылдам шақыруға мүмкіндік береді. Жалпы, FRx құралын компьютер сияқты кез келген электрондық жабдықты пайдаланғандай қолданыңыз. FRx құралын техникалық сипаттамаларына сəйкес сақтаңыз. Толық мəлімет алу үшін, Е қосымшасын қараңыз. Батарея мен электродтар орнатулы болғанда, FRx құралының ең соңғы өзіндік тексеруден өткенін жəне пайдалануға дайын екенін көрсететін жасыл «Дайын» жарығы жыпылықтайды. ЕСКЕРТПЕ: FRx құралын əрдайым SMART электродтарымен бірге жəне батареясын салып сақтаңыз, сонда ол пайдалануға дайын болады жəне күнделікті өзіндік тексеруін орындайды. Пайдалану кезінде шатасып қалмау үшін, жаттығу электродтарын FRx құралынан бөлек сақтау керек. ҰСЫНЫЛАТЫН КЕРЕК-ЖАРАҚТАР Қосалқы батарея мен қосалқы электродтар жинағы болғаны жақсы. FRx құрылғысымен бірге сақталатын заттар: қайшы қажет болғанда науқастың киімін кесу үшін бір дүркін қолданылатын қолғап пайдаланушыны қорғау үшін бір дүркін қолданылатын ұстара электродтар нашар жабысса, кеуде түгін қыру үшін бетке киетін қорғаныс бетпердесі пайдаланушыны қорғау үшін сүлгі немесе сіңіргіш сулық электродтар жақсы жабысуы үшін науқас терісін сүртуге арналған Philips компаниясының осы заттардың бəрі қамтылған Жедел Жəрдем жинағы бар. Қажетті ақпаратты А қосымшасынан қараңыз. 6

Егер салмағы 25 кг немесе 8 жасқа дейінгі нəрестені немесе баланы дефибрилляциялау қажет болса, бөлек сатылатын нəресте/бала кілті кере-жарағына тапсырыс берген жөн. Нəресте/бала кілті FRx енгізулі тұрғанда, FRx дефибрилляциялаушы қуатты 50 Дж-ге дейін автоматты түрде азайтады,егер қосымша ЖӨР нұсқаулығы таңдаса, нəрестелер мен балалар бойынша нұсқаулар береді. Нəресте/бала кілтін қолдану нұсқаулары 3-ші тараудың «HeartStart FRx қолдану» бөлімінде берілген. FRx құрылғысына арналған керек-жарақтар мен жаттығу өнімдерінің тізімін Philips компаниясы беретін A Тіркемесінен қараңыз. Нəресте/Бала кілті жабдықтары. 7

3 HEARTSTART FRX ҚОЛДАНУ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: осы тараудың соңындағы Еске салу мен D Тіркемесінде келтірілген ескерту жəне сақтық шараларын міндетті түрде оқыңыз. ШОЛУ Егер біреудің жүрегі кенеттен тоқтады деп санасаңыз, тез əрі байсалды қимылдаңыз. Егер жаныңызда біреу болса, өзіңіз FRx дефибрилляторын алғанша оның жедел медициналық жəрдем қызметіне қоңырау шалуын сұраңыз. Егер сіз жалғыз болсаңыз, келесі қадамдарды орындаңыз: Жедел жəрдем қызметіне қоңырау шалыңыз. FRx құрылғысын тезірек алып, науқастың жанына əкеліңіз. Егер дефибрилляторды алу кешеуілдесе, оны алғанша науқасты тексеріп, қажет болса жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізіңіз. Егер науқас нəресте немесе бала болса, 11-бетте келтірілген нəрестелер мен балаларды емдеу нұсқауларын қараңыз. Жақын маңда жанғыш газдар жоғын тексеріңіз. Оттегі шатыры сияқты жанғыш газдар көзі болса, FRx құрылғысын қолданбаңыз. Дегенмен, егер оттегі бетпердесін кисе, FRx құрылғысын пайдалануға болады. Жүрегі кенеттен тоқтаған адамды емдеу үшін дефибрилляторды қолданудың үш негізгі сатысы бар: 1. Енді жасыл түсті «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймесін басыңыз. 2. FRx дауыстық нұсқауларын орындаңыз. 3. Нұсқау берілсе, жыпылықтап тұрған жалқын түсті «Shock» (Разряд) түймешігін басыңыз. 8

1-ҚАДАМ: ЖАСЫЛ «ON/OFF» (ҚОСУ/ӨШІРУ) ТҮЙМЕСІН БАСЫҢЫЗ FRx құрылғысын іске қосу үшін «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігін басыңыз. Жасыл «On/Off» Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. FRx науқас кеудесіндегі киімді шешу туралы нұсқау береді. Қажет болса, науқас кеудесін жалаңаштау үшін киімді жыртыңыз немесе қиыңыз. 2-ҚАДАМ: FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ДАУЫСТЫҚ НҰСҚАУЛАРЫН ОРЫНДАҢЫЗ SMART Pads II электродтар қорапшасын тасымалы қораптан алыңыз. Науқастың денесін тазалап сүртіңіз де, қажет болса, электродтар мен жалаңаш дене жақсы жанасуы үшін кеуде түгін қырқыңыз немесе қырыңыз. Электродтар қорапшасын төменде көрсетілгендей ашыңыз. Бір электродты алып шығыңыз. Электродтар қорапшасын ашыңыз. Қорапшадан бір электродты алып шығыңыз. Электродтар белгісі жыпылықтап тұр. Электродтарды орналастырудың маңызы зор. FRx құрылғысының алдыңғы тақтасындағы электродтарды орналастыру сызбасындағы белгілер сізге көмек ретінде жыпылықтайды. Электродты науқастың жалаңаш денесіне келесі суретте көрсетілгендей етіп дəлме дəл орналастырыңыз. Электродтың жабысқақ жағын төмен қаратып мықтап басыңыз. Осыны екінші электродпен қайталаңыз. 9

Электродтарды ересектердің немесе салмағы 25 кг артық немесе жасы 8-ден асқан балалардың қай жеріне қою (алды-алды). Электродтарды нəрестелердің немесе салмағы 25 кг аз немесе жасы 8-ге толмаған балалардың қай жеріне қою (алды-арты). «Shock» (Разряд) беру түймешігі жыпылықтап тұр. 3-ҚАДАМ: НҰСҚАУ БЕРІЛСЕ, ЖЫПЫЛЫҚТАП ТҰРҒАН ЖАЛҚЫН ТҮСТІ «SHOCK» (РАЗРЯД) ТҮЙМЕШІГІН БАСЫҢЫЗ HeartStart FRx электродтар науқас денесіне жанасқанын анықтаған соң, электродтар белгішелері өшеді. FRx науқастың жүрегінің ырғағын талдауды бастайды. Ол ешкім науқасқа тимеу керек екенін айтады да, ескерту үшін Абайлаңыз шамы жыпылықтай бастайды. «Абайлаңыз» шамы Егер разряд беру қажет болса: Абайлаңыз шамы жыпылықтағанын тоқтатып, үздіксіз жанады, ал жалқын түсті «Shock» (Разряд) түймешігі жыпылықтай бастайды. FRx жыпылықтап тұрған жалқын түсті түймешікті басу керектігін айтады. Разрядты беру «Shock» үшін «Shock» (Разряд) түймешігін басу керек. Түймешікті (Разряд) түймешігі басар алдында, ешкім науқасқа жанасып тұрмағанына көзіңізді жеткізіңіз. «Shock» (Разряд) түймешігі басылғанда, FRx разряд берілгенін хабарлайды. Сосын дефибриллятор науқасқа жанасуға болатынын хабарлайды. Сізге ЖҚТ бастау туралы нұсқау береді де, ЖҚТ нұсқаулары қажет болса, жыпылықтаған көк түсті i түймешігін басуды ұсынады. 10

i түймешігі жыпылықтап тұр. Разряд қажет болмаса: науқасқа жанасуға болатынын көрсету үшін көк i түймешігі үздіксіз жанады. Сондай-ақ қажет болса FRx сізге ЖӨР жүргізу керектігін айтады. (Егер ЖӨР қажет болмаса, мысалы, науқас қозғалып жатса немесе есін жинаса, медициналық жедел жəрдем қызметі келгенше жергілікті протоколды ұстаныңыз). Сосын FRx сізге ЖҚТ нұсқаулары қажет болса, жыпылықтаған көк түсті i түймешігін басуды ұсынады. ЖӨР нұсқаулары: ЖӨР нұсқауларын белсендіру үшін науқасқа жəрдем беру кідірісінің алғашқы 30 секундында жыпылықтаған i түймешігін басыңыз. * (Егер Нəресте/Бала кілті орнатылып тұрса, ЖӨР нұсқаулығы нəресте/бала ЖӨР I-түймешігі үшін болады). Кідіріс аяқталғанда, дефибриллятор сізге ЖӨР аяқтау керектігін айтады, сол кезде ол науқас жүрегінің ырғағын талдай алады. ЖӨР туындататын қозғалыстар талдауға кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан нұсқау берілгенде барлық қозғалысты тоқтатыңыз. НƏРЕСТЕЛЕР МЕН БАЛАЛАРҒА ЖƏРДЕМ КӨРСЕТУ ЕСКЕРТУ: балалардың жүрегінің кенеттен тоқтау жайттарының көпшілігі жүрек ақауларынан болмайды. Нəрестелер мен балалардың жүрегі кенеттен тоқтаған жағдайда жəрдем көрсеткен кезіңізде: Жаныңыздағы адам ЖЖҚ (жедел жəрдем қызметі) қоңырау шалып, FRx əкелгенше, нəресте/балаға ЖӨР жүргізіңіз. Егер жаныңызда ешкім болмаса, ЖЖҚ қоңырау шалмас жəне FRx құрылғысын алмас бұрын 1-2 минут ЖӨР жүргізіңіз. Егер сіз баланың есінен танғанын көрсеңіз, дереу ЖЖҚ қоңырау шалыңыз, сосын FRx құрылғысын алып шығыңыз. Немесе жергілікті протоколды орындаңыз. * Осы жағдайда FRx құрылғысының əдепкі теңшелімі i түймешігін басқан кезде, ЖӨР нұсқауларын береді; алайда, əдепкі параметрлерді қолданыстағы Philips бағдарламасын қолдану арқылы сіздің басшы дəрігеріңіз өзгертуі мүмкін. Қажетті ақпарат алу үшін F Тіркемесін қараңыз. 11

1 2 Егер болса, Нəресте/ Бала кілтін енгізіңіз. Егер науқастың салмағы 25 кг төмен немесе 8 жасқа толмаған болса жəне сізде Нəресте/Бала кілті болса: Нəресте/Бала кілтін FRx құрылғысының алдыңғы тақтасының жоғары жағының дəл ортасындағы ұяға енгізіңіз. (сол жақтағы суретті қараңыз). Кілттің қызғылт түсті бөлігі ұяға кіріп (1), орнатылады (2), кілттің алдыңғы бөлігі нəресте/бала электродтарын орналастыру сызбасы көрінетіндей етіп, FRx бетіне жатқызылады. (Нəресте/Бала кілтінің артында оны орналастыру сызбасы көрсетілген.) FRx құрылғысын қосып, кеудені жəне арқаны жалаңаштау үшін киімді шешу туралы нұсқауларды орындаңыз. Электродтарды суретте көрсетілгендей баланың кеудесіне жəне арқасына қойыңыз. Кеудеге немесе арқаға қай электрод қойылса да бəрібір. ЕСКЕРТПЕ: Нəресте/Бала кілтін FRx қосардан бұрын немесе қосқаннан кейін салсаңыз да бəрібір. Алайда, кілтті электродтарды науқас денесіне қояр алдында енгізу керек. Нəресте/Бала кілтін енгізген уақытта, FRx «Нəресте/Бала режимі» деп хабарлап, дефибрилляция қуатын 150 Дж-ден 50 Дж-ге дейін автоматты түрде азайтады, * жəне нəресте/балаға арналған ЖӨР нұсқауларын береді. Нəресте/Бала кілті FRx қолдану кезінде суырылса, FRx «Ересек режимін» хабарлайды. Содан кейін кез келген берілетін разрядтың қуаты жəне ЖӨР нұсқаулығы ересектерге арналады. Егер науқастың салмағы 25 кг кем немесе 8 жасқа толмаған болса, ал сізде Нəресте/Бала кілті БОЛМАСА: ЖƏРДЕМ КӨРСЕТУДІ КЕШІКТІРМЕҢІЗ. FRx қосып, кеудені жəне арқаны жалаңаштау үшін киімді шешу туралы нұсқауларды орындаңыз. Бір электродты кеуденің екі омырауының ортасына, ал екіншісін жауырын ортасына (алды-арты) қойыңыз. * Қуаттың мұндай төмен деңгейі ересектерге жəрдем көрсетуде нəтижелі болмауы мүмкін. 12

Егер науқастың салмағы 25 кг жоғары немесе 8 жастан асып кеткен болса, немесе сіз оның салмағы мен жасында күмəндансаңыз: ЖƏРДЕМ КӨРСЕТУДІ КЕШІКТІРМЕҢІЗ. FRx кілтті енгізбей қосып, кеудедегі киімнен арылу нұсқауларын орындаңыз. Электродтарды əр электрод суретінде көрсетілгендей етіп орналастырыңыз (алды-алды). Электродтар бір бірінің үстінде тұрмағанын немесе бір біріне тиіп тұрмағанын тексеріңіз. ЖЕДЕЛ ЖƏРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КЕЛГЕНДЕ Науқасқа көмек көрсету үшін жедел жəрдем қызметі (ЖЖҚ) келгенде, олар науқасты бақылау үшін басқа дефибрилляторды қолдануы мүмкін. ЖЖҚ дəрігерлері өздерінің жабдығына қарай басқа түрлі электродтарды пайдалануы мүмкін. Мұндай жағдайда, SMART Pads II электродтарын алып тастау керек. ЖЖҚ қызметкері EMS FRx құрылғысында сақталған * соңғы қолданылған жиынтық деректерді көргісі келуі мүмкін. Жиынтық деректерді тыңдау үшін FRx шиқылдаған дыбыс шығарғанша i түймешігін басып ұстап тұрыңыз. ЕКЕРТПЕ: ЖЖҚ тобы SMART Pads II электродтарын науқастан алғаннан кейін, FRx құрылғысын қайтармас бұрын Нəресте/Бала кілтін суырыңыз да, пайдалануға дайын тұруы үшін жаңа электродтар жинағын орнатыңыз. ЕСКЕ САЛУ Электродтарды қолданар алдында науқас кеудесін кез келген медициналық таңғыштар мен жабысқыш заттардан тазартыңыз. Электродтарды қондырылған кардиостимулятордың дефибриллятордың үстіне қоймаңыз. Көзге көрінетін тыртық немесе хирургиялық тігіс аспап қондырылған жерді көрсетеді. Электродтардың науқасқа жанасқан басқа электродтар мен металл заттарға тиюіне жол бермеңіз. * Сақталған деректер туралы қосымша ақпарат алу үшін 4-Тараудың «HeartStart FRx қолданғаннан кейін» бөлімін қараңыз. 13

Егер электродтар нашар жабысса, электродтардың жабысқақ заты кеуіп қалмағанын тексеріңіз. Əр электродта жабысқақ гель қабаты болады. Егер гель ұстағанда жабыспаса, электродтардың жаңа жинағын салыңыз. (Ұстауға ыңғайлы болу үшін электродтардың ағытпа сымының маңайында гельсіз жер болады). Ырғақ талдауы кезінде науқасты жəне оның айналасын мүмкіндігінше тыныштықта сақтаңыз. Абайлаңыз шамы үздіксіз жанып тұрғанда немесе жыпылықтап тұрғанда науқасқа тимеңіз. Егер электр «бөгеуілінің» (артефакт) əсерінен FRx талдау жүргізе алмаса, ол сізге барлық қозғалысты тоқтату қажеттігін айтып, науқасқа соқтығуға болмайтынын есіңізге салады. Артефакт 30 секундтан артық жалғасса, FRx сізге бөгеуілдің себебін жоюға кідіріс беріп, сосын талдау жүргізуді жалғастырады. FRx разрядты нұсқау берілген жағдайда, жыпылықтап тұрған жалқын «Shock» (Pазряд) түймешігін басқан кезде ғана береді. Нұсқау берілгеннен кейін «Shock» (Разряд) түймешігі 30 секунд ішінде басылмаса, FRx өзін өзі өшіреді де (алғашқы ЖӨР интервалы үшін) жедел жəрдем қызметіне қоңырау шалуды есіңізге салады. Сосын ЖӨР аралығын бастайды. Бұл ЖӨР-ге кедергі келтіруді анағұрлым азайту үшін жəне науқасқа жəрдем көрсетуге көмектесу үшін жасалған. «Shock» (Разряд) түймешігінің басылуын күте тұрып, FRx жүрек ырғағын талдауды жалғастырады. Егер «Shock» (Разряд) түймешігі басылғанша науқастың жүрек ырғағы өзгеріп, разряд керек болмаса, дефибриллятор өздігінен тоқтап, разряд керек емес екенін хабарлайды. Кез келген себеппен дефибрилляторды қолданып жатқанда өшіргіңіз келсе, «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігін кем дегенде бір секунд басып тұру арқылы, құрылғыны күту режиміне қайтара аласыз. 14

4 HEARTSTART FRX ҚОЛДАНУДАН КЕЙІН ƏР ҚОЛДАНЫСТАН КЕЙІН 1. FRx құрылғысының сыртының зақымдалмағанын, кірлемегенін жəне ластанбағанын тексеріңіз. Егер зақымдану белгілерін байқасаңыз, техникалық қызмет көрсету үшін Philips компаниясына хабарласыңыз. Егер дефибриллятор кірлесе немесе ластанса, 5-Тараудың «HeartStart FRx құрылғысына техникалық қызмет көрсету» бөліміндегі нұсқауларға сəйкес тазалаңыз. 2. Бір рет пайдалануға арналған электродтарды пайдаланғаннан кейін ауыстыру керек. SMART электродтарының II пакетін ашып, электродтардың қабын шығарыңыз (А). Төтенше жағдай орын алып, электродтарды пайдалану қажет болмайынша, электродтар қабын ашпаңыз. Электродтардың кабель қосқышын FRx құралындағы ұяға жалғаңыз (B). Ашылмаған электродтар қабын дефибрилляторды тасымалдау қабындағы қалтада сақтаңыз. A. Электродтар қорапшасын қаптамадан алып шығыңыз. B. Электродтар ағытпасының сымын жалғаңыз. 3. Жаңа SMART электродтарының II жинағына арналған кабель қосқышын FRx құралына жалғаңыз. 4. Жабдықтардың жəне қосымша құралдардың жарамдылық мерзімдерін тексеріп, зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Қолданылған, зақымдалған немесе мерзімі өткен бұйымдарды ауыстырыңыз. Жаңа орнатылған электродтардың жарамдылық мерзімін жазу үшін, жаңа техникалық қызмет көрсету қағазын пайдаланыңыз. Қосалқы электродтарды жəне/немесе батареяны 15

ауыстырғанда, 2-тарауда көрсетілгендей, ауыстыру күнін міндетті түрде техникалық қызмет көрсету қағазына жазыңыз. Содан кейін, тексеру журналына/техникалық қызмет көрсету кітапшасына қол қойып, күнін жазыңыз. 5. Протокол бойынша батареяның салынған күйде қалуы талап етілмесе, батареяны бес секундқа шығарыңыз. Содан кейін, FRx құралының артқы жағында батареяның төменгі жағын (А) төменгі бөлікке салып, батареяның жоғарғы жағын орнына сырт етіп түскенше (В) басып, батареяны қайта салыңыз. Батареяны FRx құрылғысына салыңыз. 6. Батарея салынғанда, FRx құралы автоматты түрде өзіндік тексеруді іске қосады. Нұсқау берілгенде, «Соққы» түймесін жəне On/Off («Қосу/өшіру») түймесін басыңыз. Өзіндік тексерудің толық орындалуына мүмкіндік беріңіз. Өзіндік тексеру аяқталғанда, FRx құралы нəтиже есебін береді жəне төтенше жағдайда жасыл On/Off («Қосу/өшіру») түймесін басуды сұрайды. (Төтенше жағдай болмаса, жасыл түймені баспаңыз.) FRx құралы өшіп, күту режиміне өтеді. FRx құралының пайдалануға дайын екенін көрсететін жасыл «Дайын» жарығы жыпылықтайды. * ЕСКЕРТПЕ: FRx құралын əрдайым SMART электродтарымен бірге жəне батареясын салып сақтаңыз, сонда ол пайдалануға дайын болады жəне күнделікті өзіндік тексеруін орындайды. 7. Қажет болғанда дайын болуы үшін FRx құрылғысын орнына қойыңыз. Жаңартылған тексеру журналын/техникалық қызмет көрсету кітапшасын дефибриллятордың қабырға бекітпесіне немесе шкафына салыңыз. * Батарея салынып тұрғанда, FRx құрылғысын «өшірулі» күйіне қойса, ол күту режиміне өтеді, яғни қолданысқа дайын болады. 16

FRX ДЕРЕКТЕРІН САҚТАУ FRx өзінің соңғы клиникалық қолданылуы туралы деректерді ішкі жадында автоматты түрде сақтайды. Сақталған деректер дербес компьютерге немесе қолкомпьютерге Philips HeartStart «Event Review» Оқиға шолу деректер басқармасы бағдарлама бумасындағы тиісті қолданба арқылы оңай көшіріледі. «Event Review» Оқиға шолу бағдарламасы тек арнайы дайындықтан өткен адамдардың қолдануына арналған. HeartStart «Event Review» Оқиға шолу туралы ақпаратты www.philips.com/eventreview веб-торабынан қараңыз. FRx қолданғаннан кейін медициналық шолу үшін деректерді жылдам көшіруге қатысты жергілікті протоколды ұстаныңыз. * Деректерді көшіру жəне уақыт бойынша толық ақпарат «Event Review» Оқиға шолу құжаттарында берілген. FRx автоматты түрде сақтайтын ақпаратқа соңғы рет қолданылған деректер мен соңғы клиникалық қолданыстың толық деректері кіреді. Дефибриллятордың соңғы рет пайдаланылуы туралы ақпараттың дауыстық ақпаратын бір рет шиқ еткен дыбыс шыққанша i түймешігін басып тұру арқылы алуға болады. FRx сізге қанша разряд берілгенін жəне қанша уақыт қосулы тұрғанын хабарлайды. Жиынтық деректерді дефибриллятор пайдалануға дайын күйде немесе қолданыста болса (батарея мен электродтар орнатулы, дефибриллятор өшірулі), кез келген сəтте алуға болады. Батарея алынса, соңғы пайдалану туралы жиынтық деректер өшіріледі. Ішкі жадыда сақталатын соңғы қолданыс деректері: ЭКГ жазбалары (электродтар қолданылғаннан кейін көп дегенде 15 минут ) FRx режимі (бүкіл оқиға) FRx ырғақ талдау шешімдері (бүкіл оқиға) сақталған оқиғаларға байланысты өткен уақыт (бүкіл оқиға) * FRx өзінің соңғы клиникалық қолданылуы туралы деректерді ішкі жадында автоматты түрде кем дегенде 30 күн сақтайды. Демек, деректерді тиісті «Event Review» Оқиға шолу бағдарламасын іске қосу арқылы шығарып алуға болады. (Осы кезеңде батарея шығарып алынса да, дефибриллятор файлдарды сақтап қалады). Батарея қайта енгізілген кезде, соңғы рет қолданылған ЭКГ жазбалары дефибриллятор жадында тағы 30 күн сақталады). Осы мерзім өткеннен кейін, соңғы рет қолданылған ЭКГ жазбалары келешекте пайдалануға дайындалу үшін автоматты түрде өшіріледі. Егер алдыңғы ЭКГ жазбалары өшірілмеген болса, жаңа ЭКГ жазбаларының ең көп уақыты азаяды. 17

5 FRX HEARTSTART ҚҰРЫЛҒЫСЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КҮНДЕЛІКТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ FRx құрылғысын күтіп ұстау өте оңай. Дефибриллятор өзіндік тексерісті күнделікті жүргізеді. Сондай-ақ батареяның алып-салу өзіндік тексерісі батарея құрылғыға салынған сайын жүргізіледі. Дефибриллятордың кең ауқымды өзіндік автоматты тексерістері қолмен жасалатын кез келген баптау қажеттігін азайтады. АБАЙЛАҢЫЗ: электр тогы соғу қатері бар FRx құрылғысын ашпаңыз, қақпақтарын алмаңыз немесе жөндеуге тырыспаңыз. FRx ішінде пайдаланушы жөндей алатын бөлшектер жоқ. Жөндеу қажет болса, FRx құрылғысын өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз. ЕСКЕ САЛУ: Дефибрилляторды орнатылған электродтар жинағынсыз қалдырмаңыз; дефибриллятор шиқылдаған дыбыс шығарып, i түймешігі жыпылықтай бастайды. FRx енгізілген Нəресте/Бала кілтімен бірге сақтамаңыз. FRx өзіндік тексерістерді күнделікті жүргізеді. Жасыл «Дайын» шамы жанып тұрғанда дефибрилляторды батареяны алып-салу өзіндік тексерісі арқылы тексерудің қажеті ЖОҚ. Бұл батареяның қуатын қажет ететіндіктен, батарея қуатының мерзімнен бұрын таусылуына əкеледі. 18

МЕРЗІМДІК ТЕКСЕРІСТЕР FRx құрылғысын əр қолданғаннан кейін ұсынылатын тексеруден бөлек, техникалық қызмет көрсету келесі мерзімдік тексерістермен шектеледі: Жасыл «Дайын» шамын тексеріңіз. Егер жасыл «Дайын» шамы жыпылықтамаса,төмендегі Ақаулықтарды түзету кеңестерін қараңыз. Пайдаланылған, зақымдалған немесе жарамдылық мерзімі өткен жабдықтарды ауыстырыңыз. Дефибриллятордың сыртын тексеріңіз. Егер шытынағаны немесе басқаша зақымдалғаны байқалса, Philips техникалық қызмет көрсету үшін Philips компаниясына хабарласыңыз. Əрбір кезеңдік тексеруді тексеру журналына/техникалық қызмет көрсету кітапшасына жазыңыз. FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫН ТАЗАЛАУ HeartStart FRx сыртын сабынды суға, ағартқыш (судың бір квартасына немесе литріне екі ас қасық), аммоний негізді тазартқыштар немесе 70% изопропил спиртіне (ысқыш) малынған жұмсақ шүберекпен тазартуға болады. Тасымалы қорапшаны сабын суға малынған жұмсақ шүберекпен сүрткен жөн. ЕСКЕ САЛУ: FRx пен оның керек-жарақтарын тазалау үшін ацетон, ацетон негізді тазартқыштар, түрпілі материалдар немесе ферментті тазартқыштар сияқты күшті еріткіштерді қолданбаңыз. FRx құрылғысын сұйық затқа батырмаңыз. FRx құрылғысын немесе оның керек-жарақтарын зарарсыздандырмаңыз. FRX ҚҰРЫЛҒЫСЫНАН АРЫЛУ FRx пен оның керек-жарақтарын жергілікті заңнамаға сəйкес қоқысқа тастау керек. 19

АҚАУЛЫҚТАРДЫ ТҮЗЕТУ КЕҢЕСТЕРІ FRx жасыл «Дайын» шамы дефибриллятордың қолдануға даярлығын білдіретін нұсқау. Егер жасыл «Дайын» шамы жыпылықтап тұрса: FRx батареяны алып-салу өзіндік тексерісінен жəне соңғы мерзімдік тексерістен өтіп, қолдануға даяр. Егер жасыл «Дайын» шамы үздіксіз жанып тұрса: FRx қолданыста немесе өзіндік тексерісті жүргізуде. Егер жасыл «Дайын» шамы сөніп, FRx шиқылдаған дыбыс шығарып, i түймешігі жыпылықтап тұрса: Өзіндік тексеріс қатесі орын алды, электродтарда ақаулық бар, Нəресте/ Бала кілті енгізулі қалған немесе батарея қуаты таусылған. Нұсқау алу үшін i түймешігін басыңыз. Егер жасыл «Дайын» шамы сөніп, бірақ FRx шиқылдаған дыбыс шығармаса жəне i түймешігі жыпылықтамаса: батарея енгізілмеген, батареяның қуаты түгел таусылған немесе дефибрилляторды жөндеу керек. Батареяны енгізіңіз/ ауыстырыңыз жəне өзіндік тексерісті жүргізіңіз. FRx өзіндік тексерістен өткеннен кейін ол қолдануға дайын. Тексеріс жəне ақаулықтарды түзету туралы толығырақ ақпаратты G Тіркемесінен қарауға болады 20

ЕСКЕРТПЕЛЕР 21

ТІРКЕМЕЛЕР A B C D E F Керек-жарақтар Терминдер сөздігі Белгілер/басқару элементтері сөздігі Ескертулер жəне сақтық шаралары Техникалық ақпарат Теңшелім G Тексеріс жүргізу жəне ақаулықтарды түзету H Европа Одағының стандарттар талаптарының сəйкестігі үшін қосымша техникалық деректер қажет 22

A КЕРЕК-ЖАРАҚТАР HeartStart FRx 861304 Дефибрилляторына арналған * керекжарақтарды Philips жергілікті өкілінен немесе www.philips.com/heartstart веб-торабынан алуға болады. Батарея (қосалқы жұбы болғаны дұрыс) [REF: M5070A] HeartStart SMART электродтары II [REF: 989803139261] (қосалқы жұбы болғаны дұрыс) Тасымалы қорапша FRx тасымалы қорапшасы [REF: 989803139251] Пластмассадан жасалған суға төзімді тасу сөмкесі [REF: YC] Қораптар жəне қабырғаға бекіту құралдары AED қабырғаға бекіту кронштейні [REF: 989803170891] Бетке бекітілетін негізгі қорап [REF: 989803136531] Бетке бекітілетін бастапқы қорап [REF: PFE7024D] Дефибриллятор қаптамасы, жартылай томпақ [REF: PFE7023D] AED таңбалары AED ақпараттық жапсырмасы, қызыл [REF: 989803170901] AED ақпараттық жапсырмасы, жасыл [REF: 989803170911] AED қабырға белгісі, қызыл [REF: 989803170921] AED қабырға белгісі, жасыл [REF: 989803170931] Нəресте/Бала Кілті [REF: 989803139311] Жедел əрекет жинағы (қалта бетпердесі, бір дүркін пайдаланылатын ұстара, бір дүркін пайдаланылатын 2 жұп қолғап, фельдшерлік қайшы, сорғыш сүлгі салынған қапшық) [REF: 68-PCHAT] ТІРКЕМЕЛЕР * Белгілі бір керек-жарақтар Америка Құрама Штаттарынан жаздыртып алу керек болады. 23

ТІРКЕМЕЛЕР Дерек басқару бағдарламасы HeartStart Configure бағдарламалық құралы [REF: 861487] HeartStart Data Messenger бағдарламалық құралы [REF: 861451] HeartStart Event Review бағдарламалық құралы [REF: 861489] HeartStart Event Review Pro бағдарламалық құралы [REF: 861431] HeartStart Event Review Pro бағдарламалық құралы, жаңарту [REF: 861436] HeartStart «Event Review» оқиға шолу бағдарламасымен бірге қолданылатын инфрақызыл адаптер [REF: ACT-IR] HeartStart FRx дефибриллятордың қысқаша анықтамалық нұсқаулығы [REF: 989803167331] Жаттығу HeartStart Training Pads II жаттығу электродтары (арнайы қорапқа салынған Training Pads II жаттығу электродтарының бір жинағы, ересектерге арналған электродтарды орналастыру нұсқаулығы, Пайдаланушы нұсқаулығы жəне иллюстрациялы нұсқаулық салынған қорапша) [REF: 989803139271] Ауыстырмалы Training Pads II жаттығу электродтары (бір дүркін пайдаланылатын астары бар жаттығу электродтарының жұбы HeartStart Training Pads II жаттығу электродтары салынған арнайы қорапшамен бірге қолданылады) [REF: 989803139291] Ересектер электродтарын орналастыру нұсқаулығы [REF: M5090A] Нəресте/Бала электродтарын орналастыру нұсқаулығы [REF: 989803139281] HeartStart FRx дефибриллятор нұсқаушысының жаттығу құралдары жинағы, «NTSC» ТЖҰК [REF: 989803139321] немесе «PAL» ФСӨ [REF: 989803139331] HeartStart FRx дефибрилляторы бойынша DVD жаттығу дискі [REF: 989803139341] Ішкі манекен адаптері [REF: M5088A] Сыртқы манекен адаптері, 5 бума [REF: M5089A] 24

B ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ Осы сөздікте берілген терминдер Philips HeartStart FRx 861304 дефибрилляторына жəне оны пайдалануға қатысты беріледі. HeartStart Event Review Дерек басқару бағдарламаларының жиыны дайындықтан өткен қызметкерлердің FRx дефибрилляторын науқасқа пайдаланылуын шолуы мен талдауына жəне уəкілетті қызметкерлердің FRx теңшелімін өзгертуіне арналған. Ақпарат Philips Medical Systems компаниясының www.philips.com/eventreview веб-торабында берілген. NSA «No Shock Advised» разряд бермеу ұсынысы науқастың жүрек ырғағын талдаудың негізінде HeartStart FRx дефибрилляторы разряд керек емес деп қабылдайтын шешім. NSA кідірісі HeartStart FRx дефибрилляторының Разряд бермеуді ұсынған (РБҰ) шешімінен кейінгі кідіріс. Кідірісті «стандартты» NSA (РБҰ) кідірісі немесе «SMART» «NSA» кідірісі түрінде теңшеуге болады. Стандартты NSA кідірісі кезінде дефибриллятор науқас ырғағының өңдік бақылауын жүргізбейді. SMART NSA кідірісі кезінде дефибриллятор өңдік бақылау жүргізеді жəне артефакт жоқ разряд беріле алатын ырғақты айқындаса, кідірістен шығып, ырғақ талдауын бастайды. Егер HeartStart FRx құрылғысы ЖӨР арқылы жасалған артефакты айқындаса немесе егер пайдаланушы SMART NSA кідірісі кезінде ЖӨР нұсқауларын алу үшін i түймешігін басса, ЖӨР кедергісіз аяқталуы үшін, дефибриллятор ырғақ талдау кідірісінен шықпайды. ТІРКЕМЕЛЕР «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігі HeartStart FRx дефибрилляторының алдыңғы жағындағы көк түсті «information» (ақпарат) түймешігі. Дефибриллятор күту режимінде тұрғанда, «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігі басылса, дефибриллятор іске қосылады; дефибриллятор қосулы тұрғанда «On/Off» (Қосу/ Өшіру) түймешігін бір секунд басып ұстап тұрса, дефибриллятор сөніп, бейтарап күйге көшеді. Сонымен қатар, «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігі басылса, батарея енгізілген кезде автоматты түрде басталатын батареяны енгізудің өзіндік тексерісін тоқтатады. «Shock» (Разряд) түймешігі HeartStart FRx дефибрилляторының алдыңғы жағындағы найзағай белгісі бар жалқын түсті шам. «Shock» (Разряд) түймешігі разряд беру керек болғанда жыпылықтайды. Разряд беру үшін түймешікті басу керек. 25

SMART бифазалық толқыны HeartStart FRx дефибрилляторы қолданатын патенттелген, қуатты аз жұмсайтын разрядты толқын. Бұл импедансты компенсациялайтын бифазалық толқын. Ол 50 Ом кедергіге тең 150 Дж атаулы қуат береді; Нəресте/Бала кілті енгізілгенде, 50 Ом кедергіге тең 50 Дж атаулы қуат береді. SMART NSA кідірісі «NSA кідірісі» бөлімін қараңыз SMART Pads II Кез келген жастағы жəне салмағы əр түрлі науқастарды дефибрилляциялау үшін HeartStart FRx дефибрилляторымен бірге қолданылатын жабысқақ электродтар. Электродтар науқастың жалаңаш денесіне қою арқылы жүрек ырғағын анықтау жəне дефибрилляциялық разряд беру үшін қолданылады. SMART талдауы Науқастың жүрек ырғағын талдау үшін жəне разряд беруге болатынын айқындау үшін HeartStart FRx дефибрилляторы қолданатын арнайы алгоритм. ТІРКЕМЕЛЕР «Абайлаңыз» шамы АСД АСД режимі HeartStart FRx дефибрилляторының алдыңғы жағындағы шам, ырғақ талдау кезінде жыпылықтап тұрады, ал разряд берілгенде, науқасқа тиісуге болмайтынын ескертіп, үздіксіз жанып тұрады. Автоматты сыртқы дефибриллятор (жартылай автоматтандырылған дефибриллятор). HeartStart FRx дефибрилляторы бойынша стандартты емдеу режимі Ол жабысқақ электродтарды қолдану, ырғақ талдауын күту жəне қажет болғанда разряд беру арқылы құтқарушыға дауыстық нұсқау береді. аритмия Жүректің ауырып, көбінесе ырғақсыз соғуы. артефакт Электр «бөгеуіліне» бұлшық ет қозғалысы, жүрек-өкпе реанимациясы, науқасты тасымалдау немесе статикалық электр тогы сияқты ырғақ талдауына кедергі жасайтын жайттар себеп болады. батарея HeartStart FRx дефибрилляторын іске қосу үшін литийлі марганецті диоксидті бітеу батарея қолданылады. Ол дефибриллятордың артындағы ұяшыққа дəл келетін қаптамада болады. «Дайын» шамы HeartStart FRx дефибрилляторының қолдануға даярлығын көрсететін жасыл түсті LED (жарық диодты) шам. Жыпылықтаған «Дайын» шамы дефибриллятордың қолдануға даярлығын, ал үздіксіз жанған «Дайын» шамы дефибриллятордың қолданыста екенін білдіреді. дефибрилляция Электр қуатын қолдану арқылы жүрек фибрилляциясын тоқтату. 26

ЖӨР Жүрек-өкпе реанимациясы Жасанды тыныс алдыру жəне жүректі компрессиялық қысу. Жылдам разряд FRx дефибрилляторының науқасты емдеу кідірісінен кейін, əдетте 8 секунд ішінде дефибрилляциялық разряд беру қабілеті. Жүрек-өкпе реанимациясы нұсқамалығы Жүрек-өкпе реанимациясы, соның ішінде қолдың орналасуын, құтқару үшін тыныс алдыру, компрессиялық қысу тереңдігі мен уақыты бойынша негізгі ауызша нұсқаулар науқасты емдеудің 30 секундтық аралығында көк шамды i түймешігі басылғанда FRx дефибрилляторы арқылы беріледі. жүректің кенеттен тоқтауы (ЖКТ) Естен тану, тыныс алмау жəне тамыр соқпаумен бірге жүретін жүрек соғу ырғағының кенеттен тоқтауы. инфрақызыл (ИҚ) хабарлар науқасты емдеу кідірісі күту режимі мерзімдік өзіндік тексерістер Жарық спектрінің белгілі бір бөлігін қолданып ақпарат жіберу əдісі. Ол HeartStart FRx дефибрилляторы мен HeartStart Event Review бағдарламасы орнатылған компьютер арасында ақпарат алмасу үшін қолданылады. ЖӨР-ге рұқсат етілген белгілі бір уақыт. «NSA кідірісі» жəне «протокол кідірісі» бөлімін қараңыз. HeartStart FRx дефибрилляторының жұмыс режимі деп батарея салынған, құрылғы өшірулі, жəне керек болғанда пайдалануға дайын режимді айтады. Жыпылықтаған жасыл «ДАЙЫН» шамы арқылы көрсетіледі. HeartStart FRx дефибриллятор күту режимінде тұрғанда автоматты түрде күн сайын, жұма сайын жəне ай сайын іске асырылады. Тексеріс дефибриллятордың маңызды функциялары мен параметрлерін, соның ішінде батареяның қуатын, электродтардың даярлығын жəне ішкі электр тəсімінің күйін тексереді. ТІРКЕМЕЛЕР Нəресте/Бала кілті «Кілт» ЖКТ (жүректің кенет тоқтауы) ықтимал науқасы 25 кг жеңіл немесе 8 жастан кіші болғанда дефибрилляциялау үшін ұсынылады. FRx алдыңғы тақтасындағы арнайы кертікке енгізілген Нəресте/Бала кілті электродтардың осы жас науқастарда дұрыс орналасуын жарық белгішелер арқылы көрсетеді. Нəресте/Бала кілті енгізілгенде, HeartStart FRx берілетін разрядтың қуатын 50 Дж-ге дейін автоматты түрде азайтып, егер таңдалса, нəрестелер мен балалар үшін тиісті ЖӨР нұсқауларын береді. протокол AED режимінде науқасты емдеуді бағыттау үшін HeartStart FRx дефибрилляторы атқаратын операциялар тізбегі. протокол кідірісі Разрядтар қатарынан кейін HeartStart FRx дефибрилляторы беретін осы уақыт ішінде орындаушы ЖӨР жүргізе алады. Дефибриллятор 27

осы кідіріс кезінде науқастың жүрек ырғағының өңдік бақылауын жүргізбейді. разряд беруге болатын ырғақ HeartStart FRx дефибрилляторы дефибрилляциялауға жарамды деп таныған қарынша фибрилляциясы жəне жүректің кенеттен тоқтауымен байланысты болатын кейбір қарынша тахикардиясы сияқты жүрек ырғағы. разряд берілмейтін ырғақ HeartStart FRx дефибрилляторы дефибрилляциялауға жарамсыз деп таныған жүрек ырғағы. стандартты NSA кідірісі «NSA кідірісі» бөлімін қараңыз. талдау «SMART талдауы» бөлімін қараңыз. ТІРКЕМЕЛЕР теңшелім толқын фибрилляция i түймешігі HeartStart FRx дефибрилляторының барлық жұмыс мүмкіндіктерінің параметрлері, соның ішінде емдеу протоколы. Өндірушінің стандартты теңшелімін HeartStart Оқиға шолу бағдарламасын пайдаланатын уəкілетті қызметкерлер өзгерте алады. «SMART бифазалық толқын» бөлімін қараңыз. Жүректің қалыпты ырғағының бұзылуы, қан дұрыс айдалмайтын бейберекет, ретсіз нəтижеге əкеледі. Қарынша фибрилляциясы (астыңғы жүрек камераларының фибрилляциясы) жүректің кенет тоқтауына байланысты жайт. HeartStart FRx дефибрилляторының алдыңғы жағындағы көк түсті «information» (ақпарат) түймешігі. Егер i түймешігі науқасты емдеудің 30 секундтық аралығында жыпылықтаған кезде басылса, FRx құрылғысы ЖӨР нұсқауларын береді; * егер i түймешігі ол жыпылықтап, ал FRx шиқылдап тұрғанда басылса, FRx ақаулық түзету нұсқауларын береді. Басқа уақытта, i түймешігін басып, ол бір рет шиқ етсе, FRx соңғы клиникалық қолданылуы жəне құрылғының күйі туралы жиынтық мəлімет береді. i-button үздіксіз жанып тұрса (жыпылықтамай), пайдаланушының науқасқа жанасуына болатынын білдіреді. ЭКГ Электрокардиограмма, дефибрилляция электродтарының көмегімен анықталатын жүректің электрлік ырғағының жазбасы. электродтар «SMART Pads II» бөлімін қараңыз. ырғақ талдау «SMART талдауы» бөлімін қараңыз. * SMART NSA (РБҰ, разряд бермеу ұсынысы) аралығында ЖӨР нұсқаулығы үшін i түймешігі басылса, өңдік бақылау ажыратылады. 28

C БЕЛГІЛЕР/БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ СӨЗДІГІ белгі сипаттамасы «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігі. Жасыл. Дефибриллятор күту режимінде тұрғанда «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігін басылса, дефибриллятор іске қосылады; дефибриллятор қосулы тұрғанда «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігін басып, бір секунд ұстаса, дефибриллятор сөніп, бейтарап күйге көшеді. Сонымен қатар, «On/Off» (Қосу/Өшіру) түймешігі басылса, батарея енгізілген кезде автоматты түрде басталатын батареяны енгізудің өзіндік тексерісін тоқтатады. Ақпарат түймешігі (i түймешігі). Көк. Егер науқасты емдеу кідірісі кезінде жыпылықтаған i түймешігі басылса, əдепкі теңшелген ЖӨР нұсқаулары беріледі; ол жыпылықтап, ал дефибриллятор шиқылдап тұрғанда басылса, ақаулық түзету нұсқаулары беріледі. Басқа уақытта, ол шиқылдағанша басылса, дефибриллятордың соңғы клиникалық қолданылуы туралы жиынтық мəлімет беріледі. Күту режимінде жылдам басылса, құрылғының күйі туралы мəлімет беріледі. «Абайлаңыз» шамы. Ырғақ талдау кезінде жыпылықтап тұрады, ал разряд берілгенде, науқасқа тиісуге болмайтынын ескертіп, үздіксіз жанып тұрады. «Shock» (Разряд) түймешігі. Қызғылт сары. Разряд қажет болса, дефибриллятор қосулы тұрғанда жыпылықтайды. Науқасқа разряд беру үшін дефибриллятор пайдаланушыны «Shock» (Разряд) түймешігін басуға бағыттайды. Іске пайдалану нұсқаулығын қараңыз. ТІРКЕМЕЛЕР Литийлі марганецті диоксидті батарея. Орамда бір батарея болады. Батареяны қиратуға болмайды. Батареяны қатты қызудың немесе ашық жанған оттың əсеріне ұшыратпаңыз. Батареяны отқа жақпаңыз. 29

белгі сипаттамасы Батареяны бұзуға немесе сауытын ашуға болмайды. Ылғал тигізбеңіз. Сақтықпен пайдаланыңыз. Үстіңгі жағы. ТІРКЕМЕЛЕР Дефибрилляциядан қорғау. Дефибрилляциядан қорғалған, BF тұрпатты науқас қосылымы. Су өтуінен тұмшаланған IPx5 сыныпты IEC 529 талаптарына жəне қатты зат өтуінен тұмшаланған (шаңнан қорғалған) IP5x сынып талаптарына сай келеді. Канада Стандарттар Қауымдастығы сертификаттаған. Mедициналық жабдық бойынша Eуропалық 93/42/EEC нұсқауларының талаптарына сай. Қолданыстағы Еуропалық нұсқауларының талаптарына сай. Қайта өңделген қағазға басылған. Сақтау талаптары (тиісті термометр белгісіне қатысты). Тасымалдау (тиісті термометр белгісіне қатысты). Қоршаған ортаға (температура жəне салыстырмалы ылғалдылық) қойылатын талаптар. 30

белгі сипаттамасы Батареяны дефибрилляторға тиісті затбелгіде көрсетілген мерзімге (АА-ЖЖЖЖ) дейін салыңыз. Тапсырыс нөмірі. Сериялық нөмірі. Партия нөмірі. Шығарылған күні (тек 989803139301). Аралас қатерлі бұйымдардың 9-сыныбы. (Жүк ұшақтарының тасымалдау ережелері бойынша литийлі батареялары бар жүкті айқындау үшін бұл белгі сыртқы орамда көрсетілуге тиіс). HeartStart SMART Pads II электродтары (тек 989803139261). Бұл электродтар бір дүркін əрі бір науқасқа ғана қолданылады. Құрамы: екі дефибрилляциялау электродының бір жинағы. ТІРКЕМЕЛЕР Электродтарды 0 50 C температура аралығында сақтаңыз. Бұл өнімнің құрамында табиғи каучукті латекс жоқ. Бұл өнім зарарсыздандырылмаған. > 24h Электродтарды 24 сағаттан кейін ауыстырыңыз. Жарамдылығы (тиісті мерзім кодын қараңыз). 31

белгі сипаттамасы Жарамдылық мерзімі. Федералдық заңнама (АҚШ) бойынша осы құрылғы тек дəрігер тарапынан немесе дəрігердің тапсырысы бойынша ғана сатылады. Laerdal дефибрилляторының 911, 1000, 2000, немесе 3000 үлгілерімен бірге қолдануға арналмаған. HeartStart HS1 дефибрилляторлары, соның ішінде HeartStart Home жəне HeartStart OnSite үлгілерімен бірге қолдануға арналмаған. Philips HeartStart ағытпа порттарына, соның ішінде FR2+ жəне MRx порттарына дəл келеді. ТІРКЕМЕЛЕР 1 Электродтарды орналастыру. Салмағы 25 кг аз нəрестелер мен балаларға қолдануға арналған. Нəресте/Бала кілтін FRx ұясына салыңыз. 2 Ұлттық немесе жергілікті талаптарға сай жойыңыз. Осы құрылғының 2010 нұсқаулары бойынша оңтайландырылғанын көрсетеді. 32

D ЕСКЕРТУЛЕР ЖƏНЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ. HeartStart FRx дефибрилляторын қауіпсіз пайдалану жолын білудің маңызы зор. Осы ескертулер мен сақтық шараларын мұқият оқып шығыңыз. Ескерту адамның жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін жайтты сипаттайды. Сақтық шарасы адамның жеңіл жарақат алуына, FRx құрылғысының бүлінуіне, FRx құрылғысында сақталған деректердің жоғалуына себеп болатын немесе дефибрилляциялаудың сəтті болу мүмкіндігін азайтатын жайтты сипаттайды. жанғыш газдар батарея ЕСКЕРТПЕ: HeartStart FRx дефибрилляторы Philips құптаған керекжарақтармен бірге қолданылатын етіп жасақталған. Құпталмаған керек-жарақтар қолданылса, FRx дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. ЕСКЕРТУЛЕР FRx жанғыш газдар бар жерде, мысалы, оттегі шатырында пайдаланылса, жарылыс қатері болады. Қосымша оттегілі немесе оттегі беретін дефибрилляциялық электродтардан аулақ əкетіңіз. (Дегенмен, егер оттегі бетпердесін кисе, FRx пайдалануға болады). HeartStart M5070A батареялары қайта зарядталмайды. Батареяны қайта зарядтауға, ашуға, сындыруға немесе жағуға əрекет жасамаңыз, əйтпесе ол жарылуы немесе от шығаруы мүмкін. ТІРКЕМЕЛЕР сұйық заттар FRx ішіне сұйық заттың өтуіне жол бермеңіз. FRx пен оның керекжарақтарына сұйық зат төгіп алудан сақтаныңыз. FRx ішіне сұйық зат шашыраса, оны зақымдауы, өрт шығуына немесе ток соғуына əкелуі мүмкін. FRx немесе оның керек-жарақтарын зарарсыздандырмаңыз. керек-жарақтар Бұзылған немесе жарамдылық мерзімі өткен жабдық пен керекжарақтарды пайдалану HeartStart FRx дефибрилляторының қате жұмыс істеуіне жəне/немесе науқастың не пайдаланушының жарақат алуына себеп болуы мүмкін. науқасты қозғалту FRx жүрек ырғағын талдап жатқанда жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу немесе науқасты қозғап, жылжыту талдаудың қате болуына немесе кешеуілдеуіне себеп болуы мүмкін. Егер науқасты қозғаған немесе жылжытқан кезде FRx разряд беруді ұсынса, көлікті немесе 33